О региональной программе борьбы с коррупцией на 2003-2005 годы в Западно-Казахстанской области и плане мероприятий по ее выполнению Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетің 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-2 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 534 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" 2001 жылғы 11 сәуірдегі N 487 және "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы" 2000 жылдың 25 мамырдағы N 789 қаулыларына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін (жалғанады).
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық
БАҒДАРЛАМАСЫ
Облыстық мәслихаттың
2003 жылғы 23 тамыздағы
N 34-8 шешiмiне
қосымша
Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық
БАҒДАРЛАМАСЫ
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы:
Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіз болғандар:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 534 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" 2001 жылғы 11 сәуірдегі N487 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 461 қаулысымен енгізілген өзгерістер
Бағдарламаны негiзгi әзiрлеушiлер:
Облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк- құқықтық жұмыстар бөлiмi, облыстық Тәртіптік кеңес, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы, Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаменті, Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық әділет басқармасы
Бағдарламаны іске асыру мерзімі мен кезеңдері:
2003-2005 жылдары
Қаржыландыру көздері:
Қаржы қажет етілмейді
Тарау 2. 2. Кiрiспе
2. Кiрiспе
Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық басқармасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстанды дамытудың 2030 жылдарға дейiнгi стратегиясын, Қазақстан Республикасының«"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын және 2005 жылға дейiнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" қаулысын іске асыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы әрекет еткен жылдарда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын қию және жою жөніндегі жұмыстар бұрынғыдан да жүйелi, дәйектiлiк сипатта бола түсті.
Бұл бағдарлама бірінші кезекте, ең алдымен экономикалық салада сыбайлас жемқорлықты туындататын жағдайларды табудың және жоюдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған.
Бағдарламаға мемлекеттік органдар жүзеге асыратын іс-шаралармен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күреске азаматтық қоғамның басқа да құрылымдарын белсенді тарту енгізілген.
Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарына, олардың сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын кеңінен және дұрыс жариялап отырудағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндірудегі, қоғамда қылмыс пен жемқорлық жағдайларды болдырмаудағы мүмкіндіктеріне айрықша роль беріледі.
Тарау 3. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң жағдайына талдау
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң жағдайына талдау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында жүргізіліп отырған мақсатты мемлекеттік саясат, қоғамда мұндай көріністерге төзбеушіліктің өсе түсуі бұл проблеманы бір нүктеден қозғауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын іске асыру мемлекеттік қызметшілер арасында тәртіпті нығайтуға мүмкіндік жасады. Жемқорлық құқық бұзушылықтың барлық фактілері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етіліп отырылады, бұл қоғамда үлкен пікір туғызды, мұның өзі оның алдын алу мен сақтандырудың белгілі бір әсерлі құралы болды.
Құқық қорғау және арнаулы органдардың міндеттерін жіктеу және нақтылау, олардың құрылымдарын оңтайландыру, қызмет жүйесін жетілдіру, міне мұның бәрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартылған қызметкерлердің кәсіптік деңгейінің өсуіне, азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтауға мүмкіндік берді.
Құқық қорғау органдары және арнаулы қызметтер тарапынан ескерту және алдын алу шараларының күшейтілуі нәтижесінде сыбайлас жемқорлықпен одан әрі тегеурінді күрес жүргізуге мүмкіндік жасалды.
Күрестің бастапқы кезеңінде мемлекеттік органдардың қызметі сыбайлас жемқорлықтың зардаптарымен күресуге бағытталды. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою жөніндегі жүйелі жұмысқа емес, жекелеген жемқорлық көріністердің жолын кесуге көп күш-жігер жұмсалды
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің қазіргі кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жөніндегі орта жылдамдықтағы бағдарламада сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды табуға және оның өрісін тарылтуға бағытталған ірі көлемдегі нақты шаралар қарастырылуы тиіс.
Елімізде жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлықпен күрестің барысы туралы халықты ұдайы хабардар ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттап отыру, қоғамда жемқорлық көріністерге төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға, өкіметке деген сенімнің артуына мүмкіндік туғызатындай болуы тиіс.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның басты мақсаттары:
облыста сыбайлас жемқорлықпен күресудiң тиімді бiрыңғай мемлекеттiк саясатын жүргiзу;
мемлекеттік қызметтің барлық салаларында және жеке адамдар өмірінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін, оның көріністерін кеміту;
қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту;
жемқорлыққа қарсы әрекеттi жүзеге асыратын жүйелердiң бiр iздiлiгiн, тұтастығын және аяқталушылығын қамтамасыз ету.
Алға қойылған мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн төмендегiдей басым мiндеттердi шешу қажет:
мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тікелей араласуын кеміту;
жемқорлықтың көзi - "көлеңкелi экономикаға"»қарсы әрекет жөнiнде нақты және батыл шаралар алу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты және осы бағдарламаның шараларын насихаттауда және iске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң ролiн арттыру;
бұқараның қалың топтарын, жұртшылықты жемқорлықпен күресу жөнiндегi белгiленген шараларды iске асыруға қатыстыруға тарту, әрбiр ұжымда жемқорлық көрiнiстерге қарсы әрекет жасау және қабыл алмау жағдайларын жасау.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары
Облыстың барлық мемлекеттiк органдарында және ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн шектеуге бағытталған ұйымдық және практикалық шаралар жоспарын әзiрлеу және iске асыру.
Жемқорлық құқық бұзушылық үшiн жауапқа тартылған азаматтар, сондай-ақ жемқорлыққа қатысы бар кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi туралы бiрыңғай мәлiметтер банкiн құру.
Мемлекеттiк қызметтiң беделiн көтеру. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн қатаң сақтауын қамтамасыз ету, тапсырылған жұмыс үшiн жеке дара жауапкершiлiгiн арттыру. Мемлекеттiк қызметшiлердi материалдық ынталандырудың тиiмдi шараларын қолдану.
Мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiнде кадрлар резервiн тиiмдi пайдалануды және кадрлар алмасушылығын қамтамасыз ету. Мемлекеттiк қызметке жылжыту кезiнде сүйемелдеушiлiк пен топтық байланыстың жағымсыз әсерлерiн жою.
"Көлеңкелі экономиканы"»қысқартуға жәрдемдесетін экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау, өкiлдi мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау функцияларды орындауын қатаң сақтауды қамтамасыз ету, олардың қызметінің мөлдірлігіне қол жеткізу.
Бюджеттік саланы нығайту. Бюджет тапшылығын қысқарту, бюджет тәртібін нығайту және бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету. Барлық деңгейде бюджеттің нақты және іске асырылатындығын қамтамасыз ету.
Заңсыз жолмен капитал жинауға мүмкiндiк туғызатын тетiктер мен жағдайларды анықтау.
Валюталық және экспорттық-импорттық операцияларды қадағалаудың тиімділігін арттыру.
Мемлекеттік меншік объектілерін басқаруға беру туралы келісім шарттардың, келісімдердің, мемлекет қаржысын пайдаланылуын тексеру және бақылап отыру. Мемлекет құралдары мен мүліктерінің амортизациясын бақылауды және есептен шығаруды қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы қызметіне кешенді банк бақылауын жүзеге асыру. Экономикалық қызметтің барлық салаларында меншіктің барлық түрлері бойынша экономикалық және құқықтық теңдікті жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Облыстың барлық мемлекеттік органдары қабылдайтын шешімдердің құқықтық жағынан таза реттемелілігін, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік сатып алуларды, жекешелендіру жөніндегі саудаларды орналастыру жөнінде конкурстар өткізу.
Бюджеттік қаржыларды, облыс бюджетінің кепілдігіне алынған шетелдік инвестицияларды, займдарды пайдалану тетіктерінің мөлдірлігін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта құруға жәрдемдесу.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын табиғи монополия субъектілерінің қаржы қызметі қорытындылары туралы есептер жариялау.
Құқық қорғау органдары құрылымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін арттыру.
Кадр іріктеуде мөлдірлікті, тұрақтылық үшін құқық қорғау құрылымдарынан дайындығы мол мамандардың кетіп қалуының алдын алуды қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жұртшылықты ұдайы хабардар етіп отыру. Қоғамда жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қазіргі заңнамалардың ережелерін түсіндіру.
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтасты жасауы.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқық қорғау органдарының беделі мен ролін, сондай-ақ қызметкерлердің беделін көтеру, насихатты кеңінен жүргізе отырып, азаматтардың заңды орындауға, заң бұзушылыққа, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде мүдделі органдардың жұмыс тәжірибесін алмасу, бірлескен перспективалық шаралар әзірлеу.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны іске асырудың тетіктері
6. Бағдарламаны іске асырудың тетіктері
Барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленетін болады. Жоспарда нақты шаралар мен оның орындалу мерзімдері, жауапты құрылымдар және қаржыландыру көздері белгіленеді. Жоспардың нақты тармақтарын іске асыру кезіндегі жұмыстарды үйлестіру және өзара іс әрекеттестікті қамтамасыз ету үшін негізгі орындаушылар мен және қосымша орындаушылармен бірге мемлекеттік органдар өкілдерінен жұмысшы топтары құрылуы мүмкін.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
7. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
Бағдарламаның iс-шараларын жүзеге асыруға қажеттi қаржы шығындары тиiстi жылға арналған облыстық бюджеттiң қаржысы есебiнен қаралған.
Тарау 8. 8. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
8. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Саяси жағынан:
өкіметке деген сенімді нығайту;
басқарушылық шешімдер қабылдағанда мемлекеттік саясатқа сәйкес келмейтін жекеленген бірлескен мүдделердің әсерін азайту.
Экономикалық жағынан:
көлеңкелі экономиканың әсер ету өрісін тарылту, салықтық түсімдерді ұлғайту, бюджеттік саланы нығайту;
нақты бәсекелестік тетіктерді іске қосу, нарықтық қатынастарды нығайту;
шағын және орта бизнесте жеке меншік иелерінің санын өсіру;
кәсіпкерлік салаға атқарушы өкіметтің "ойынның әділ ережесін" белгілеуге және сақтауға қабілеттігіне сенімді нығайту.
Әлеуметтік жағынан:
өкімет пен жұртшылықтың қатынасын реттеудің негізгі құралы ретіндегі құқықтарды қалпына келтіру, олардың қылмыстық озбырлықтан қорғалатындығына деген сенімін нығайту;
мүліктік теңсіздіктің өсу қарқынын кеміту, кедейшілік, жұмыссыздық санын, әлеуметтік шиеленісті кеміту және әлеуметтік жанжалдардың алдын алу;
құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың жемқорлыққа қатыстылығын, ұйымдасқан қылмысты кеміту.
Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестiң 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық
бағдарламасын іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№ п/п
Шаралар мазмұны
Аяқталу нысаны
Жауапты орындаушылар
1
2
3
4
1. Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
1.
Кадрлар резервін жасау және пайдалану жұмыстары жөнінде мемлекеттік органдардың аудандар мен Орал қаласы әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқармасымен тығыз өзара іс-әрекеттестігін қамтамасыз ету
Резерв жасау, ұсыныстар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің басқармасы (келісім бойынша), аудандардың және Орал қаласының әкімдері
2.
Резервке тіркелген кандидаттарды, олар ұсынылған органдарда машықтанудан өткізуді ұйымдастыру
Машықтанудан өткізуді ұйымдастыру
Облыс әкімінің аппараты, аудандардың және Орал қаласының әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің басқармасы (келісім бойынша)
3.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелердің тәртіптік комиссия төрағаларымен облыстық және аудан-аралық семинар-кеңестер өткізу
Семинар- кеңестер ұйымдастыру
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің басқармасы (келісім бойынша), облыстық Тәртіптік кеңес
4.
Мемлекеттік қызмет өткеру кезінде тамыр-таныстық көрініс берген жағдайларды анықтау үшін мемлекеттік органдардағы конкурстық, аттестациялық жұмыстарға талдау жүргізу. Талдаудың нәтижесі бойынша өкілетті органға және аудандардың және Орал қаласының өкімдеріне ұсыныстар енгізу
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке ақпарат
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің басқармасы (келісім бойынша), БҚО бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)
5.
Мемлекеттік қызметшілер жасаған жемқорлық құқық бұзушылық жөнінде мониторинг және талдау жүргізу. Талдаудың қорытындысын облыс әкімі жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісінде қарау.
Облыс әкіміне ақпарат
Мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі, облыстық Тәртіптік кеңес
6.
Мемлекеттік қызметшінің оңды бейнесін жасауға бағытталған БАҚ-да мақалалар жариялау, жұртшылықпен кездесулер ұйымдастыру
Жарияланымдар,кездесулер
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің басқармасы
2. Сыбайлас жемқорлықтың көзі - "көлеңкелі экономикаға" қарсы әрекет
7.
Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде банктерде шоттар ашу арқылы қолма-қол ақшаға айналдыруымен айналысушы ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар алу
Бірлескен іс-шаралар жоспары
БҚО ҚПД (келісім бойынша), БҚО ІІБ, ҚР Ұлттық банкісінің облыстық филиалы (келісім бойынша), БҚО бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)
8.
Мемлекеттік қызметте тұрған азаматтардың табыстары мен мүліктері туралы декларацияның тапсырылуына бақылауды күшейту, мемлекеттік жауапты лауазымдарда істейтін адамдардың және жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған адамдардың табыстары мен мүліктері туралы мәліметтері мен декларациясының дұрыстығын тексеруді іске асыру
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық салық комитеті
9.
Бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына, мемлекеттік меншік объектілерінің отандық және шетелдік заңды тұлғаларға басқаруға беру заңдылығына тексерулер жүргізу
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық прокуратура (келісім бойынша), БҚО ҚБКБ, облыстық қаржы басқармасы, БҚО бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)
10.
Экономика салаларындағы жасырын және заңсыз қызметтердің көлемін анықтау жөнінде жұмыстар жүргізу
Облыс әкіміне
ақпарат
БҚО ҚПД, облыстық салық комитеті, БҚО бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)
11.
Акцизді өнімдердің астыртын өндірілуіне, әкелуіне және өткізілуіне бақылауды күшейту жөнінде пәрменді шаралар алу және бұл бағыттағы жұмыстарды қатаң жүргізу
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық кеден басқармасы, БҚО ІІБ
12.
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін сақтау, тендерлер өткізудің барынша мөлдірлігін, бюджет қаржысының өз мақсатына және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру
Облыс әкіміне ақпарат
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, БҚО бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)
13.
Пәрменді және ұдайы ақпараттар алмасу негізінде экономиканың салаларында көлеңкелі экономикалық қатынастардың таралу проблемалары бойынша алынатын шараларды үйлестіріп отыру жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізу
Облыс әкіміне ақпарат
БҚО ҚПД (келісім бойынша), облыстық салық комитеті (келісім бойынша), облыстық кеден басқармасы, ҚР Ұлттық банктің облыстық филиалы (келісім бойынша), БҚО ІІБ, облыстық экономика басқармасы, БҚО бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)
14.
Жер қатынастары саласында қазіргі заңнамалардың сақталуына тиісті бақылауды қамтамасыз ету
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық жер қорларын басқару жөніндегі комитет, облыстық прокуратура (келісім бойынша)
15.
Шағын және орта бизнесті несиелендіру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар жасайтын факторлардың барлығы туралы мемлекеттік органдар, бюджеттік ұйымдар, шетелдік және отандық коммерциялық құрылымдар өкілдері арасында әлеуметтік сауалдамалар жүргізу. Қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Әлеуметтік сауалдама
Облыстық ақпарат, қоғамдық келісім басқармасы, ішкі саясат департаменті
16.
Мемлекеттік сатып алу саласында заңнамалардың орындалуына бақылауды күшейту
Тексерулер,
ұсыныстар
Облыстық прокуратура (келісім бойынша), мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент
3. Мемлекеттің экономикалық саясаты тетіктерінің мөлдірлігін қамтамасыз ету
17.
Жасырын табыстарға салық салу жөнінде шаралар алу
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық салық комитеті
18.
Табиғи монополия субъектілерінің қаржы қызметі нәтижелері туралы жыл сайынғы есебін жариялап отыру
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық экономика басқармасы, табиғи монополия субъектілері, ҚР-ның табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің БҚО бойынша департаменті
19.
Мемлекеттік кәсіпорындар мүліктерінің кепілдігімен облыстық бюджеттен несиелер беру рәсімінің мөлдірлігін қамтамасыз ету
Бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланымдар
Облыстық экономика басқармасы
4. Құқық қорғау органдарын нығайту
20.
Облыстың бюджетін қалыптастырған кезде шұғыл-іздестіру шараларын жүргізудің және сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерді тергеудің сапасын қамтамасыз етуге қажетті аудио-бейне және арнаулы техникалар сатып алу үшін қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру
Облыстық мәслихаттың шешімі
БҚО ІІБ, облыстық қаржы басқармасы, БҚО бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)
21.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерінде құқық қорғау органдары мен облыстық Тәртіптік кеңестің қызметін үйлестіріп отырудың және өзара тиімді әрекеттестіктің тетіктерін жасау
Бірлескен жоспарлар, ұсынбалар
Тәртіптік кеңес, облыстық прокуратура (келісім бойынша), БҚО ҚПД (келісім бойынша), БҚО ІІБ, БҚО бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау
22.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті қамтамасыз ететін ақпараттық-насихаттық шаралардың ведомствоаралық жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру, оның шеңберінде облыста сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмыстарының барысы туралы жұртшылыққа кеңінен насихаттап отыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау
Іс-шаралар жоспары
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық Тәртіптік кеңес, БҚО ІІБ, облыстық әділет басқармасы, БҚО ҚПД (келісім бойынша), облыстық прокуратура (келісім бойынша), облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарма, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
23.
Облыстық Тәртіптік кеңестің, жергілікті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері бойынша "дөңгелек столдар", конференциялар өткізу
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Облыстық Тәртіптік кеңес, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
24.
Облыстың аудандарына шығып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру үшін атқарушы, құқық қорғау және бақылаушы органдардың басшылары мен өкілдері есебінен топтар ұйымдастыру
Баяндамалар, әңгімелер өткізу
Ішкі саясат департаменті, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
25.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу тақырыбы бойынша оқу бағдарламаларын, форумдар, конференциялар өткізу жөнінде халықаралық ұйымдарға барынша көмектер көрсету
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық Тәртіптік кеңес, аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық прокуратура (келісім бойынша), БҚО ІІБ, БҚО ҚПД (келісім бойынша), облыстық көлік прокуратурасы (келісім бойынша), БҚО бойынша ҰҚКД (келісім бойынша)
кестенің жалғасы
№ п/п
Орындалу мерзiмi
Болжанған шығыстар
Қаржыландыру көздері
1
5
6
7
1. Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
1.
Ұдайы
2.
Ұдайы
3.
Жыл сайын 2003-2005 ж.
4.
Тоқсан сайын
2003-2005 ж.
5.
Тоқсан сайын
2003-2005 ж.
6.
Ұдайы
2. Сыбайлас жемқорлықтың көзі - "көлеңкелі экономикаға" қарсы әрекет
7.
Жыл сайын
2003-2005 ж.
8.
Жыл сайын
2 тоқсан
9.
Тоқсан сайын
2003-2005 ж.
10.
Тоқсан сайын
есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 күні
11.
Тоқсан сайын
есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 күні
12.
Тоқсан сайын
есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 күні
13.
Тоқсан сайын
есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 күні
14.
Тоқсан сайын
есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 күні
15.
4 тоқсан 2003 жыл
16.
Ұдайы
3. Мемлекеттің экономикалық саясаты тетіктерінің мөлдірлігін қамтамасыз ету
17.
Тоқсан сайын
2003-2005 ж.
18.
Жыл сайын
2003-2005 ж.
19.
Ұдайы
4. Құқық қорғау органдарын нығайту
20.
Жыл сайын
2003-2005 ж.
21.
Жыл сайын
2003-2005 ж.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау
22.
Жыл сайын
1 тоқсан
23.
Жарты жылда бір рет (жекеленген жоспар бойынша)
24.
Жекеленген жоспарлар бойынша тоқсан сайын
25.
Жыл сайын 2003-2005 ж.
Ескерту:
Қысқарған сөздердің түсінігі:
БҚО ІІБ - Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы;
БҚО ҚПД - Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаменті;
ҰҚКД - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті;
БҚО ҚБКБ - Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы бақылау комитетінің басқармасы;
АжҚКБ - ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы;
Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты