Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" қаулысын орындау туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" қаулысын орындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N№70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы"
қаулысын
сонымен қатар, облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 21 ақпандағы N С-24-2 "Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N С-22-2 "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімін орындау мақсаттарында, облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылық товарларын өндірушілеріне 2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға кредит беру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 10.1.257.83 "Ауыл шаруашылық товарларын өндірушілеріне 2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға кредит беру" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тағайындалсын.
Тармақ 3
3. 2003 жылғы көктемгі егіс пен егін орағы жұмыстарын несиелендіру жөніндегі Оператор болып "Ақмола астық комитеті" шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны белгіленсін.
Тармақ 4
4. 10.1.257.83 "Ауыл шаруашылық товарларын өндірушілеріне 2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға кредит беру" бюджеттік бағдарламасының төлқұжаты тоғыз жүз (қосымша 1) миллион теңге болып бекітілсін.
Тармақ 5
5. Бағдарлама әкімшісі бөлінген несие ресурстарын мақсатты түрде пайдалануды және уақытында қайтаруды қамтамасыз етсін. Аудан әкімдеріне бөлінген кредиттік қаржыны қайтару үшін Бағдарлама әкімшісіне қолдау көрсету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 25 ақпандағы N а-2/59 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы"
қаулысын
орындау туралы, 2003 жылғы 21 наурыздағы N а-4/104 "Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 25 ақпандағы N а-2/59 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы"
қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулыларының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының күші 2003 жылдың 25 ақпанынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары Қ.М. Отаров пен Д.З. Әділбековке жүктелсін.
Басқа 9
Бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің
07.05.2002 ж. N а-5/143
"Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 21
қаңтардағы N 70 "2003
жылғы көктемгі егіс пен
егін жинау жұмыстарын
жүргізуді ұйымдастыруға
жергілікті атқарушы
органдарға кредит берудің
кейбір мәселелері туралы"
қаулысын орындау туралы"
қаулысы
2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстың ауыл шаруашылық товарларын өндірушілеріне кредит беру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 21 қаңтардағы N№70 "2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы"
қаулысына
сәйкес бюджеттік қаржы есебінен жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайытқыш, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін сатып алу және ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алу мен сатып алуға жеңілдік пен несие беру шарттарын, мерзімдерін және тетіктерін белгілейді.
Тарау 2. 2. Негізгі түсініктер
2. Негізгі түсініктер
Тармақ 2
2. Бағдарлама әкімшісі ауыл шаруашылығы товарларын өндірушілерді несиелендіру жөніндегі бюджеттік Бағдарламаны негіздеу және жүзеге асыру үшін жауапты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган.
Тармақ 3
3. Тауарлық кредит - Оператор нақты қарыз алушыға беретін өнім.
Тармақ 4
4. Ақшалай кредит Бағдарлама әкімшісі нақты қарыз алушыға беретін бюджеттік қаржы.
Тармақ 5
5. Өнім - жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайытқыштар, гербицидтер, тұқымның дәрілері, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектері, ауыл шаруашылығы техникалары
Тармақ 6
6. Бағдарламаның операторы Бағдарлама әкімшісімен келісім-шарт негізінде жергілікті бюджеттен түсетін кредиттік қаржыларды нақты қарыз алушыларға кредит беретін ұйым.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылық тауарларын өндіруші жерді өндірістің негізгі құралына айналдырған немесе өз қызметін ауыл шаруашылық тауарларын өндіру үшін жермен байланыстырған, заңды тұлға құрмай ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға.
Тармақ 8
8. Нақты қарыз алушы кредит алушы, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші.
Тарау 3. 3. Кредит беру тәртібі
3. Кредит беру тәртібі
Тармақ 9
9. Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке бөлінетін 900000000 (тоғыз жүз миллион) теңге кредиттік қаржы 2003 жылдың 1 желтоқсанына дейін қайтарылуын қамтамасыз ету шартымен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді нөлдік үстеме ақы ставкасымен кредиттеуге бағытталып, жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайытқыш, гербицидтер, тұқым дәрілерін, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін сатып алуға немесе ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға және жалдауға жұмсалады.
Тармақ 10
10. Бөлінетін қаржының мақсатты түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін кредиттік қаржы қарыз алушыларға тауарлық және ақшалай кредит түрлерінде беріледі.
Тармақ 11
11. Берілген кредиттік қаржы 2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жұмсалады.
Тармақ 12
12. Бөлінген кредиттік қаржы облыс аудандарына олардың болжаулы егістік алқаптарының жалпы көлеміне пропорционал бөлінеді. Кредиттік қаржыны бағдарлама әкімшісі бөледі. Егер аудандар кредиттік қаржы алудан бас тартса, бағдарлама әкімшісі оны өткен жылдардағы алған кредиттері бойынша қарыздары жоқ басқа аудандарға бөліп бере алады.
Тармақ 13
13. Кредиттік қаржыны қандай меншік түріне жататындығына қарамастан, екінші деңгейдегі банктің кепілдік міндеттемелері бар барлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілері ала алады.
Тармақ 14
14. Бағдарлама әкімшісі оператормен бірлесе отырып аудан әкімінің ұсынысы бойынша өткен жылдары алған кредиттік қарыздары бойынша берешектері жоқ қарыз алушыларға өтімді кепілдік мүліктері болған жағдайда кредиттік қаржы беру мүмкіндіктерін қарастыра алады. Бірақ бұл жағдайда кредиттік қаржы тауарлық-материалдық заттармен ғана беріледі.
Тармақ 15
15. Бағдарлама әкімшісі нақты кредит алушыға кредиттік қаржыны ақшалай беруді екінші деңгейдегі банктің кепілдік міндеттемелерін тапсыру шартымен ғана жүзеге асыра алады.
Тармақ 16
16. Егер қарыз алушы нақты қарыз алушы осы ережеде көрсетілген өнімдерді шектеулер деңгейінде өзі алғысы келсе, Бағдарлама әкімшісі өнімді сатушыға кредиттік қаржыны аудара алады.
Тармақ 17
17. Кредиттік қаржыны қайтару ақшалай ғана жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Кредит беру үдерісіне қатысушылар
4. Кредит беру үдерісіне қатысушылар
Тармақ 18
18. Бағдарлама әкімшісі:
Тармақша 1
1) Ақмола облыстық қаржы басқармасымен кредиттік келісім жасайды;
Тармақша 2
2) Бағдарлама операторымен кредиттік қаржыны 2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға аудару жөнінде кредиттік шарт жасайды;
Тармақша 3
3) Кредиттік қаржыны облыс аудандары бойынша бөледі;
Тармақша 4
4) 2003 жылдың 1 қарашасына дейін Оператордың кредиттік қаржыларды қайтаруын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) бөлінген кредиттік қаржы есебінен сатып алынатын өнімдердің ұсынылған бағаларына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 6
6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бөлінген кредиттік қаржы есебінен Оператордың өнімді сатып алуын қамтамасыз етеді және сатып алудың түрі туралы шешім қабылдайды;
Тармақ 19
19. Аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) Бағдарлама әкімшісі мен операторына қарыз алушылардың тізімін тапсырады;
Тармақша 2
2) бөлінген қаржы келіп түсуі мен мақсатты түрде қолданылуына бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Бағдарлама әкімшісіне бөлінген кредиттерді уақытында қайтару үшін қолдау көрсетеді;
Тармақ 20
20. Бағдарлама операторы:
Тармақша 1
1) нақты қарыз алушылармен бөлінген кредиттік қаржы есебінен сатып алынған өнімді беруге келісімдер жасайды;
Тармақша 2
2) бағасы ең төмен және жоғары сапалы өнімдер ұсынған сатушылармен келісімдер жасайды және кредиттік қаржыларды солардың есебіне аударады;
Тармақша 3
3) өнімдердің нақты қарыз алушыларға бөлінуі мен уақытында жеткізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) 2003 жылдың 1 қарашасына дейін кредиттік қаржының қайтарылуын қамтамасыз етеді;
Тармақ 21
21. Нақты қарыз алушылар:
Тармақша 1
1) Оператормен немесе Бағдарлама әкімшісімен келісім-шарт жасайды;
Тармақша 2
2) 2003 жылдың 1 қарашасына дейін алған кредиттік қаржының ақшалай қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 21
21. Кредиттік ресурстардың қайтарылуы бойынша жауапкершілік Бағдарлама әкімшісі мен Операторына жүктеледі.