О внесении дополнений в областную Программу реабилитации инвалидов на 2003-2005 годы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерді сауықтыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламаға толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармақтың 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 29 желтоқсанындағы «Мүгедектерді сауықтырудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 11 шілдесіндегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау» Заңына сәйкес және облыс әкімдігінің 2003 жылғы 19 тамыздағы № 1-40-10/1269 ұсынысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облыстық әділет басқармасында 2002 жылдың 19 тамызында 1266 нөмірмен тіркелген облыстық мәслихаттың 2002 жылдың 19 шілдесіндегі № С-18-5 «Мүгедектерді сауықтыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламаны бекіту туралы» шешімімен бекітілген мүгедектерді сауықтырудың 2003-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасына келесі өзгертулер енгізілсін: 1 бөлімде «Мүгедектерді сауықтыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаның паспорты»: «Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздемеде»: «2001 жылдың 29 желтоқсанындағы» сөздерінен кейін «және Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңы» сөздері қосылсын; «Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерінде»: «мүгедектіктің деңгейін азайту» сөздерінен кейін «Кемтар балаларды анықтау және есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін құруға ықпал жасау, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау мәселелері бойынша қызметтерін біріктіру» сөйлемі қосылсын; «Бағдарламаның негізгі іс-шаралары» жаңа мазмұнда жазылсын: «Бағдарламада мүгедектерді медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалту бойынша ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру, оңалту мекемелерінің торабын дамыту және олардың материалдық - техникалық базасын нығайту, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету және оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік инфраққұрылымдар нысандарына бөгетсіз жете алуына жағдай жасау, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру салаларында мүгедектерді оңалту мәселелерімен айналысатын қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру қарастырылған. 7 бөлімде - «Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері»: 1, 4, 5, 7, 9, 12 абзацтарында «мүгедектерді» сөздерінен кейін және кемтар балаларды» сөздері қосылсын; 6, 8 абзацтарында «мүгедекдерге» сөзінен кейін «және кемтар балаларға» сөздері қосылсын; 10,11 абзацтарында «мүгедектердің» сөзінен кейін «және кемтар балалардың» сөздері қосылсын. бөлімде - «Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны жүзеге асыру тетіктері»: 1 тармақшада «мүгедектерді» сөздерінен кейін «және кемтар балаларды» сөздері қосылсын; 3 тармақшаның 1 абзацында «мүгедектерді» сөздерінен кейін «және кемтар балаларды» сөздері қосылсын; 3 тармақшаның 2 абзацында «мүгедек» сөзінен кейін «және кемтар балаларды» сөздері қосылсын; 3 тармақшаның 6 абзацы мына басылымда берілсін: «психологиялық және медициналық-педагогикалық кеңестердің, кемтар балаларға, мүгедек балаларға арналған білім берудің арнайы түзету ұйымдарының жүйесін кеңейту және сақтау»; 3 тармақшаның 8 абзацында «мүгедектерді» сөздерінен кейін «және кемтар балаларды» сөздері қосылсын; 4, 5 тармақшалардағы «мүгедектерді» сөзінен кейін «және кемтар балаларды» сөздері қосылсын; 6 тармақшадағы «мүгедектер» сөзінен кейін «және кемтар балалар» сөздері қосылсын. 7 бөлімде- «Бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер»: «мүгедектерді» сөзінен кейін «және кемтар балаларды»; «мүгедектердің» сөзінен кейін «және кемтар балалардың» сөздері қосылсын. 8 бөлімде - Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қосымшаға сәйкес 27, 28, 29, 30, 31 абзацтар қосылсын (қоса берілді).
Басқа 2
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 22 қазандағы № 3С-1-13 шешіміне Қосымша
Тарау 8. 8. Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 27 Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңын орындау мақсатында облыс әкімдігінің «Мүгедектер ісі жөніндегі Кеңес құру туралы» 2003 жылдың 26 ақпанындағы № а-2/68 қаулысына толықтырулар енгізу облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 2003 жылдың 3 тоқсаны қаржыландыруды талап етпейді 28 Кемтар балалардың уақытында диагнозын қою және психологиялық- медициналық-педагогикалық зерттеуді жүргізу мақсатында Степногорск, Атбасар қалаларында ПМПК ашу есебінен психологиялық-медициналық кеңестерінің торабын кеңейту. 2004 жылдың 15 қаңтарына дейін еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына ақпарат беру облыстық білім беру басқармасы 2003 жылдың 4 тоқсаны 2003 жыл- 3524,0 мың теңге Облыстық бюджет 29 Кемтар балалар мен олардың ата- аналарына медициналық және әлеуметтік сауықтыруда көмектесу үшін Көкшетау қаласында кемтар балалардың күндіз болатын орталығын ашу 2004 жылдың 15 қаңтарына дейін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына ақпарат еңбек, жумыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, Көкшетау қалалық халықты әлеуметтік қорғау департаменті 1 тоқсаны 2004 жыл- бөлінетін қаржы көлемінде бюджет 30 Кемтар балалармен жұмысты ұйымдастыру үшін еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің штаттарына әлеуметтік жұмыс және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша бас мамандардың қосымша бірліктерін енгізу, Көкшетау, Степногорск қалаларында, Атбасар, Щучье, Ақкөл, Бұланды, Ерейментау, Целиноград аудандарында әлеуметтік көмек бөлімшелерін ашу облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әр тоқсанның 25 күні ақпарат беру қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері кезең-кезеңмен 2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін 2003 ж. - 8085 мың теңге 2004 ж.- бөлінетін қаржы көлемінде 2005 ж.- бөлінетін қаржы көлемінде қалалық және аудандық бюджеттер 31 8 бөлімнің 9 тармағында «Жеке батыр санаторийіне» деген сөзден кейін «жэне мүгедек балаларды Алматы қаласын-дағы «Балбұлақ» санаторийіне, Көкшетау қаласындағы «Болашақ» сауықтыру орталығына» сөздері қосылсын. облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жыл сайын қаңтар, шілде айларының 15 күні ақпарат беру облыстық денсаулық сақтау басқармасы бағдарламаны жүзеге асыру ағымында қаржыландыруды талап етпейді