О Программе повышения эффективности управления Коммунальной собственностью и приватизации Западно-Казахстанской области на 2003-2005 годы и плане мероприятий по ее реализации Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс - Қазақстан облысында 2003-2005 жылдарға арналған коммуналдық меншіктер және жекешелендіруді басқарудың тиімділігін жоғарлату бағдарламасы және оны іске асырудағы іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы№118 «Мемлекеттік мүлікті басқарудың жыне жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы», 2000 жылғы 21 шілдедегі №1095 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасын мақұлдау туралы» және 2002 жылғы 25 мамырдағы №789 «Қазақстан Республикасында бағдарламаларды әзірлеу Ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Батыс - Қазақстан облысында 2003 - 2005 жылдарға арналған коммуналдық меншіктер және жекешелендіруді басқарудың тиімділігін жоғарлату бағдарламасы және оны іске асырудағы іс - шаралар жоспары бекітілсін (жалғанады).
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысында коммуналдық меншікті және жекешелендіруді басқарудың тиімділігін жоғарылатудың 2003-2005 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Батыс Қазақстан облысында коммуналдық меншікті және жекешелендіруді басқарудың тиімділігін жоғарылатудың 2003-2005 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ МАЗМҰНЫ 1 Бағдарламаның паспорты 3 2 Кіріспе 4 3 Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің қазіргі уақыттағы жай-күйін талдау 5 3.1 Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару 5 3.2 Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды басқару 6 3.3 Мемлекеттік мүлікті есепке алу 8 3.4 Коммуналдық меншіктің мүлігін жалға алу 9 3.5 Экономиканы дамытудың қазіргі уақыттағы сатысында мемлекеттік мүлікті жекешелендіру 9 3.6 Бұрынғы жекешелендіруді бақылау 10 4 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 11 5 Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі 11 5.1 Мемлекеттік кәсіпорындар мен жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржы – шаруашылық қызметін басқару жүйесін жетілдіру 12 5.2 Мемлекеттік мүлікті есепке алуды жетілдіру 13 5.3 Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары 15 5.4 Жекешелендіруден кейінгі бақылауды жетілдіру 15 6 Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері 15 7 Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже 16 8 Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға іс-шаралар жоспары 17 БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ. Бағдарламаның атауы: Батыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдарға арналған коммуналдық меншікті және жекешелендіруді басқару тиімділігін жоғарылату бағдарламасы Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, 2003 жылдың 3-ші ақпанында №118 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21-ші шілдедегі № 1095-ші қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы Бағдарламаны негізгі әзірлеуші: Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншік басқармасы Бағдарламаның басты мақсаты: Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру Бағдарламаның негізгі міндеттері: Мемлекеттік мүлікті басқару жүйесін жетілдіру және оның тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту Қаржыландыру көздері: Бағдарлама жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап етпейді Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 2003-2005-ші жылдар
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Елдегі экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шаралардың қабылдануы, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық даму жоспарында белгіленген мақсаттар мен міндеттер мемлекеттік мүлікті басқару мен иелік етудің жолдарын одан әрі жетілдіруді талап етеді. Осы бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 3-ші ақпандағы №118-ші қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүліктік басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасына сәйкес, сондай-ак Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2-ші шілдедегі № 1095-ші қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендірудің тұжырымдамасын одан әрі жүзеге асыру мақсатында жасалды. Бағдарламада кешенді шараларды, мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру көзделген: мемлекеттік мүлікті басқару жүйесін жетілдіру; мемлекеттік мүліктің тиімді пайдаланылуын бақылауды күшейту; жекелеген объектілерді және мемлекеттік меншікті басқару стратегиясын қалыптастыру, экономиканың стратегиялық салаларының дамытылуын бақылау және реттеу; мемлекеттік мүлікті есепке алуды жетілдіру; мемлекеттік мүлікті жекешелендіруді мемлекеттің мүдделеріне сәйкес жүзеге асыру; жекешелендіруден кейінгі бақылауды жетілдіру. Бағдарламаны жасау кезінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының ережелері, Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13-ші мамырындағы № 415 Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсанындағы № 2721 Заң күші бар Жарлығы ескерілді. Бағдарламаны әзірлеу коммуналдық меншікті басқару тиімділігін арттыру қажеттілігінен туындап отыр.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің қазіргі уақыттағы жай -күйін талдау
3. Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің қазіргі уақыттағы жай -күйін талдау 3.1 Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару 2003 жылы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының жалпы санын 205 кәсіпорын құрады соның ішінде шаруашылық жүргізуде құқысы бар 33 кәсіпорын, жедел басқару құқығына ие - 172 кәсіпорын болды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» 1995 жылдың 19-ші маусымындағы заң күші бар Жарлығына сәйкес коммуналдық кәсіпорындардың тізімін жергілікті атқарушы орган бекітеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 27-ші маусымындағы № 880 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2001 жылға арналған шаралар жоспарының 2.6 пункттеріне сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы 2000-2001 жылдардың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің табысына шаруашылық жүргізу құқығына ие, коммуналдық кәсіпорындарға белгіленген нормативпен таза табыстың жартысын әз уақытында және толықтай аударылуын және оны есептеуді бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті бюджетке мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардан таза табыстың жартысының түсімі. мың теңге Кезеңдер Жоспар Дерек 2000 ж - 12,9 2001 ж 96,0 95,8 2002 ж 1300,0 3955,2 Шаруашылық жүргізуге құқылы 36 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыннан, 2002 жылы жаңа 9 кәсіпорын құрылды, 2002 жылдың қорытындысы бойынша 10 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын шығынға ұшырады. Коммуналдық меншіктер басқармасы жуық аралықта төмен табыстағы және шығынға ұшыраған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік мүддені ескере отырып, олардың мемлекеттік статуста болуының қажеттілігі барма жоқпа анықтап заңды тұлғаның ұйымдастыру құқылық формаларын өзгерту мүмкіндіктерін және оларға жүктелген міндеттерді қарау немесе ақтау рәсімін өткізу. Сол сияқты кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметіне бақылауды күшейте отырып мемлекеттік кәсіпорындардың жетекшілерінің қаржы жағдайларына деген жауапкершілігін көтеру. 3.2 Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысы бар заңды тұлғаларды басқару 2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында коммуналдық меншікте 23 акционерлік қоғамда акциялар пакеті бар, олардың ішінде 9 акционерлік қоғам шаруашылық қызметін атқарады. Қалғандары банкроттық ресімді өтуде немесе шаруашылығын жүргізуді уақытша тоқтатып тұр. Коммуналдық меншіктерге қарасты акционерлік қоғамдар мемлекеттік акциялар пакеттерінің тізбесі. № Акционерлік қоғамдардың атаулары МАП пайыз есебімен мөлшері 1 «Батыс Қазақстан облыстық сақтандыру фирмасы» ААҚ. 97 2 «Жайықжылуэнергия» ААҚ 100 3 «Ақсайавтокөлік» ААҚ 39,5 4 «№ 1 автобус паркі» ААҚ 49 5 «№ 2 автобус паркі» ААҚ 40 6 «Тасқалагазификация» ААҚ 56 7 «Оралоблгаз» ААҚ 56 8 «Семиглавомар мұнай базасы» ААҚ 21 9 «Ақжайық санаториясы» ААҚ 51 10 «Бірлік» ААҚ 38 11 «Батыс Қазақстан таратушы электртораптар компаниясы» ААҚ 100 12 «Теба» ААҚ 19,6 13 «Жалпақтал агрожөндеу және қамтамасыз ету» ААҚ 1,5 14 «Орал нан өнімдіру комбинаты» ААҚ 0,3 15 «Приурал Агротехсервис» ААҚ 40 16 «Батыс сату» ААҚ 90 17 «БИ» ААҚ 41,4 18 «Орталық» ААҚ 90 19 «Шебер» ААҚ 40 20 «Шабыт» ААҚ 51 21 «Даринск жылжымалы механикаландырылған коллонасы» ААҚ 40 22 «Монополист» ААҚ 40 23 «Трикотажник» ААҚ 39 2001 жылдық қорытындысы бойынша коммуналдық меншіктегі бес акционерлік қоғам акциялардың мемлекеттік пакетіне 72494 мың теңге мөлшерінде таза табыс түсірді 2002 жылы жергілікті бюджетке акциялардың мемлекеттік пакеттеріне 10369 мың теңге мөлшерінде дивидендтер аударды. Мемлекеттік акция пакеттеріне аударылған дивидендтердің динамикасы төмендегідей қажет: 1999 жылы – 1082 мың теңге 2000 жылы – 2350 мың теңге 2001 жылы – 10369 мың теңге Бұл ретте, акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер түсуінің жалпы сомасындағы елеулі үлесті «Ақсайавтокөлік» ААҚ (39,5 % МПА) немесе 9358 мың теңгеде құрады, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар 6 акционерлік қоғам 421 860 мың теңге залал келтірді. 2003 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша сенімді басқарудағы «№ 1-ші Автобус паркі» ААҚ, «№ 2-ші Автобус паркі» ААҚ, «Батыс Қазақстан таратушы электртораптар компаниясы» ААҚ. № Кәсіпорынның атауы МПА көлемі пайыз есебі Жарғы қоры (мың. теңге) Қаржының нәтижесі (мың. теңге) 1 «№1 Автобус паркі» ААҚ 49 41353 -29203 2 «№2 Автобус паркі» ААҚ 40 54071 -1900 3 «Батыс Қазақстан ТЭК» ААҚ 100 1869167 424 Берілген деректерден көріп отырғандай, сенімді басқаруға берілген екі акционерлік қоғамның шаруашылығы қызметі 2001 жылдың қорытындысының нәтижесінде 31103 мың теңгенің шығынына ұшырап отыр. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы берілген кәсіпорындар бойынша 2003-2005 жылдарға мыналарды жоспарлайды: сенімді басқарушы өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамаған жағдайда немесе тиісті дәрежеде орындамаса, заңнамаларда берілген тәртіппен сенімді басқаруға арналған келісім бұзылатын болады; сенімді басқарушы кейіннен сатып алуға өзінің құқығынсыз сенімді басқаруға арналған келісім жөніндегі өзінің инвестициясының міндеттерін орындаған жағдайда мұндай келісім аяқталатын болып танылады. 3.3 Мемлекеттік мүлікті есепке алу Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 19 маусымындағы министрліктер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының басқа да ведомстволары мен ұйымдарының қатынасуымен болған кеңесінде қабылданған хаттаманың шешімін орындауға және «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республика Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурызындағы № 246-шы қаулысына сәйкес қазіргі уақытта мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік кәсіпорындарда және мекемелерде, жолдастық шаруашылықтарда тізілімді жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тізілім, мемлекеттік кәсіпорындар және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар туралы ақпараттық деректер базасы болып есептеледі. Тізілімдегі мемлекеттік мүлікті есепке алу жүйесінде мынадай проблемалар бар: тізілімдегі мемлекеттік мүліктерге есеп жүргізгенде мемлекеттік басқарудағы органдар және басқа да ұйымдардың нақтылығы, шүбәсіздігіне деген жауапкершілік анықталмаған; коммуналдық меншіктер есебінде болып табылатын мемлекеттік мүліктерге есеп жүргізудің бірыңғай әдісі жоқ. Тізілімді, мемлекеттік мүліктер туралы ақпаратпен толықтыру мемлекеттік мүліктерге түгендеуді жүргізумен сәйкес келуге тиісті. Мемлекеттік мүліктерге жүргізілетін түгендеудің көздейтін мақсаты жалпы мүліктердің бар екендігін, мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілгендігін акциялар пакеті және мемлекеттің қатысу үлесі бар, сонымен бірге мемлекеттік мүліктердің қатарына кірмеген есепте жоқ мүліктерді анықтай отырып, қолданылып жүрген заңдар тәртібімен одан әрі оларды заңды тұлғаларға бекітілуін қарау. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға бекітілген мүліктерге түгендеу жүргізу сондай-ақ акциялардың мемлекеттік пакетіне және коммуналдық меншікке берілген кәсіпорындарға мемлекеттің қатысу үлесін бақылауды ұйымдастыру, мемлекеттік басқару органдарының міндетін жүзеге асыратын жергілікті басқару органдарына жүктеледі. Мемлекеттік мүлікке қатысты, мемлекеттік меншік құқығы субъектісі міндетін жүзеге асыратын бірыңғай өкілетті органды айқындау мақсатында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өкілетті органдарда мемлекеттік меншік объектілеріне арналған меншік құқығын тіркеу жөнінде шаралар алынуы тиісті. 3.4 Коммуналдық меншіктің мүлігін жалға алу Коммуналдық меншікті басқарудың негізгі міндетінің бірі болып табылатын, коммуналдық меншік объектілерінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру, оларды кіші кәсіпкерлік субъектілеріне заңды және жеке тұлғаларға жалға беру, коммуналдық меншік объектілерін жалға беруден жергілікті бюджетке түскен қаражатты бақылау және есеп жүргізіп отыру, жалға беру жөніндегі шарттағы жайлардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету. 2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста коммуналдық меншік объектілерін жалға берудің 155 шарты жасалды, жалға берген объектілердің жалпы көлемі 18,6 мың кв. м. Жалдау төлемінен түскен қаржы 12756,3 мың теңгені құрады. Батыс Қазақстан облысында коммуналдық меншіктегі объектілерді 2003-2205 жылдарға жалға беруді болжау тізбесі ұсынылады (1 қосымша) 3.5 Экономиканы дамытудың қазіргі уақыттағы сатысында мемлекеттік мүлікті жекешелендіру. 2001 жылы 39 мүліктік кешендер, жылжымайтын объектілер көлік және басқа да мүліктер ал 2002 жылы осы нысандар санатына кіретін – 40 объекті жекешелендірілді. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруден 2001 жылы мемлекеттік бюджетке түскен қаржы – 41,6 миллион теңгені құраса ал 2002 жылы 56,4 миллион теңге болды. Бұл қаржылар Батыс Қазақстан облысының жергілікті бюджетіне түсті. 2003-2005 жылдардағы жекешелендірудегі шешілуге тиісті негізгі міндеттер болып есептелетіндер: жекешелендірудің тиімді әдістерін пайдаланып қаржы салушының әлеуеттік шеңберін кеңейту жолымен, мемлекеттің стратегиялық мүддеге тәуелділігінен экономикаға инвестицияны тарту; мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру процесінде бәсекелестікті және шынайылықты қамтамасыз ету. Жекешелендірудегі мемлекеттік саясаттың бейімдеген мақсатына жетуін қамтамасыздандырудағы тиісті негізгі шаралар:
Тармақша 1
1) мемлекеттің стратегиялық мүддеге тәуелділігін мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге саралап жіктеу жолымен келу.
Тармақша 2
2) жекешелендірудің жолдарын кеңейту.
Тармақша 3
3) жекешелендірудің шешімін қабылдау, кәсіпорындарды дамытуда ұзақ мерзімге жасалған әлеуетті инвестордың ұсынған жоспарын әбден талдау негізінде және жекешелендіру шартының қорытындысы бойынша инвестордың өзіне алған міндетін әбден талдап белгілеу
Тармақша 4
4) жаңа меншік иесі өзіне алған міндетті орындау кезінде бұрынғы жекешелендірудің салалық ерекшелігін ескеріп кәсіпорынның дамуының өңделген көрсеткіш жүйесін, өндірілетін өнімнің кескінін ерекшелігін және басқа да факторларын кіргізуі тиісті екенін бақылау
Тармақша 5
5) жекешелендіруде әлемдік тәжірибені міндетті түрде ескеру соның ішінде қаржы кеңесшісін, аудиторды, баға берушіні, заң кеңесшісін менеджмент бойынша кеңесшіні тарту арқылы объектілерді сатар алдында әзірлеу
Тармақша 6
6) жекешелендіруде мемлекеттің ұзақ және қысқа мерзімді мүддесін байланыстыру
Тармақша 7. Жылдар бойынша объектілерді сатудан жергілікті бюджетке түсетін болжам
7) жекешелендірудің әлеуметтік бағытын күшейту Жылдар бойынша объектілерді сатудан жергілікті бюджетке түсетін болжам (млн. теңге) 2003ж 2004ж 2005ж Түсетін ақша 11,0 8,0 6,0 3.6 Жекешелендіруден кейінгі бақылау. 2003 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдай бойынша жекешелендіруден кейінгі бақылауда мемлекеттік меншік объектілерін сатып алу - сату жөнінде сегіз шарт бар. Бұл коммерциялық және қаржы салымы тендерларымен сатылған объектілерге қатысты. Олар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны «Самал» қонақ үйі инженерлік тораптар кешені, орман құрылыс сауда базасы ж.б. Тәжірибе көрсетіп отырғандай алынған кәсіпкерлік шараларға қарамастан жекешелендірудің әр кезеңінде сатып алу - сату шарттарының жетілмегендігі, заңнама салаларындағы әр түрлі кемшіліктер, сатып алушылардың жеке мүддесіне пайдаланылады, бұл оларға кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін орындамаған және тиісінше орындамағаны үшін толық жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндік береді. Жекешелендіруден кейінгі бақылауды жетілдіру мақсатында тұрақты негізде экономика, заңтану, технология және басқа салалардағы білікті маман – сарапшыларды тарту қажеттілігіне себепші болды, осы міндет кеңес беруші ұйымдарды тарту тетігі арқылы іске асырылады. Ашық жарыстарды өткізуге «Сапа Консалтинг» ЖШС және «Есеп- Аудит» ЖШС алынды. Бұл ұйымның мамандары сатып алушылармен шарттық міндеттердің орындалуының бағасын береді сонымен бірге инвесторлармен коммуналдық меншіктер басқармасы арасындағы одан арғы өзара қарым-қатынасты ұсынады. (сатып алушылармен)
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері. Батыс Қазақстан облысында коммуналдық меншіктерді басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттыруға 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мына мақсаттарды көздейді: мемлекеттік мүліктерді басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру; мемлекеттік мүліктерді тиімді пайдалану есебінен жергілікті бюджеттің кірісін арттыру; мүліктерді басқаруды жетілдіру процесінде мемлекеттік мүліктердің санын бұрынғыдан да өсіру; мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту; белгілі бір салаларға және нақты кәсіпорындарға қатысты мемлекеттің стратегиялық мүдделеріне байланысты мемлекеттік меншіктің құрылымын оңтайландыру; инвестицияны экономикаға тартуда мемлекеттік мүлікті құрал ретінде пайдалану.(осы мүліктерді қамтамасыз етуі тарапынан) Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет: жасалған тізілімдегі мемлекеттік меншіктегі барлық объектілерге толықтай түгендеуді жүзеге асыру; мемлекеттік меншік объектілерін анықталған салаларына байланысты басқару; мемлекеттік меншіктегі объектілерді жекелеп немесе топтастырып басқаруды қалыптастыру; мемлекеттік меншікті тиімді пайдалану есебінен жергілікті бюджетке қосымша табыстың түсуін қамтамасыз ету.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін «Мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21-ші мамырдағы №323 заңына сәйкес олардың өкілеттіліктерінің шектеулерімен нақтылауларын ескере отырып, әр түрлі басқару субъектілерінің коммуналдық меншік объектілерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру көзделіп отыр. 5.1 Мемлекеттік кәсіпорындар мен жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметін басқару жүйесін жетілдіру Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға және жарғылық капиталда мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларға қатысты келесі функцияларды орындайды: мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын анықтау: коммуналдық меншіктерді басқаруға кіретіндер: шаруашылық жүргізуге құқылы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны – 33, олардың ішінде 3-кәсіпорын ауылшаруашылығынан, 4-жол құрылысынан, 15-коммуналдық шаруашылықтан, 11-кәсіпорын әр түрлі қызмет түрлерімен айналысады; мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарларын қарау және бекіту, соның ішінде жоспарлы қаржы көрсеткіштері оларды таныстырудың тәртібі мен кезеңдері; мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары өкілетті органдарға қаржы - шаруашылығы көрсеткіштерінің жоспарының мерзімді орындалуы жөнінде есеп беру; Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тәртіп пен мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру мақсатында олардың әкімшілік шығымдарының мониторингін жүзеге асыру; мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің мақсаты бойынша пайдаланылуына және сақталуына бақылауды жүзеге асыру; шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза пайдасын бөлу нормативтерін белгілеу мәселелерінің реттелмегендігін жою үшін алдағы кезеңде әзірленген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза пайдасын бөлу нормативтерін анықтау, келісу және бекіту Ережесі қолданылатын болады. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың 2003-2005 жылдар аралығы кезеңінде дамуының басымдылығын көрсетуде ауыл шаруашылығы секторындағы кәсіпорындарды көтермелеу, жол құрылысы және коммуналдық шаруашылықтарды басқару басты міндеттер болып есептеледі . Басқа қызмет түрлерімен айналысатын және шығынға ұшыраған кәсіпорындармен коммуналдық меншіктер басқармасы тарапынан мониторинг өткізіледі, оларды ақтаудың қажеттілігіне шешім қабылданады. Облыстағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды басқарушы мемлекеттік органдарға мынадай функциялар жүктеледі: Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және оларды аттестациядан өткізу. Мемлекеттік коммуналдық меншіктер басқармасы акциялардың мемлекеттік пакетін басқаруда келесі функцияларды орындайды: акционерлік қоғамдардың қаржы - шаруашылық қызметіне мемлекеттің қарауындағы акциялардың бақылау пакеттеріне талдау жасау; акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің аударылуын және оларды есептеуді бақылауды жүзеге асыру; қоғамның директорлар советіне мүше болумен, жарғы капиталында мемлекеттің үлесіне билігі бар акционерлік қоғамдарды басқаруға белсенді қатысу; аудиторлық тексерулер өткізу жолымен қаржылық есеп беруге ұсынуға шүбәсіз екендігіне бақылау жасау; Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен оларды оңтайландыру мақсатында акциялардың бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар әкімшілік шығындарының мониторингісін жүзеге асыру; ақтауға қатысатын кәсіпорындар: 1. «Теба» ААҚ 2. «Жалпақтал агрожөндеу және қамтамасыз ету» ААҚ 3. «Орал нан өндіру комбинаты» ААҚ 4. «Приурал Агротехсервис» ААҚ 5. «БИ» ААҚ 6. «Даринск жылжымалы механикаландырылған колоннасы» ААҚ 7. «Монолит» ААҚ 8. «Трикотажник» ААҚ 9. «Орталық» ААҚ 10. «Шебер» ААҚ 11. «Шабыт» ААҚ 12. «Батыс сауда» ААҚ 5.2 Мемлекеттік мүлікті есепке алуды жетілдіру. Жылжымайтын мүліктерді басқарудың жүйесін жетілдіру мына мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді: жылжымайтын мүлік объектілерінің табыстарын мүмкіндігінше көтеру; жылжымайтын мүліктерді пайдалану процесінде өздерінің әлеуметтік функцияларын мемлекет тарапынан неғұрлым тиімді орындау; экономиканың шынайы секторының дамуына жылжымайтын мүліктер есебінен ынталандыру, кәсіпкерлердің жылжымайтын мүлік объектілеріне жәй және ыңғайлы қол жеткізулерін қамтамасыз ету. Айтылған мақсатқа қол жеткізу үшін мыналарды атқару қажет:
Тармақша 1
1) аяқталмаған құрылыс объектілерін қоса отырып жылжымайтын мүліктер объектілерінің құқықтық сипаттамасын сандық, құндық, техникалық сипаттамалары мазмұнын мемлекеттік жылжымайтын мүліктер туралы нақты ақпараттарды жинауды қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктер есебінің тізіміне енгізу
Тармақша 2
2) жылжымайтын мүліктерді басқару процесіне қатысатын барлық мемлекеттік органдардың өкілеттігін нақты шектеу және үйлестіру
Тармақша 3
3) екеуі бір тұтас болып табылатын объектілердің бір бөлігін екіншісінен айырып иелік ету мүмкіндігіне жол бермей объектілерді басқаруды қалыптастыру (жер учаскелері және онда орналасқан ғимараттар мен құрылыстар)
Тармақша 4
4) жер учаскелері қандай жағдайларда және қандай құқықта берілуі керектігін белгілеу
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүліктерді пайдалану кезінде, нарықтық бағалау тетіктерін сөзсіз қолдануды қамтамасыз ету, нарықта қалыптасқан ставка бойынша мемлекеттік мүліктерді пайдаланғаны үшін алынатын жалдау төлемдері ставкасын теңестіру
Тармақша 6
6) аяқталмаған құрылыс объектілеріне инвесторлардың жеңілдік шарттарын қою жолымен экономиканың шынайы секторына инвестицияны тартуға жағдай жасау
Тармақша 7. 5.3 Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
7) мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер мүліктердің артығын өзінің мақсатына жұмсайтындарын анықтау (кәсіпорындар мен мекемелер құрылу үшін жасалынған міндеттерді орындау нәтижелерін ескере отырып) аталған мүліктерді алу. Мемлекеттік мүліктердің есебін жүргізу мақсаты мемлекеттік мүліктердің жағдайына мониторинг және бақылау жасау үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік мүддені ескере отырып, оны пайдалану жөніндегі негізделген шешім қабылдау болып табылады. «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» 1998 жылғы 21 наурызындағы № 246 қаулысымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындармен мекемелердің жарғылық капиталында мемлекеттің қатысы бар заңды тұлғалар тізілімі туралы Ережеге сәйкес тізілімде көрініс табуы керек. 5.3 Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары 2003-2005 жж арналған жекешелендіру, мемлекеттік мүліктерді басқару облысында бірыңғай мемлекеттік саясаттың құрылым элементі ретінде қаралады, жекешелендіру мемлекеттік активтерді басқару нәтижелерімен қарыздану көлемімен және мемлекеттің борыштық міндеттемелері бар болуы ауқымында қалыптасуына байланысты жағдайларында болады. Мемлекеттік меншіктерді басқару саласында мемлекеттік саясат, мемлекеттік мүддені көздей отырып, экономиканың басты стратегиялық саласының дамуының сақталуына және бақылаудың күшейтілуіне мемлекеттік мүліктің құрылымын оңтайландыруға бағытталады. Облыс бойынша экономика үшін маңыздылығына байланысты меншіктер үш санатқа бөлінеді. Бірінші санатқа жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілері жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28-ші шілдедегі № 422 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24-қазандағы №1587 қауылсымен жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі анықталған. Екінші санатқа жататын мемлекеттік меншік объектілері экономиканың стратегиялық саласында әрекет ететін: мұнайгаз, көлік – коммуникациялық, энергетикалық, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік объектілер болып табылады. Келесі мемлекеттік меншік объектілері үшінші санаттық құрамына кіретіндер: акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері, аяқталмаған құрылыс объектілері, мүліктік кешендер және басқа мүліктер. 5.4 Жекешелендіруден кейінгі бақылауды жетілдіру. Жекешелендіруден кейінгі салада негізгі міндеттер: проблемалар мен оларды шешу жолдарын анықтау мақсатында кешенді мониторингі арқылы жекешеленген кәсіпорындардың қызметі туралы толық және шынайы ақпаратты алу; жекешелендіруден кейінгі бақылаудың құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру; инвесторлармен конструктивтік пікір талас жүргізу, туындаған проблемалардан өзара қолайлы және негізделген шешімдер қабылдау; жекешелендірілген кәсіпорындардың қызметі көрсетілетін электрондық дерекқор құру, оны кезең-кезеңімен жаңартып отыру болып табылады.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері. Бағдарламаның іс шараларын іске асыру мемлекеттік меншіктерді басқаруды жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың функциясының міндеттерінің шеңберінде қаралады. Осыған байланысты бағдарламаның іс шараларын іске асыру үшін кететін шығындарды қаралған бюджет шегінде осы органдарды қаржыландырып отырған жергілікті бюджеттің ағымдағы қаржысының есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже Бағдарламаны іске асырудан мынадай нәтижелер күтіледі: мемлекеттік мүліктерді басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру; мемлекеттік мүлікті пайдаланудан (мемлекеттік бюджетке акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің түсуі, мемлекеттік кәсіпорындарға таза табыс бөлігінен, жалдау төлемдерінен ж.б. түсуін өсіру;) мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаның, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінде қаржы – экономикалық көрсеткіштерін жақсарту; қызметіндегі кемшіліктердің алдын алу, жою жетілдіру жөнінде негізделген ұсынбаларды әзірлеу мақсатында, мемлекеттік меншік объектілеріне сондай-ақ меншікте мемлекеттің үлесі бар объектілерге мониторинг жүргізудің нәтижесінде есепке алудың бірыңғай мәліметтер базасын жасау; мемлекеттік мүліктерді есепке алудың жүйесін жетілдіру. Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік мүлікті пайдаланудан 2003 жылға болжамдау деректері бойынша жергілікті бюджетке акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер 11,5 млн. тенге, мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің табысы 1,3 млн. тенге, коммуналдық меншік мүліктерін жалдаудан 12,0 млн. тенге көлемдерінде түсу күтіледі. Бағдарламаны орындау бағытындағы іс-шараларды іске асырудың жүріс барысында облыс бюджетіне түсетін қаржы 2003-2005 жылдарға нақтыланады.
Тарау 8. 8. Батыс Қазақстан облысындағы коммуналдық меншіктерді басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін жоғарылатуға 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары
8. Батыс Қазақстан облысындағы коммуналдық меншіктерді басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін жоғарылатуға 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары р/с № Іс-шаралар атауы Аяқтау нысаны Орындауға жауаптылар Орындалу мерзімі Болжауға болатын шығындар Қаржыландыру көздері 1 2 3 4 5 6 7 1. Нормативті құқықтық базаны жетілдіру 1.1 Коммуналдық меншіктердің қарамағындағы мемлекеттік мүлікке әкімдік ету мен басқаруды реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық заң актілеріне сәйкес келтіру Облыс әкімдігі қаулысының жобасы, ҚР Үкіметіне есеп Облыс әкімдігі, коммуналдық меншіктер басқармасы (одан әрі - КМБ ) 2003 ж. 3 тоқсан Талап етілмейді 2. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру 2.1 Бекітілген құжаттардың (алыс-беріс актілері, сенімді басқаруға беру туралы шарт, акционерлер тізілімінің көшірмесі) жәрдемімен акциялардың мемлекеттік пакеттеріне түгендеу жүргізу ҚР Үкіметіне есеп мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне ақпарат (одан әрі - ҚМ МКЖК) Облыс әкімдігі, КМБ Жыл сайын 4 тоқсанда Талап етілмейді 2.2 Мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарларының қаралуы және бекітілуі туралы ақпаратты ұсыну ҚМ МКЖК ақпарат беру КМБ Жыл сайын наурыз айында Талап етілмейді 2.3 Мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру ҚР Үкіметіне есеп, ҚМ МКЖК ақпарат Облыс әкімдігі, КМБ, Мемлекеттік басқару органдары Жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей Талап етілмейді 2.4 Шаруашылық жүргізуге құқылы мемлекеттік кәсіпорындардың өз уақытында және толықтай таза табыстарының жартысын аударып отыруларын, сондай-ақ қазыналық кәсіпорындардың есеп беру жылының қорытындысы бойынша сметадан тыс алған табыстарын бақылауды жүзеге асыру ҚР Үкіметіне есеп, ҚМ МКЖК ақпарат Облыс әкімдігі, КМБ Жарты жылда бір рет Талап етілмейді 2.5 Шаруашылық жүргізуге құқылы мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы –шаруашылық қызметі, өз алдына бөлек бас, еншілес ұйымдардың, сол сияқты ҚР ҚМ 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 135 бұйрығымен бекітілген формалар бойынша, ұлттық компанияларды қоспай, біріктірілген ұйымдардың мемлекетке тиесілі акциялар пакеті (қатысу үлесі) туралы жылдың ақпарат беру Облыс әкімдігі КМБ Есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 15-нен кешіктірмей Талап етілмейді 2.6 Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 2003 жылдың 2 сәуіріндегі № 135-ші бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу ережелеріне сәйкес шаруашылық жүргізуге құқылы мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне жылдың қорытынды бойынша талдау өткізу ҚР Үкіметіне есеп, ҚМ МКЖК ақпарат Облыс әкімдігі, КМБ, Мемлекеттік басқару органдары Есепті кезеңнен кейінгі бесінші айдың 15-нен кешіктірмей Талап етілмейді 2.7 ҚР ҚМ-нің 2003 жылдың 2-ші сәуіріндегі № 135-ші бұйрығымен бекітілген жарғылық капиталына мемлекеттің қатысы бар заңды тұлғалардың қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережелеріне сәйкес акцияларының бақылау пакеттеріне(қатысу үлесіне) мемлекеттің қатысы бар акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржылық-шаруашылық қызметіне жыл қорытындылары бойынша талдау жүргізу ҚР Үкіметіне есеп, ҚМ МКЖК-не ақпарат Облыс әкімдігі, КМБ Есепті кезеңнен кейінгі алтыншы 15-нен кешіктірмей Талап етілмейді 2.8 ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 24 шілдесіндегі № 998-ші қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес, кешенді мониторинг объектілері болып табылатын коммуналдық меншік объектілерінің жағдайы туралы материалдарды ұсыну ҚМ МКЖК-не ақпарат Облыс әкімдігі, КМБ, Мемлекеттік басқару органдары Қажеттілігіне қарай Талап етілмейді 2.9 Мемлекеттік мекемелерге және мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүлікті мүліктік жалға алудың (жалға берудің) мониторингін жүзеге асыру ҚМ МКЖК-не ақпарат Облыс әкімдігі, КМБ Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күні тоқсан сайын Талап етілмейді 2.10 Есепті жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың аударымдарын уақытында және толық, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне аударылатын таза табыс бөлігін, сол сияқты мемлекеттік бюджетке мемлекеттің қатысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің таза табысының мемлекеттік үлесін аударуына тексерулер жүргізу кестесін жасау және бекіту Облыс әкімдігінің шешімі КМБ Жыл сайын бірінші тоқсан Талап етілмейді 2.11 Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес есепті жыл қорытындылары бойынша бақылау пакеттері мемлекеттің қарамағындағы акционерлік қоғамдардың жалпы акционерлер жиналыстарының өткізілу кестесін қалыптастыру Облыс әкімдігіне есеп КМБ Жыл сайын сәуірде Талап етілмейді 2.12 Есеп беру жылының қорытындысы бойынша акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакетіне дивидендтердің уақытында және толық аударылуына бақылауды жүзеге асыру ҚР Үкіметіне есеп, ҚМ МКЖК-не (коммуналдық меншік бойынша) ақпарат Облыс әкімдігі, Салық комитеті, КМБ Жарты жылда 1 рет. Талап етілмейді 2.13 Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысы бар мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру, жою және жекешелендіру жөнінде ұсыныс беру Облыс әкімдігіне ұсыныс беру КМБ, Салық комитеті, Мемлекеттік басқару органдары, Өндіріс департаменті және жылу энергетика кешені, Ауылшаруашылық департаменті, Экономика басқармасы, Орал қаласының әкімі және аудан әкімдері Жыл сайын желтоқсан айында. Талап етілмейді 3. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру 3.1 Жекешелендіруге жататын мемлекеттік меншік объектілерін сатуды қамтамасыз ету ҚМ МКЖК-не ақпарат, Облыс әкімдігі КМБ. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5- і күні Талап етілмейді 3.2 Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден мемлекеттік бюджетке түсетін жоспарланған қаржы көлемінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру ҚР Үкіметіне есеп, ҚМ МКЖК-не ақпарат КМБ Есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күні. Талап етілмейді 4. Бұрынғы жекешелендіруді бақылауды жүзеге асыру 4.1 Келісім-шарттар бойынша коммуналдық мемлекеттік меншік объектілерін сатып алушылармен, сенімді басқарушылармен, концессионерлермен және жалға алушылармен келісім-шарттың міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру ҚР Үкіметіне есеп, ҚМ МКЖК-не ақпарат Облыс әкімдігі, КМБ Есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күні Талап етілмейді
Басқа 24. Батыс Қазақстан облысында коммуналдық меншіктер объектілерін 2003-2005 жылдарға жалға-беру болжамының тізбесі.
1 қосымша Батыс Қазақстан облысында коммуналдық меншікті және жекешелендіруді басқарудың тиімділігін жоғарылатудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасына Батыс Қазақстан облысында коммуналдық меншіктер объектілерін 2003-2005 жылдарға жалға-беру болжамының тізбесі. Объектілердің атауы Объектілердің мекен-жайы Балансұстаушы Алаң 2003 2004 2005 1 2 3 4 5 6 Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Әкімдік ғимараты Автомобильная көшесі, 1 Жол-пайдалану кәсіпорыны МКК 25 25 25 № 2-ші перзетханасы Алматинская көшесі, 60 № 2-ші қалалық перзентхана ММ 21 21 21 Спорт кешені ғимараты Айтиев көшесі, 100 Олимпиадалық резервтегі облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі МКҚК 179 179 179 № 19-шы Орта мектеп ғимараты Алмазов көшесі, 67 № 19 Орта мектебі мемлекеттік мекемесі 191,6 191,6 191,6 Әкімдік ғимараты Батурин көшесі, 44/1 БҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар орталығы МКҚК 46 46 46 Қосымша бөлме Волгоградская көшесі, 50 «Геолог» ЖПТК 61 61 61 Жатақхана ғимараты Волгоградская көшесі, 67 Батыс Қазақстан дәрігерлік колледжі МКҚК 18 18 18 Әкімдік ғимараты Гагарин көшесі, 2/5 БҚО ішкі істер басқармасы ММ 33,2 33,2 33,2 № 22-ші орта мектебінің ғимараты Гагарин көшесі, 3 № 22-ші орта мектебі ММ 30 30 30 № 13-ші орта мектептің ғимараты Гагарин көшесі, 13 № 13-ші орта мектеп ММ 20 20 20 Гараж бөлмесі Дмитриев көшесі, 53 БҚО ішкі істер басқармасы 44 44 44 БЖСМ-нің велосипед спорт ғимараты Дмитриев көшесі, 174 Велосипед спортынан балалар және жасөспірімдер арнайы мектебі МКҚК 101 101 101 А. Гайдар атындағы кітапхана ғимараты Достық даңғылы, 166/1 А. Гайдар атындағы балалар және жасөспірімдерге арналған кітапхана ММ 40 40 40 Әкімдік ғимараты Достық даңғылы, 179 БҚО әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы МКҚК 40 40 40 Әкімдік ғимараты Достық даңғылы, 182/1 Орал қаласының әкімдігінің аппараты ММ. 939,6 939,6 939,6 Қосымша бөлме Достық даңғылы, 191/1 № 1 үй басқармасы ЖПК 464,2 464,2 464,2 Әкімдік ғимараты Достық даңғылы, 201 БҚО әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы МКҚК 2063,5 2063,5 2063,5 № 4-ші кәсіптік-техникалық мектебі Евразия даңғылы, 238 ЖПК Высота 108 108 108 Қосымша бөлме Достық даңғылы, 244 № 4-ші кәсіптік мектеп ММ 40 40 40 Жатақхана ғимараты Есенжанов көшесі, 1/1 Снежинка ТПК 24,2 24,4 24,2 Психикалық денсаулық орталығының ғимараты Есенжанов көшесі, 17 БҚО психикалық денсаулық орталығы ММ 30 30 30 № 35 мектеп-лицейінің ғимараты Жуков көшесі, 17 № 35 мектеп-лицей орталығы ММ 36 36 36 № 32 Орта мектебінің ғимараты Жданов көшесі, 48 № 32 орта мектебі ММ 50 50 50 № 30 Қазақ-орта мектебінің ғимараты Зачаганск поселкісі № 30-шы қазақ орта мектебі ММ. 78 78 78 Қосымша бөлме Красноармейская көшесі, 33 «НҰР» ЖПК 21,9 21,9 21,9 № 39 Орта мектебінің ғимараты Кокчетавская көшесі, 1/6 № 39 орта мектебі ММ 25 25 25 Ғимарат Кокчетавская көшесі, 16/1 Жас дәурен балалар кешені ММ 36 36 36 Чапаев атындағы кинотеатр Коммунистік көшесі, 16 БҚО кинопрокат кәсіпорыны МКҚК 320 320 320 Протез жасайтын шеберхана ғимараты Коммунистік көшесі, 37 БҚО еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау 65,8 65,8 65,8 Кеңесші-диагностикалық поликлиника ғимараты Киров көшесі, 22 №3 кеңесші-диагностикалық поликлиника МКҚК 10 10 10 № 6 Орта мектебінің ғимараты Киров көшесі, 24 №6 А. С. Макаренко атындағы орта мектеп ММ 40 40 40 Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ғимараты Киров көшесі, 47 БҚО Құрманғалиев атындағы – филармониясы МКҚК 2781,3 2781,3 2781,3 Гагарин атындағы кинотеатрдың ғимараты Комиссаров көшесі, 26 БҚО қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің мәдениет басқармасы МКҚК 92 92 92 Шеберханалар ғимараты Комиссаров көшесі, 28 Қалалық білім басқармасы ММ 91,4 91,4 91,4 Облыстық ауруханалар корпустары Комиссаров көшесі, 85 Облыстық аурухана МКҚК 133,1 133,1 133,1 №1-ші балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты Киров атындағы паркі №1-ші балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 54,5 54,5 54,5 № 26-ші орта мектептің ғимараты Макетная көшесі, 15 № 26-шы орта мектебі ММ 68 68 68 Орал газ мұнай және салалық технология колледжісінің ғимараты Т. Масин көшесі, 48 Орал газ мұнай және салалық технология колледжісі МКҚМ 321,2 321,2 321,2 № 33-ші орта мектептің ғимараты Еткомбинаты ауданы № 33-ші қазақ орта мектебі ММ 13,1 13,1 13,1 Әкімдік ғимараты Нариманов көшесі, 46 БҚО еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау 726,8 726,8 726,8 Әкімдік ғимараты Некрасов көшесі, 30/1 БҚО халықты әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту басқармасы ММ 1274,5 1274,5 1274,5 № 1-ші орта мектептің ғимараты Плясунков көшесі, 12 №1-ші орта мектебі ММ 61 61 61 № 4-ші кеңесші-диагностикалық поликлиникасы-ның ғимараты Пехотная көшесі, 62 №4-ші кеңесші-диагностикалық поликлиника МКҚК 43,9 43,9 43,9 № 5 Кәсіптік-техникалық лицей ғимараты Пойменная көшесі, 2/1 № 5 Кәсіптік-техникалық лицей ММ 30 30 30 Әкімдік ғимараты Почиталин көшесі, 72 Білім беру саласын информатикаландыру оқу әдістемелік орталығы МКҚК 636,1 636,1 636,1 Оқу корпусы Почиталин көшесі, 107 Батыс Қазақстан дәрігерлік колледжі 1293 1293 1293 Әкімдік ғимараты Рабочая көшесі, 45 БҚО қаржы басқармасы ММ 402,8 402,8 402,8 Музыкалық колледжісінің ғимараты Революция көшесі, 38 Құрманғазы атындағы музыкалық колледжі МКҚК 74 74 74 Кешен ғимараттары Суров көшесі, 78 Батыс Қазақстан дәрігерлік колледжі МКҚК 3012,7 0 0 № 27-ші қазақ орта мектебінің ғимараты Сейфуллин көшесі, 37 М. Маметова атындағы № 27 қазақ орта мектеп ММ 15 15 15 № 3-ші Перзентхана ғимараты Сенная көшесі, 4 № 3-ші перзентхана ММ 174,8 174,8 174,8 Жалпы типтегі интернат үйінің корпусы Сады көшесі, 28 Жалпы типтегі Орал интернат үйі ММ 56 56 56 Кеңесші-диагностикалық орталық ғимараты 3-ші құрылыс переулок көшесі, 6/1 Кеңесші-диагностикалық поликлиникасы МКҚК 28 28 28 № 2 кеңесші-диагностикалық орталық ғимараты С. Датұлы көшесі, 1 № 2 кеңесші-диагностикалық поликлиникасы МКҚК 59,9 59,9 59,9 Әкімдік ғимараты С. Датұлы көшесі, 4 Суқұбыры басқармасы МКК 75,4 75,4 75,4 Қосымша бөлме Саратовская көшесі, 26 «Геолог» ЖПТК 53,5 53,5 53,5 № 20-ші Орта мектебінің ғимараты Саратовская көшесі, 28 № 20-шы орта мектебі ММ 71,8 71,8 71,8 Әкімдік ғимараты К. Либкнехт көшесі, 18 БКО әкімдігі аппаратының шаруашылық басқармасы МКҚК 72 72 72 № 2-ші облыстық балалар ауруханасының ғимараты Фурманов көшесі, 160 № 2-шы облыстық балалар ауруханасы МКҚК 15,4 15,4 15,4 Жерасты жүріс жолы Фурманов көшесі мен Театральная көшесінің қиылысында Тұрғын үй коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы ММ 180 180 180 № 5-ші Орта мектебінің ғимараты Циолковский көшесі, 8/1 № 5-ші Орта мектебі ММ 24 24 24 Әкімдік ғимараты Х. Чурин көшесі, 63 «НҰР» ЖПГК 72,3 72,3 72,3 № 16-шы Орта мектептің ғимараты Чуйков көшесі, 63 №16-шы Орта мектебі ММ 12 12 12 № 2-ші Орта мектептің ғимараты Шыңғырлау көшесі, 7а №2-шы Орта мектебі ММ 20 20 20 № 14-ші ОДА-ң ғимараты Чапаев дивизиясы көшесі, 25 №14-шы отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы МКҚК 50 50 50 № 23-ші Орта мектептің ғимараты Щорс көшесі, 37 №23-шы Орта мектебі ММ 15 15 15 № 25-ші балалар бақшасының ғимараты 4-шағын ауданы Орал қалалық білім басқармасы ММ 87,5 87,5 87,5 № 28-ші толық емес мектеп ғимараты 6-шы шағынауданы, 13 №28-шы толық емес мектеп ММ 30 30 30 № 44-ші Қазақ орта мектебінің ғимараты 6-шы шағынауданы, 54 №44-шы Қазақ орта мектебі ММ 70,1 70,1 70,1 ЖИЫНТЫҒЫ: 17494 14481 14481 Батыс Қазақстан облысының аудандары. Әкімдік ғимараты Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесі, 99 Бөрлі аудандық әкімінің аппараты ММ 116,4 116,4 116,4 Аудандық аурухана ғимараты Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, 166 Бөрлі ауданы аймақтық дәрігерлік бірлестігі МКҚК. 20,2 20,2 20,2 Селолық округы әкімдігінің ғимараты Бөрлі ауданы, Бөрлі поселкісі Бөрлі ауданын әкімінің аппараты 28,7 28,7 28,7 Ғимарат Бөрлі ауданы, Березовка поселкісі Бөрлі ауданының бос уақыт орталығы МКҚМ 576 576 576 1,2,17,18-ші корпустар Бөрлі ауданы, вахталық қалашық Аксайкомсервис МКК 1936 1936 1936 Аурухана ғимараты Бөрлі ауданы, Жарсуат поселкесі, Ленин көшесі, 5 Бөрлі аймақтық дәрігерлік бірлестігі МКҚК 12,5 12,5 12,5 Әкімдік ғимараты Бөкейорда ауданы, Сайхин ауылы, Жароков көшесі, 5 Бөкейорда ауданы әкімінің аппараты ММ 20 20 20 Ғимарат Бөрлі ауданы, Пугачев поселкесі, Казахстанская көшесі, 18 Пугачев селолық округы әкімдігі 10,2 10,2 10,2 Әкімдік ғимараты Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы, 62 Жаңақала ауданы әкімінің аппараты ММ 62 62 62 Ғимарат Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Тайманов көшесі, 14 Коммунал МКК 337,7 337,7 337,7 Ғимарат Зеленов ауданы, Мичурино селосы, Казахстанская көшесі, 1 Зеленов ауданының білім беру бөлімі ММ 18 18 18 Ғимарат Зеленов ауданы, Рубежка поселкесі Зеленов аудандық білім беру бөлімі ММ 18 18 18 Бұрынғы кіржуатын орынның ғимараты Зеленов ауданы, Переметное селосы, Әуезов көшесі, 169 Зеленов коммуналдық кәсіпорындар комбинаты МКК 300 0 0 Жалпы білім беретін орта мектептің ғимараты Зеленов ауданы, Даринск поселкесі, Гагарин көшесі, 37 Даринск жалпы білім беретін орта мектебі ММ 28 28 28 Ғимарат Зеленов ауданы, Даринск поселкесі, Гагарин көшесі, 85 Зеленов аудандық білім беру бөлімі ММ 210 210 210 Аурухана ғимараты Зеленов ауданы, Даринск поселкесі, Шолохов көшесі, 5 Даринск аймақтық дәрігерлік бірлестігі МКҚК 42 42 42 Әкімдік ғимараты Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы, Құрманғалиев көшесі, 19 Қаратөбе аудандық әкімінің аппараты ММ 96,4 96,4 96,4 Аурухана ғимараты Казталовка ауданы, Жалпақтал поселкесі, Ақсыков көшесі, 14 Казталовка ауданының аймақтық дәрігерлік бірлестігі МКҚК 51,5 51,5 51,5 Аурухана ғимараты Казталовка ауданы, Казталовка поселкесі, Даниялов көшесі, 1 Казталовка ауданының аймақтық дәрігерлік бірлестігі МКҚК 25 25 25 Аурухана ғимараты Казталовка ауданы, Талдыапан ауылы, Абай көшесі Жалпақтал аймақтық дәрігерлік бірлестігі МКҚК 12,5 12,5 12,5 Поликлиника ғимараты Сырым ауданы, Жымпиты поселкесі, Советская көшесі, 17 Сырым ауданының аймақтық дәрігерлік бірлестігі МКҚК 18,5 18,5 18,5 Балалар бақшасының ғимараты Теректі ауданы, Подстепное поселкесі Подстепный селолық округы әкімдігі ММ 404 0 0 Әкімдік ғимараты Теректі ауданы, Федоровка селосы, Юбилейная көшесі, 18 Теректі ауданы әкімінің аппараты ММ 415,8 415,8 415,8 Әкімдік ғимараты Тасқала ауданы, Тасқала поселкесі, Тәуелсіздік көшесі, 16 Тасқала ауданы әкімінің аппараты ММ 75 75 75 Ғимарат Тасқала ауданы, Тасқала поселкесі, Жақсығұлов көшесі Тасқала еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі ММ 137,5 137,5 137,5 Ғимарат Тасқала ауданы Тасқала поселкесі, Ленин көшесі, 23 Тасқала ауданы әкімінің аппараты ММ 10,1 10,1 10,1 ЖИЫНТЫҒЫ: 4982 4278 4278