О программе развития и поддержки малого и среднего предпринимательства в области на 2003 - 2005 годы Қолданыста
Басқа 0
2003 - 2005 жылдарға арналған облыста шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау бағдарламасы туралы
Облыс экономика департаментiнiң бастығы М.З. Қажыкеннiң 2003 - 2005 жылдарға арналған облыста шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған 2003 - 2005 жылдарға арналған облыста шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау бағдарламасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс қаржы департаментi Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Экономика департаментi жыл сайын 15 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.