Қолданыстағы ред. 05.06.2003

2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау Бағдарламасы туралы от 05.06.2003 г. № 301-ІІ (2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау Бағдарламасы туралы)

0

2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында кемтар балаларды әлеуметтік
және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау Бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-II "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"
Заңын
орындау мақсатында XXIV сессиясында Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса берілген облыс әкімиятының 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 98 қаулысымен енгізілген 2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау Бағдарламасы бекітілсін (жалғанды).

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс мәслихатының әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3

2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау Бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-II "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"

Заңына

сәйкес, және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабын басшылыққа ала отырып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасау, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешу, балалар мүгедектігінің
алдын алу мақсатында облыс Әкімияты

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

:

1

1. Қоса берілген 2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау облыстық Бағдарламасы мақұлдансын және облыс мәслихатының кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын (әрі қарай -
Бағдарлама).

2

2. Атырау қаласы және аудан әкімдері, сәйкесті мекемелер және ұйымдар басшылары:

1

1) Бағдарламаны орындауға бағытталған қажетті шараларды алсын;

2

2) Бағдарламаның жүзеге асырылуын ұйымдастыру және көмек көрсету жөнінде мониторинг жүргізсін.

3

3. Атырау облыстық білім беру басқармасы Бағдарламаның тиісті орындалуын қамтамасыз етсін.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

10

Атырау облысы әкімиятының
2003 жылғы 11»сәуірдегі
N 98 қаулысына қосымша
2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау Бағдарламасы

1. 1. Бағдарламаның паспорты

1. Бағдарламаның паспорты
Атауы
Кемтар балаларды әлеуметтік, педагогикалық-медициналық түзеу арқылы қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеудің негізі
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-II ҚРЗ "Кемтар балаларды әлеуметтік, педагогикалық-медициналық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңы; Атырау облысы әкімінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 3-ө "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін жүзеге асыру шаралары туралы" өкімі
Негізгі әзірлеуші
Атырау облыстық білім беру басқармасы
Мақсаты
Дамуында ауытқушылықтары бар балалардың проблемаларын кешенді шешу негіздерін қалыптастыру, олардың толыққанды өмір сүруіне жағдайлар жасау
Негізгі міндеті
Кемтар балаларды анықтау және тіркеудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру; кемтар балаларды әлеуметтік бейімдеу;
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеуді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық, ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету;
Іске асу мерзімі
2003-2005 жылдар
Қаржыландыру көздері
Жергілікті бюджет қаржысы есебінен 22856,0 мың теңге, оның ішінде 2003 жылға 8706,0 мың теңге, сонымен қатар бюджеттен тыс көздерден (келісім бойынша)
Күтілетін нәтижелер
Туа біткен және тұқым қуалау аурулары бар балалар, мүгедек балалар және мүгедектікке әкелетін функционалдық бұзылыстары бар балалар санының азаюы, қажетті жағдайлар жасау.

2. 2. Кіріспе

2. Кіріспе
Бағдарлама психикасы мен дене бітімінің дамуында әртүрлі ауытқушылықтары бар кемтар балалар санының өсу беталысына байланысты, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектігінің алдын алуға бағытталған, кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдістері айқындалған Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-II "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

3. 3. Бағдарламаның мазмұны және оны шешу қажеттігін негіздеу

3. Бағдарламаның мазмұны және оны шешу қажеттігін негіздеу

1

1. Атырау облысында Қазақстан Республикасының өзге де аймақтарындағыдай, мүгедек балалар санының өсуі байқалып отыр. Экологиялық жағдайдың нашарлауы, ядролық сынақтардың салдары, әйелдердің еңбек ету жағдайларының қолайсыздығы, жарақаттанудың өсуі, ата-аналардың, әсіресе, аналардың ауру-сырқауы деңгейінің жоғарылығы балалар мүгедектігіне мүмкіндік туғызатын себептердің негізгілері болып табылады. Өмір сүру, медициналық қызмет көрсету жағдайларын жақсартудың, білім беру, балалар мен мүгедек жасөспірімдердің еңбекке және кәсіби даярлау сапасын көтерудің шаралары жүргізіліп отырса да, әлеуметтік, экономикалық, педагогикалық, медициналық мәселелердің бүтіндей бір кешені шешілмеген күйінде қалып отыр.

2

2. 2002 жылы Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының қабылдануы балалар мүгедектігі проблемасының маңыздылығы мен өткірлігін мойындау актісі болып табылады.
Кемтар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдары желісін дамыту мақсатында Атырау қаласында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін ашу үшін қаражат бөлінді.
Барлық босанатын әйелдерге дәрігерлік көмек беретін және амбулаториялық-поликлиникалық ұйымдарда қатер»тобындағы және психологиялық медициналық-педагогикалық консультацияларда кемтар балаларды ерте бастан айқындау жүргізіледі. 2001-2002 оқу жылында
психологиялық медициналық-педагогикалық консультациядан барлығы 1288 бала өтті, оның ішінде 290 бала үйде оқытылады, 514 бала оқытуға жатпайды.

3

3. Бағдарлама соқыр болып қалған және нашар көретін, саңырау болып қалған және нашар еститін балаларды жеке және ұжымдық пайдалануға арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылады.
2000 жылы облыс аудандарының және қаланың церебральді паралич ауруымен ауыратын, түрлі деңгейде есту қабілеті бұзылған, ақыл-ойы кенжелеп қалған балаларды психологиялық-педагогикалық түзеу, медициналық қалпына келтіру және әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу мақсатында балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы ашылды. Бір баланы күтуге бюджеттен ай сайын 16 757 теңге бөлінеді, ол бір жылда 201 090 теңгені құрайды. Балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы ашылғаннан бері (2000 жылдың қараша айы 2002 жылдың қыркүйек айы) 636 бала түзеу көмегін алды.
Алайда балалар денсаулығын қалпына келтіру орталықтарын, мектеп және үй-интернаттарды тиімділігі жоғары қалпына келтіру дәрілерімен, отандық және шетелдік құралдармен жабдықтау проблемасы шешілмеген күйінде қалып отыр.

4. 4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
Бағдарламаның мақсаты дамуында ауытқушылықтары бар балалар проблемаларын кешенді түрде шешудің негізін қалыптастыру, олардың толыққанды өмір сүруіне жағдайлар жасау болып табылады. Бағдарлама төмендегі міндеттердің шешілуін қамтиды: балалар мүгедектігінің алдын алу жөніндегі сақтандыру жұмысын күшейту; мүгедек балаларды кешенді медициналық, педагогикалық және әлеуметтік қалпына келтіру үшін жағдайлар жасау; мүгедек балаларды қалпына келтірудің техникалық құралдарымен және өзіне-өзі тұрмыстық қызмет көрсетуді
жеңілдететін құралдармен қамтамасыз ету; балалар мүгедектігінің көкейкесті проблемалары жөнінде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру; мүгедек балалармен жұмыс жасайтын кадрлардың біліктілігін жүйелі көтеріп отыруды қамтамасыз ету; мүгедек балаларға арналған арнаулы
мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту.

5. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі
Туа біткен және тұқым қуалау ауруларын, есту және көру қабілетінің, орталық нерв жүйесінің бұзылуын ерте бастан анықтауға бағытталған шаралар қарастырылады.
Базалық типтік кешенді қалпына келтіру бағдарламаларын, дене бітімі және ақыл-ойы дамуындағы ауытқушылықтарымен дүниеге келетін балалар мен мүгедек балалар санын азайтудың, мүгедектікке әкелетін функционалдық бұзылулардың ауырлығын азайтудың, созылмалы аурулармен
ауыратын балаларды мүгедек болудан сақтап қалудың қазіргі әдістерін жасау, дамуында ауытқушылықтары бар балаларды психологиялық, дене бітімінің және жеке ерекшеліктеріне ерте бастан диагноз қою және оларды қалпына келтіру әдістерін меңгеру мақсатында балалар мүгедектігі проблемалары жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу ұйғарылады.
Мүгедек балалардың және балалар мүгедектігінің проблемалары жөнінде бейнефильмдерді қоса, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар және ақпараттық материалдар шығару қарастырылады. Балалар үй-интернаттары мен қалпына келтіру орталықтарын түрлі қажеттіліктері: ауруларды емдеу мекемелері мен қалпына келтіру орталықтарына тасымалдау, мәдени-көпшілік шаралар,
медициналық-педагогикалық консультациялар өткізу үшін автокөлікпен қамтамасыз ету ұсынылады.
Мүгедек балалармен әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарды қайта даярлау шаралары, мүгедек балалардың және балалар мүгедектігі проблемалары жөніндегі семинарлар мен конференциялар өткізу, ақыл-ойы және дене бітімі дамуында ауытқушылықтары бар балаларды
белсенді демалыс пен мәдени өмірге қатысуға тарту жөніндегі шараларды іске асыру қарастырылады.
Ақыл-ойы мен дене бітімінде ауытқушылықтары бар баланың шығармашылық әлеуетін анықтау оның мүмкіндіктерін жетілдіруге және қоғам өміріне белсенді араласуға тарту мүмкіндігін береді. Облыс аудандарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін
біртіндеп ашу, қосымша арнаулы сыныптар, логопед пункттерін ашу қарастырылады.
Бағдарламаны жүзеге асыруға қатысуға атқару билігінің жергілікті органдары, ұйымдар, соның ішінде әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау басқармалары тартылады.

6. 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2003-2005 жылдар аралығында іске асырудың барлық кезеңіне Бағдарламаны қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 22856,0 мың теңге талап етіледі. Облыстық бюджеттің жыл сайынғы шығындары орта есеппен 2003 жылы - 8706,0 мың теңгені, 2004 жылы - 6900,0 мың теңгені, 2005 жылы - 7250,0 мың теңгені құрайды.
Бағдарламаның іс-шараларын жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдері жыл сайын сәйкесті жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу және қалыптастыру кезінде нақтыланады, сонымен қатар Бағдарламаның бірқатар іс-шараларын жүзеге асыру үшін бюджеттен
тыс көздерді тарту жоспарланып отыр.

7. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаның негізгі нәтижесі болып бәрінен бұрын мүгедектікке әкелетін туа біткен және тұқым қуалау аурулары, даму кемістіктері бар балалардың туылу оқиғаларының азаюы табылады.
Қалпына келтірудің барлық түрлерінің жаңа технологияларын енгізу және кемтар балаларды жеке техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүгедек балалардың білім алуға, спорт пен мәдениетке араласуына қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, қалпына келтіру шараларының
тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.

8. 8. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі іс-шаралар жоспары

8. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ №
Іс-
ша­ра
Аяқ­та­лу ны­са-ны
Орын­да­луы­на жа­у­ап-ты
Орын­да-лу мер­зі­мі
Ша­ма­лан­ған шы­ғын­дар
қар­жы­лан
ды­ру көз­де­рі
2003
(мың теңге)
2004
(мың

теңге

теңге)
2005
(мың теңге)
1
2
3
4
5
6
7
1
Ба­ла­лар­ға жап­пай ке­шен­ді ме­ди­ци­на­лық, пси­хо­ло­ги­я­лық және пе­да­го­ги­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жұ­мыста­рын жүр­гі­зу
Ве­дом­ство­лық бұй­рық
Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы, Об­лы­стық бі­лім бе­ру бас­қар­ма­сы
Жыл сайын кесте бойынша
Штат-
тық кестеге сәйкес
Жер­гі­лік­ті бюд­жет
2
Аты­рау қа­ла­сын­да қа­ла­лық пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да-
го­ги­ка­лық кон­суль­та­ция құ­ру
Об­лыс әкі­мі­нің ше­ші­мі
Аты­рау қа­ла­сы­ның әкі­мі, Об­лы­стық бі­лім бе­ру бас­қар-ма­сы, қа­ла­лық бі­лім бе­ру бө­лі­мі
2003 жыл
3168,0
Жер­гі­лік­ті бюд­жет
3
Облыс аудандарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін ашу:

1

1) Қызылқоға және Құрманғазы аудан- дары (2003 жыл)

2

2) Жылыой және Индер аудандары (2004 жыл)

3

3) Махамбет, Мақат және Исатай аудан- дары (2005 жыл)
Облыс әкімінің шешімі
Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы, Об­лы­стық бі­лім бе­ру бас­қар­ма­сы
2003 жылдың қаңтар айы
2004 жыл
2005 жыл
3738,0
3500,0
3500,0
Жергілікті бюджет
4
Қаланың мөлтек аудандарында психикалық дамуында кідірістер бар балаларға арналған сыныптар желісін кеңейту (Авангард, Вокзал маңы, Маслопром)
Білім беру басқарма-сының бұйрығы
Аты­рау қа­ла­сы­ның әкі­мі, Об­лы­стық бі­лім бе­ру бас­қар­ма­сы, қа­ла­лық бі­лім бе­ру бө­лі­мі
2003-2005 жылдар
500,0
600,0
Жер­гі­лік­ті бюд­жет
5
Ма­қат және Ма­хам­бет
аудан­да­рын­да пси­хи-
ка­лық да­муын­да кі­ді­рі­стер бар ба­ла­лар­ға ар­нал­ған сы­нып­тар, мек­теп­ке дей­ін­гі ба­ла­лар ме­ке­ме­ле­рі жа­ны­нан, жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер жа­ны­нан ло­го­пункт­тер ашу
Бі­лім бе­ру бас­қар­ма­сы­ның бұй­ры­ғы
Аты­рау об­лы­сы­ның әкі­мі, Об­лы­стық бі­лім бе­ру бас­қар­ма­сы, қа­ла­лық бі­лім бе­ру бө­лі­мі
2004-2005 жылдар
500,0
600,0
Жер­гі­лік­ті бюд­жет
6
Біліктілігін көтеру институты базасында түзеу мекемелері мамандарының курстарын және қайта даярлауды ұйымдастыру
Білім беру басқарма
сының бұйрығы
Облыстық білім беру басқармасы, Облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
2003-2005 жылдар
300,0
400,0
550,0
Жер­гі­лік­ті бюд­жет
7
Кемтар балаларды жұмысқа орналастыруға көмектесу
Облыс әкімінің шешімі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, қала және аудан әкімдері
2003 жылдың мамыр айы
2004 жыл
2005 жыл
Шы­ғын­дар­ды та­лап ет­пей­ді
Шығын
дарды талап етпей-ді
Шы­ғын­дар­ды та­лап ет­пей­ді
Жергілікті бюджет
8
Ба­ста­уыш кә­сіп­тік оқу орын­да­ры жа­ны­нан пси­хи­ка­лық да­муын­да кі­ді­рі­стер
бар ба­ла­лар­ға ар­нал
ған сы­нып­тар ашу
Білім беру басқарма-сының бұйрығы
Об­лы­стық бі­лім бе­ру бас­қар­ма­сы
2003-2005 жылдар
500,0
500,0
Жергілікті бюджет
9
Кем­тар ба­ла­ла­ры бар ата-ана­лар­ға ар­нал­ған лек­ци­я­лар жүр­гі­зу және жал­пы­ға мін­дет­ті құқық­тық оқу ұй­ым­да­сты­ру
Білім беру басқармасының бұйрығы
Об­лы­стық ден­са­улық  сақ­тау бас­қар­ма­сы, Об­лы­стық бі­лім бе­ру бас­қар­ма­сы
2003-2005 жылдар
Шы­ғын­дар­ды та­лап ет­пей­ді
Шы­ғын­дар­ды та­лап ет­пей-ді
Шы­ғын
дар­ды та­лап ет­пей­ді
10
Мүгедек балаларды белсенді өмір
сал­ты­на тар­ту мақ­са­тын­да қа­ла­лық, аудан­дық, және об­лы­стық көр­кем өнер­паз­дар, су­рет­тер, қол­дан іс­тел­ген бо­я­ма­лар және шы­ғар­ма­шы­лық- тың өзге түр­ле­рі­нің кон­кур­ста­рын өт­кі­зу
Бі­лім бе­ру бас­қар­ма-сы­ның бұй­ры­ғы
2003-2005 жылдар
500,0
500,0
500,0
Жер­гі­лік­ті бюд­жет
11
Мү­ге­дек ба­ла­лар­дың об­лы­стық "Біз­дің қо­лы­мы­здан бә­рі ке­ле­ді"» фе­сти­валь­де­рін өт­кі­зу
Бі­лім бе­ру бас­қар­ма-сы­ның бұй­ры­ғы
Об­лы­стық бі­лім бе­ру бас­қар­ма­сы, Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы
500,0
500,0
500,0
Жер­гі­лік­ті бюд­жет
12
Үй-ин­тер­нат­тар­да тұ­ра­тын мү­ге­дек ба­ла­лар ара­сын­да спорт­тық жа­ры­стар өт­кі­зу және олар­ды рес­пуб­ли­ка­лық спар­та­ки­а­да­лар­ға да­яр­лау жө­нін­де ша­ра­лар алу
Бі­лім бе­ру бас­қар­ма
сы­ның бұй­ры­ғы
Об­лы­стық бі­лім бе­ру бас­қар­ма­сы,Об­лы­стық спорт және ту­ризм бас­қар­ма­сы, Қа­ла­лық бі­лім бе­ру бө­лі­мі, аудан­дық бі­лім бе­ру бө­лім­де­рі
2003-2005 жылдар
500,0
500,0
500,0
Жер­гі­лік­ті бюд­жет