О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата «О состоянии и мерах по усилению борьбы с бедностью, безработицей и совершенствованию форм и методов оказания адресной социальной помощи нуждающимся. Об утверждении областной Программы по снижению бедности на 2003 - 2005 годы и плана мероприятий по ее выполнению» № 29-1 от 11 февраля 2003 года (регистрационный № 2002 от 3 марта 2003 года) Күшін жойған
Басқа 0
«Жұмыссыздық пен кедейшіліктің жағдайы мен оған қарсы күресті күшейту шаралары және мұқтаждарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсетудің нысандары мен әдістерін жетілдіру туралы. Облыстық кедейшілікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» 2003 жылғы 11 ақпандағы № 29-1 облыстық мәслихаттың шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы (тіркеу № 2002 3 наурыз 2003 жыл.)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында кедейлікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» 2003 жылдың 26 наурызындағы № 296 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
“Жұмыссыздық пен кедейшіліктің жағдайы мен оған қарсы күресті күшейту шаралары және мұқтаждарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің нысандары мен әдістерін жетілдіру туралы. Облыстық кедейшілікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы” 2003 жылғы 11 ақпандағы N 29-2003 жыл.” 1 облыстық мәслихаттың шешіміне ( тіркеу № 2002 3 наурыз “Приуралье” газетінің №37 01.04.2003 жыл, №38 03.04.2003 жыл, № 40 08.04.2003 жыл, № 43 15.04.2003 жыл, № 46 22.04.2003 жыл сандарында жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Көрсетілген шешіммен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының кедейшілікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылға арналған Бағдарламасында»:
«1 Бағдарламаның төлқұжаты» бөлігіндегі әзірлеу негіздемесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 «Қазақстан Республикасының кедейшілікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы Қаулысы»
Тармақша 2
2) «2 Кіріспе» бөлігінің 1 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Облыстық Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 «Қазақстан Республикасының кедейшілікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы Қаулысына сәйкес әзірленді».
Тармақша 3
3) 5.2.2.4 Халықтың әлеуметтік осал – жіктеріне мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру деген бөлімшедегі график өзгертілсін:
млн.тенге
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешіммен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының кедейшілікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны жүзеге асыру іс-шаралары Жоспарында:
Тармақша 1
1) Бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралары Жоспарының Үлгісі жаңа редакцияда жазылсын:
№
Іс-шараның атауы
Аяқтау нысаны
Орындауға жауаптылар
Орындалу мерзімі
Күтілетін шығындар (млн. тенге)
Қаржыландыру кездері
1
2
3
4
5
6
7
Тармақша 2
2) «Халықтың әлеуметтік осал-жіктеріне мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру» деген 6 басымдылықтың «Күтілетін шығындар» бағанындағы»
6.2 тармағында «569,1» және «561,3» сандары сәйкесінше
«379,7» және «525,7» сандарына ауыстырылсын:
6.3 тармағында «170,4» и «198,3» сандары сәйкесінше
«119,8» және «141,7» сандарына ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) Бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралары Жоспары мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
«Ескерту. Күтілетін шығындар сомасы республикалық және облыстық бюджеттік комиссияларымен тиісті қаржылық жылғы арналған бюджет жобасының нәтижесін шығарғаннан кейін анықталады.»