О Плане мероприятий акима Костанайской области по реализации Программы Правительства Республики Казахстан на 2003-2006 годы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қостанай облысы әкімінің іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 29-бабының 2-тармағына және 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қостанай облысы әкімінің ұсынылып отырған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қостанай облысы әкімінің іс-шаралар жоспарын орындаудың барысы туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың басшылары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-нен кешіктірмей экономика және сауда департаментіне ақпарат беріп отырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қостанай облысы әкімінің іс-шаралар жоспары
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2003 жылғы 16 қазандағы № 41 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қостанай облысы әкімінің іс-шаралар жоспары № № Іс - шаралар Аяқтау нысаны Жауапты атқарушылар Іске асыру мерзімі 1. Аймақтық саясат 1.1. Аймақтық даму 1.1.1. Қостанай облысының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін Облыстық мәслихаттың шешімі Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті 2005 жылдың IV тоқсаны 1.1.2. 2004-2006 жылдарға арналған шағын қалаларды (Арқалық, Лисаков, Жітіқара қалалары) дамытуға аймақтық бағдарлама әзірлеу Қалалық және аудандық мәслихаттар-дың шешімі Арқалық қаласы, Лисаков қаласы және Жітіқара ауданының әкімдері IV тоқсан 2003 жыл 1.2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 1.2.1. ПИТК, ПИК жұмысын және басқа нысандағы кондоминиум басқармаларының жұмысына талдау жасап тұрғын үй қорларының жүйесін жетілдіру мақсатында ұсыныстар дайындау ҚР-ның Индустрия және сауда министрлігіне ұсыныстар Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті, қалалар және аудандар әкімдері Қаңтар-ақпан 2004 жыл 1.2.2. Қазақстан Республикасындағы тұрғын-үй-коммуналдық саласын дамыту Бағдарламасын дайындауға қатысу Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне ұсыныстар Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті, қалалар және аудандар әкімдері III тоқсан 2004 жыл 2. Индустриалдық-инновациялық саясат 2.1. 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру мақсатында 2003-2005 жылдарға арналған Қостанай облысының жоспар шараларын әзірлеу Әкімияттың қаулысы Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті, экономика және сауда департаменті IV тоқсан 2003 жыл 2.2. Аймақтық индустриалдық-инновациялық бағдарлама әзірлеу Облыстық мәслихаттың шешімі Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті, экономика және сауда департаменті, ауылшаруашылық департаменті, қалалар, аудандар әкімдері II тоқсан 2004 жыл 2.3. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық стратегиясын асыру Қостанай 2004-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін Облыстық мәслихаттың шешімі Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, қалалар мен аудандардың әкімдері 2005 жылдың III тоқсаны 2.1. Минералдық-шикізат кешені 2.1.1. Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға (1 кезең 2004-2006 жылдар) арналған газ саласын дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу ҚР-ның Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне ұсыныстар Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті IV тоқсан 2003 жыл 2.2. Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі 2.2.1. 2006-2016 жылдарға арналған энергия жинау жөніндегі Бағдарламаны (1-кезең 2006-2008 жылдар) дайындауға қатысу Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне ұсыныстар Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті, қалалар, аудандар әкімдері III тоқсан 2005 жыл 2.3. Өңдеу өнеркәсібі 2.3.1. Қостанай дизель зауытының комплексін қалпына келтіру Есеп Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті, Қостанай қалалық әкімияты тоқсан сайын, 2003-2004 жылдар 2.3.2. Модернизацияланған АМЗ-МАН двигательдерін сериялық өндіруді ұйымдастыру Есеп Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті, Қостанай қалалық әкімияты 2006 жыл 2.3.3. «Өркен-Лисаковск» (ЖШС) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдігінің өндірісіне темір кенді концентратын фосфорсыздандыру технологиясы енгізілсін Есеп Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті, Лисаков қаласының әкімі 2005 жыл 2.3.4. «ССКБӨҚ» ААҚ металданған өнімді өндіруді ұйымдастыру Есеп Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті, Рудный қаласының әкімі 2006 жыл 2.3.5. «Азия-Керамика» ЖШС базальт негізінде жылытатын минерал мақта өндірісі ұйымдастырылсын Қостанай қаласы Есеп Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті 2006 жыл 2.4. Құрылыс 2.4.1. 2005 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына 226 пәтер және ипотекалық кредит беру жүйесі арқылы 360 пәтер енгізу қамтамасыз етілсін Есеп Қостанай, Арқалық, Лисаков, Рудный қалаларының әкімдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті Қаңтар 2006 жыл 2.4.2. 2005-2007 жылдары барлық қаржыландыру көздері есебінен 418,2 мың шаршы метр тұрғын үйлерінің енгізілуі қамтамасыз етілсін Есеп Қалалар мен аудандардың әкімдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті Тоқсан сайын 2.5. Шағын және орта бизнес 2.5.1. Кәсіпкерлік БАҚ-та мәселелеріне қатысты жариялау заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар мониторингі жүргізілсін «Хабардар болу» акциясы» Ұсыныстар Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті Жыл сайын 1 қаңтар мен 1 шілдеге 2.5.2. ШКС екінші деңгейдегі банктермен несиелеуіне мониторинг жүргізу және шаралар әзірлеу Ақпарат Қазақстан Республикасы ұлттық банк филиалы (келісім бойынша) Тоқсан сайын 2.5.3. Жаңа деректер жинақтамасын құру және істеп тұрғандарын қолдау: «Бизнес-жоспарлар»; «Әкімшілік құқық бұзу»; «Пайдаланылмайтын алаңдар мен жабдықтар»; «Еңбек рыногі»; «Коммуналдық тапсырыстар»; «Инновациялар» Ақпарат Экономика және сауда департаменті 2003-2005 жылдар тоқсан сайын 2.5.4. Жергілікті және аумақтық атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері жөніндегі сараптама кеңестерінің қызметтері жандандырылсын Ақпарат Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті Жыл сайын 1 қаңтар мен 1 шілдеге 2.5.5. Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламасы жасалсын және бекітілсін Облыстық мәслихаттың шешімі кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, қалалар мен аудандардың әкімдері 2005 жылдың IV тоқсаны 3. Аграрлық саясат 3.1. Республикалық бюджеттен берілетін қаражаттарды асылдандыру ісі, таңдаулы тұқымға, ветеринарлық іс- шараларға, өсімдіктерді қорғау және карантин жүргізуге, минералдық тыңайтқыштарды, гербицидтерді және дәрілеуді қаражаттандыруды тиімді және уақытында игеруді қамтамасыз ету Ақпарат Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің облыстық аймақтық басқармасы (келісім бойынша) 3.2.1. Майлы дақылдарын себуді кеңейту мақсатында «Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны базасында рапсты май етіп қайта өңдеу, сақтау және өсіру жөніндегі облыстық бірлестік (ассоциация) құрылсын. 2010 жылға рапс дақылын себу көлемі 20 мың га дейін жеткізілсін. Ақпарат Ауыл шаруашылығы департаменті Жыл сайын, қаңтар 3.2. Егіс алқабының құрылымын оңтайландыруға шаралар әзірлеу, ғылыми негізделген ауыспалы егісті енгізу Жоспар шаралар Ауылшаруашылық департаменті (АШД) III тоқсан, жыл сайын 3.3. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған шараларды орындауға көмектесу Есеп АШД I тоқсан, жыл сайын 3.4. Ауылшаруашылық техникасын лизингтік негізде қамтамасыз етуді ұйымдастыруға арналған жұмыстарды әрі қарай жалғастыру Есеп АШД Ақпан жыл сайын 3.5. Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ауылдық несие серіктестерін (АНС) құруға, лицензия алуға құжаттарды оңайлатуға көмек көрсету Есеп АШД I тоқсан, жыл сайын 3.6. 2004-2010 жылдарға арналған ауыл аумақтарын дамытудың облыстық бағдарламасын әзірлеу Облыстық мәслихаттың шешімі АШД IV тоқсан, 2003 жыл 3.7. «Мал өнімдері корпорациясы» ЖАҚ және «Продкорпорация» ЖАҚ ауылшаруашылық өнімдерін біржола сатып алуды белсенді жүргізуге іс- шаралар әзірлеу Іс-шаралар жоспары АШД I тоқсан, 2004 жыл 3.8. Шаруа қожалықтарын I-II репродукциядағы тұқымдармен қамтамасыз ету үшін облыста тұқым шаруашылық репродукт-шаруа жүйесі құрылсын, олардың саны 2005 жылы - 40 бірлікке және 2006 жылы - 45 бірлікке дейін жеткізілсін Ақпарат Ауыл шаруашылығы департаменті Жыл сайын, қаңтар 3.9. Сүт кластер мен дәндерді өңдеу кешенін құру және дамыту жөніндегі жоспардың пилоттық жобасы жасалсын Жоспар Ауыл шаруашылығы департаменті, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті 2005 жылдың IV тоқсаны 4. Инфрақұрылымдық саясат 4.1. Істеп тұрған коммуникациялық жүйелерге модернизация жүргізу Іске қосу актісі Жол шаруашылығы және көлік департаменті (ЖШжКД) тоқсан сайын, 2003-2006 жылдар 4.2. Кабельдік байланыс желісін салу және жүйемен жіберуді цифрландыруды жүргізу Іске қосу актісі ЖШжКД тоқсан сайын, 2003-2006 жылдар 4.3. Елді мекендерді телефондандыру проблемасын шешу үшін радио±зартқыш енгізу Іске қосу актісі ЖШжКД тоқсан сайын, 2003-2006 жылдар 4.4. Жабдықтардың шағын модернизациясын жүзеге асыру Іске қосу актісі ЖШжКД тоқсан сайын , 2003-2006 жылдар 4.5. Алыс және қиындықпен жететін аудандарға ДАМА спутниктік жүйені енгізу Іске қосу актісі ЖШжКД тоқсан сайын, 2003-2006 жылдар 4.6. Жаңа электрондық автоматтық стансалар салуды жүзеге асыру Іске қосу актісі ЖШжКД тоқсан сайын, 2004-2006 жылдар 4.7. Алыс жерлерде радиолардың болуы үшін желілі байланысты радио±зартқыштарға алмастыру арқылы енгізу Іске қосу актісі ЖШжКД 2006 жыл 4.8. Жергілікті маңыздағы автожолға (62,35 км.) күрделі жөндеу жүргізу Іске қосу актісі ЖШжКД тоқсан сайын, 2004-2006 жылдар 4.9. Жергілікті маңыздағы автожолға (67 км) орташа жөндеуді жүргізу Есеп ЖШжКД тоқсан сайын, 2004-2006 жылдар 4.10. Жергілікті маңыздағы автожолдарды ұстап түру және көгалдандыру, ағымды жөндеуді жүзеге асыру Есеп ЖШжКД тоқсан сайын, 2004-2006 жылдар 4.11. Жасанды ғимараттарға, көпірлерге және су ағатын құбырларға (39 дана) жөндеу жүргізу Есеп ЖШжКД тоқсан сайын, 2004-2006 жылдар 4.12. Республикалық маңыздағы автожолдарға қалпына келтіру және күрделі жөндеу мына бағыттарда: М-36 «РФ Шекарасы (Екатеринбург)-Алматы» Р-36 «Қостанай-Әулиекөл- Сұрған» Іске қосу актісі Автомобиль жолдары және инфрақұрылым комплексін салу облыстық басқармасы (АЖжИК-СОБ) (келісім бойынша) тоқсан сайын, 2004-2006 жылдар 4.13. Республикалық маңыздағы автожолдарға орташа жөндеу мына бағыттарда: М-36 «РФ Шекарасы (Екатеринбург)-Алматы»; Р-38 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған»; Р-39 «Екатеринбург-Алматы»-»Қостанай-Қарабұтақ»; Р-38 «Қостанай-Әулиекөл-Қостанай-Қарабұтақ»; А-21 «Қостанай-Мамлютка»;А-22 «Қарабұтақ-Қостанай» Есеп АЖжИКСОБ (келісім бойынша) тоқсан сайын, 2004-2006 жылдар 4.14. Республикалық маңыздағы автожолдарды ұстап тұру және көгалдандыру, ағымды жөндеуді жүзеге асыру Есеп АЖжИКСОБ (келісім бойынша) тоқсан сайын, 2004-2006 жылдар 5. Сауда саясаты 5.1. Сырт сауда 5.1.1. РФ шекаралас (Челябі, Қорған, Орынбор) облыстарымен сауда байланысын қолданыстағы келісім шарт шеңберінде дамыту Ақпарат Экономика және сауда департаменті Жыл сайын 1 шілдеге және 1 қаңтарға 5.1.2. Отандық тауарөндірушілердің өнімдерінің сыртқы рынокқа өтуіне ықпал жасау Ақпарат Экономика және сауда департаменті жыл сайын, 2004-2006 жылдар, 5.1.3. Алынып тасталды 5.1.4. Қазақстанның ДСҰ түсуіне байланысты облыстық кәсіпорындардың бәсекелестігін қамтамасыз ету үшін ұсыныстар жасау Ақпарат Экономика және сауда департаменті 2004ж. I тоқсан 5.2. Ішкі сауда 5.2.1. Облыстың тұтынушылар рыногінде сапалы тауарларды көбейтуге жәрдемдесу Ақпарат Экономика және сауда департаменті Жыл сайын 1 шілдеге және 1 қаңтарға 5.2.2. Облыстың тұтынушылар рыногінде жергілікті тауар үлесін көбейту жұмысын жүргізу Ақпарат Экономика және сауда департаменті Жыл сайын 1 шілдеге және 1 қаңтарға 5.2.3. Сауда қызметінің және қоғамдық тамақ жүйесін дамытуға жәрдемдесу жұмысын жүргізу, қазіргі нысандағы қызмет көрсетуді енгізу Ақпарат Экономика және сауда департаменті Жыл сайын 1 шілдеге және 1 қаңтарға 6. Әлеуметтік саясат 6.1. Білім беру 6.1.1. Алынып тасталды 6.1.2. Білім беру ұйымдарын салу, қалпына келтіру және ұлғайту, оның ішінде апаттық ғимараттарды ауыстыруды іске асыру үшін шаралар қабылдау, ауыл дардағы білім ошақтарына күрделі жөндеулер жүргізу Есеп Білім беру департаменті, ауылшаруашылық департаменті, қалалар және аудандар әкімдері IV тоқсан жыл сайын 6.1.3. Барлық мемлекеттік жалпы білім беру мектептеріндегі жаппай оқу қорына толық көлемде қаржыландыру Есеп Білім беру департаменті, қалалар және аудандар әкімдері Тоқсан сайын 6.1.4. ҚР Үкіметінің 19.02.2003 жылғы N 173 «Білім беру ұйымдарындағы оқитындарды және тәрбиеленетіндерді оқулықтармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік орта білім ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету Есеп Білім беру департаменті, Қыркүйек жыл сайын 6.1.5. Білім беру жүйесін, оның ішінде мектепке дейінгі, мектеп сыртындағы, интернаттағы, түзету ұйымдарын жетілдіру Есеп Білім беру департаменті, қалалар және аудандар әкімдері желтоқсан жыл сайын 6.1.6. Мектеп жасындағы балалардың барлығын оқумен жаппай қамтамасыз ету Есеп Білім беру департаменті, қалалар және аудандар әкімдері тоқсан сайын 6.1.7. Білім беру қызметіне лицензия беру қамтамасыз етілсін Есеп Білім беру департаменті Тоқсан сайын 6.1.8. Білім беру ұйымдардың мемлекеттік аттестациялау жүргізу жөніндегі шаралар қабылдансын Есеп Білім беру департаменті Жыл сайын, қаңтар 6.2. Денсаулық сақтау 6.2.1. Салауатты қалалар, «Салауатты мектептер» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобасын енгізу Есеп Салауатты өмірді қалыптастыру проблемасының Қостанай облыстық орталығы (СӨҚП- ҚОО) 2004 жылдың 1 жарты жылдығы 6.2.2. Салауатты өмірді қалыптастыру мәселесіне қатысты облыстың мекемелері үшін алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетуге мамандар даярлау: 2003 ж 200 адам 2004 ж 200 адам Есеп (СӨҚП-ҚОО) IV тоқсан, жыл сайын 6.2.3. Күрделі жөндеу өткізу және осы кездегі медициналық жабдықтармен жабдықтау: облыстық аурухананы облыстық балалар ауруханасын Есеп Денсаулық сақтау департаменті IV тоқсан 2003 жыл 2004 жыл 6.2.4. Жүрек-тамыр патологиясы бар аурулардың облыстық тіркеу кітабын жасау Есеп Денсаулық сақтау департаменті IV тоқсан 2004 жыл 6.2.5. Алғашқы санитарлық көмек көрсететін ауылдық денсаулық сақтау объектілерінің 85 пайызына жөндеу жүргізу Есеп Денсаулық сақтау департаменті, қалалар және аудандар әкімдері IV тоқсан 2003 жыл 6.2.6. Қостанай облысында 2004-2006 жылдарға арналған туберкулезбен күресуді күшейту»бағдарламасын әзірлеу Облыстық мәслихаттың шешімі Денсаулық сақтау департаменті I тоқсан 2004 жыл 6.3. Жұмыспен қамту және еңбек 6.3.1. Кедейшілік және жұмыссыздық деңгейіне мониторинг жүргізуді жалғастыру Есеп Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалар және аудандар әкімдері Ай сайын 6.3.2. 2003-2005 жылдарға арналған Халықты жұмыспен қамту Аймақтық бағдарламаны іске асыру 2005-2007 жылдарға арналған Халықты жұмыспен қамту Аймақтық бағдарлама әзірлеу Ақпарат Облыстық мәслихаттың шешімі Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалар және аудандар әкімдері тоқсан сайын, 2003-2005 жылдар IV тоқсан 2004 жыл 6.3.3. Осы жылдың облыстың қалалары мен аудандарының аймақтарында жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін шетел жұмыс күшін тартуға квота бекітуге ұсыныстар дайындау ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныстар Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалар және аудандар әкімдері Қыркүйек, Жыл сайын 6.3.4. Бюджет есебінен еңбек рыногіне керекті жұмыссыздарды кәсіптік мамандыққа дайындау, оларға әлеуметтік көмек ретінде тұруларына, тамағына және оқу орнына оқуға келген жұмыссыздардың жолын төлеу Есеп Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тоқсан сайын, 2003-2006 жылдар 6.3.5. Маманданған және жаппай кәсіби біліктілігі бар кадрларды дайындау, жұмыс күшінің сұраным, ұсынысын болжау және реттеу туралы мониторинг жүргізу Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау аймақтық басқармаларда маркетинг бөлімдерін құру Есеп Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалар және аудандар әкімдері, білім беру департаменті тоқсан сайын, 2003-2006 жылдар, 2004 жыл 6.4. Халықты әлеуметтік қорғау 6.4.1. 2003-2005 жылдарға арналған Қостанай облысында кедейшілікті төмендету комплекстік бағдарламаны іске асыру Есеп Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау облыстық, қалалық, аудандық басқармалары 2004 жыл 2005 жыл 6.4.2. Ана мен бала бейімделу орталығын ашу Қостанай қаласы Рудный қаласы Әкімнің шешімі Қостанай қ. әкімі Рудный қ. әкімі 2004 жыл 2005 жыл 6.4.3. Балалары бар табысы аз отбасыларға әр балаға ай сайын белгілі түрде төлем арқылы әлеуметтік көмек көрсету Қалалық, аудандық мәслихаттардың шешімдері Жергілікті әкімияттар, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау облыстық, қалалық, аудандық басқармалары тоқсан сайын, 2005-2006 жылдар 6.4.4. Қостанай облысында 2003-2005 жылдарға арналған мүгедектерді еңбекке жарамды ету кешенді бағдарламасы іске асырылсын. Қостанай облысында 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді еңбекке жарамды ету бағдарламасы жасалсын Есеп Облыстық мәслихаттың шешімі Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті 2003-2005 жылдары 2005 жылдың IV тоқсаны 6.4.5. Рудный қаласында қалалық аурухана ғимаратын психоневрологиялық интернат етіп қайта құру жүзеге асырылсын Орындалған жұмыстар актісі Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуеттік бағдарламалар департаменті, сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті 2006 жыл 6.4.6. Лисаков қаласында аймақтық онкологиялық ауруларға хоспис салуды жүзеге асыру соңында оны ұстап тұру Іске қосу актісі Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау қалалық басқармасы 2005 жыл 6.4.7. Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы Қазақстан Республикасының мына заңдарын орындау шегінде қамтамасыз етілсін: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 40; «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 150; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246; «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Облыстық және аудандық, қалалық мәслихаттар шешімдері Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті 2005-2007 жылдар 6.5. Мәдениет 6.5.1. Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан заңдар жобасына ұсыныстар енгізу «Мәдениет туралы» «Кино туралы» «Мұражайлар туралы» «Кітапханалар туралы» ҚР Заңдар жобасына ұсыныстар Облыстық мәдениет басқармасы 2003ж 2004ж 2004ж 2003ж 6.5.2. «Мәдени мұрагерлік» Мемлекеттік бағдарламасының ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі жоспарын іске асыру Есеп Облыстық мәдениет басқармасы 2003-2004 жылдар жыл сайын 6.5.3. Қазақстан Республикасы үшін тарихи құндылығы бар 15-20 ғасырлардағы Қазақстан тарихының құжаттарының көшірмесін іздестіруге іс-шаралар жоспарын әзірлеу Жоспар шаралар Облыстық мәдениет басқармасы IV тоқсан 2004 жыл 6.5.4. 2003-2005 жылдары ауыл мәдениетін дамыту Аймақтық бағдарламаны іске асыру Есеп Облыстық мәдениет басқармасы тоқсан сайын, 2003- 2005 жылдар 6.5.5. Ауылдағы мәдениет кәсіпорындары мен мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге ұсыныстар әзірлеу Ұсыныстар Облыстық мәдениет басқармасы IV тоқсан 2003 жыл 6.5.6. Кәсіпорындар мен мекемелердің базасында творчестволық жастар ұйымын құру Ақпарат Облыстық мәдениет басқармасы 2003- 2006 жылдар жыл сайын 6.6. Спорт және туризм 6.6.1. Негізгі кешенді іс-шаралары жүргізілсін: «Бұрқасын» халық спортының қысқы ойындары; «Целина» халық спортының жазғы ойындары Есеп Дене тәрбиесі және спорт басқармасы Жыл сайын, қаңтар 6.6.2. Алынып тасталды 6.6.3. Облыстық параолимпиадалық ойындар өткізу Есеп Облыстық спорт комитеті Шілде, жыл сайын 6.6.4. «Қостанай облыстық олимпиадалық резервті дайындау орталығы» мемлекеттік мекемесі өз спорт базасымен қамтамасыз етілсін Есеп Дене тәрбиесі және спорт басқармасы 2006 жылдың I тоқсаны 6.6.5. 2004 жылы Қазақстан Республикасының 1 қысқы халықтар Спартакиадасына қатысу Есеп Облыстық спорт комитеті Ақпан-наурыз 2004 жыл 6.6.6. 2004 жылы спорт ардагерлерінің Республикалық Спартакиадасына қатысу Есеп Облыстық спорт комитеті Шілде-тамыз 2004 жыл 6.6.7. 2005 жылы Қазақстанда өтетін Параолимпиадалық ойынға қатысу Есеп Облыстық спорт комитеті III тоқсан 2005 жыл 6.6.8. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған III Халықтық ойындарға қатысу Есеп Облыстық спорт комитеті III тоқсан 2006 жыл 6.6.9. 2006-2008 жылдары дене шынықтыруды және спортты дамытудың Аймақтық бағдарламасын әзірлеу Облыстық мәслихаттың шешімі Облыстық спорт комитеті IV тоқсан 2005 жыл 6.6.10. 2006-2008 жылдарға арналған туристік салаларды дамытуға арналған Аймақтық бағдарлама әзірлеу Облыстық мәслихаттық шешімі Облыстық спорт комитеті IV тоқсан 2005 жыл 6.6.11. Футбол және ұлттық ат спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спортмектептері Есеп Дене тәрбиесі және спорт басқармасы 2006 жыл желтоқсан 6.6.12. Түріндегі XIX қысқы Олимпиадалық ойындарға үш спортсмен қатысушы дайындалсын Есеп дене тәрбиесі және спорт басқармасы 2006 жылдың I тоқсаны 6.6.13. Қазақстан Республикасының II Бүкіл Қазақстандық спартакиадасына қатысу Есеп Дене тәрбиесі және спорт басқармасы 2006 жылдың II тоқсаны 6.7. Демография және көші-қон 6.7.1. ҚР демография және көші-қон саясатына арналған 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес аймақтық бағдарламаны әзірлеу Облыстық мәслихаттың шешімі Көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша) 2004 жыл 6.7.2. Жыл сайынғы оралмандар иммиграциясының квотасын орындауға шаралар қабылдау Есеп Көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша) Жыл сайын 7. Мемлекеттік реттеу 7.1. Кәсіби үкімет 7.1.1. Алынып тасталды 7.2. Мемлекеттік басқару органдарының өкілеттігін және қызметін шектеу және анықтау 7.2.1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару қызметін айыру мәселесіне арналған заңдық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» нормативтік-құқықтық актілерінің жобасына ұсыныстар енгізу Ұсыныстар Облыс әкімінің аппараты IV тоқсан 2004 жыл 1 тоқсан 2005 жыл 7.3. Мемлекеттік активтерді басқару 7.3.1. Коммуналдық меншіктегі объектілердің нысаналы және тиімді пайдалануына бақылау жасау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар қабылдансын Әкімнің шешімі Қаржы департаменті 2005 жылдың III тоқсаны 7.5. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану 7.5.1. Құрылысты іске асыру: Ұзынкөл су құбырының (2-ші кезек); Лихачев су құбыры тобының (2-ші кезек); (Қамысты ауданы) шағын су тазартқыш қондырғы; (Жанкелдин ауданы) шағын су тазартқыш қондырғы. Іске қосу актісі «Қостанайводхоз» Республикалық мемлекеттік мекеме (РММ) (келісім бойынша) IV тоқсан 2003 жыл IV тоқсан 2004 ж. IV тоқсан 2004 ж. IV тоқсан 2005 ж. 7.5.2. Қалпына келтіруді жүргізу: Федоров ауданын сумен қамтамасыз ету; Жітіқара ауданының Желқуар су құбырын; Ащы-Тасты су магистралын; Есіл су құбыры тобын Іске қосу актісі «Қостанайводхоз» РММ (келісім бойынша) 4 тоқсан 2004 ж. 4 тоқсан 2006 ж. 2005-2008 ж.ж. 4 тоқсан 2006 ж. 9. Қаржы және салық бюджет саясаты 9.2. Салық саясаты 9.2.1. Электрондық геологиялық картаның жобасын енгізу Есеп Облыстық салық комитеті (келісім бойынша) 2004 жыл 9.2.2. ҚР «Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер төлеу туралы» кодексіне бюджетке патент арқылы арнаулы режим негізінде жұмыс атқаратын жеке кәсіпкер өзіне бір жұмыскер ұстауға мүмкіншілігі болуына ұсыныстар енгізу Ұсыныстар Облыстық салық комитеті (келісім бойынша) 2004 жыл 9.3. Бюджет саясаты 9.3.1. Қазақстан Республикасының «Аудитор қызметі туралы» Заңына өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар даярлау Ұсыныстар Қаржы департаменті 2004 жыл 9.3.2. Бюджеттік кодексті іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және Бюджеттік кодексті орындауға арналған заңдылық және нормативтік актілерді заңдар нормасына келтіруге және оны жетілдіруге ұсыныстар даярлау Ұсыныстар Қаржы департаменті 2004 жыл 9.3.3. Мемлекеттік сатып алу мәселесіне арналған нормативтік базаны жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу Ұсыныстар Қаржы департаменті 2004 жыл 10. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және қылмысқа қарсы күрес 10.1. 2005-2006 жылдарға арналған Қостанай облысында қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзудың алдын алуға арналған Бағдарлама әзірлеу Облыстық мәслихаттың шешімі Ішкі істер Бас басқармасы (ІІББ) (келісім бойынша) III тоқсан 2004 жыл 10.2. Полицияның учаскелік инспекторларын қызмет орнымен қамтамасыз ету, соңында оларды ІІБ балансына қою Облыс әкімінің шешімі қалалар, аудандар әкімдері I жарты жылдық 2004 жыл 10.3. Барлық ауылдық полиция учаскелік инспекторларын қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету Қала, аудан мәслихаттарының шешімі Қалалар, аудандар әкімдері 2004 жыл 10.4. 2004-2005 жылдарға арналған Қостанай облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің Бағдарламасын әзірлеу Облыс мәслихатының шешімі Денсаулық сақтау департаменті, ІІББ (келісім бойынша) IV тоқсан 2003 жыл 10.5. Ішкі істер органдары полиция учаскелік инспекторларының рольдерін көтеру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдансын Ақпарат Ішкі істер департаменті (келісім бойынша) 2005-2006 жылдар шілде, желтоқсан 10.6. Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасы әзірленсін Облыстық мәслихаттың шешімі Ішкі істер департаменті (келісім бойынша), денсаулық сақтау департаменті 2006 жылдың I тоқсаны 11. Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамды шоғырландыру 11.1. ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң жобасына МЕҰ мен біріге отырып ұсыныстар әзірлеу ұсыныстар Ішкі саясат департаменті IV тоқсан 2003 жыл 11.2. ҚР «Мемлекеттік емес ұйымдар туралы» заң жобасына МЕҰ мен біріге отырып ұсыныстар әзірлеу Ұсыныстар Ішкі саясат департаменті IV тоқсан 2003 жыл 11.3. МЕҰ өкілдерімен, қоғамдық құрылымдардың қатысуымен консультациялар, «дөңгелек үстелдер, конференциялар «спектр» саяси клубының отырыстарын ретті өткізе отырып, қоғамды әрі қарай демократиялауға және де азаматтық қоғамды дамытуға ұсыныстар әзірлеу Есеп Ішкі саясат департаменті Тоқсан сайын Мынадай өзгерiстер енгiзiлдi Қостанай облыстық әкімінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі № 38 шешімімен : 1.1.1., 2.3.3., 2.3.5., 2.5.1., 2.5.4., 6.4.4., 6.4.5., 6.6.1., 6.6.4., 6.7.5. жолдар жаңа редакцияда жазылды; 2.3., 2.5.5., 3.2.1., 3.8., 3.9., 6.1.7., 6.1.8., 6.4.7., 6.6.11., 6.6.12., 6.6.13, 10.5., 10.6. жолдармен толықтырылды, 7.3., 2.4. бөлімшемен толықтырылды; 2.2.1. жолға өзгеріс енгізілді; 6.1.1., 6.6.2., 7.1.1. жолдар алынып тасталды.