Атырау қалалық әкімиятының 2003 жылғы 21 тамыздағы № 103 «Атырау қаласы аумағында сауда тізілімін жүргізу тәртібі туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау қалалық әкімиятының 2003 жылғы 21 тамыздағы №103 «Атырау қаласы аумағында сауда тізілімін жүргізу тәртібі туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабын, 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544-II «Сауда қызметін реттеу» Заңының 8 бабын, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Атырау қалалық әкімиятының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы №237 «Атырау қалалық дербес бөлімдерін тарату және қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес, қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қалалық әкімиятының 2003 жылғы 21 тамыздағы №103 «Атырау қаласы аумағында сауда тізілімін жүргізу тәртібі туралы» қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) қосымшаның күші жойылып, жаңадан қосымша енгізілсін (жалғанды);
Тармақша 2
2) 2 тармағы төмендегідей жаңа мәтінде оқылсын: «Сауда тізілімін жүргізудің жұмысшы органы болып (әрі қарай-тіркеуші орган) «Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін» , әрі қарай мәтін бойынша.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Р.Мырзатаевқа жүктелсін. Жобаны ұсынған: Қалалық экономика және бюджеттік Жоспарлау бөлімінің бастығы А.Әбдіров Келісілді: Қала әкімінің орынбасары Р.Мырзатаев Қала әкімі аппаратының жетекшісі Б.Тәтішев Қала әкімі аппараты жалпы Бөлімінің бастығы К.Ермекова Қала әкімі аппараты мемлекеттік- құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы С.Өтепбаев Қала әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы Қ.Аюпова Орындаушы: Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы А.Ерубаева
Басқа 5
Атырау қалалық әкімиятының 2005 жылғы 20 қаңтар №16 қаулысына қосымша Атырау қаласы аумағында сауда тізілімін жүргізу Тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Сауда тізілімі көтерме және бөлшек сауда нысандары, қаладағы қоғамдық тамақтану мен қызмет көрсету саласы тізбесін, сонымен қатар бірге олардың сауда қызметі субъектілерінің қайсысына жататындығы туралы мәліметін құрайтын біртұтас қалалық ақпараттық жүйе.
Тармақ 2
2. Сауда тізіліміне енгізуге төмендегідей сауда және қызмет көрсету саласы нысандары жатады: - көтерме сауда кәсіпорындары нысандары; - бөлшек сауда кәсіпорындары нысандары (сауда үйлері, дүкендер, дүңгіршіктер, сауда-аялдама павильондары, автолавкалар, сауда палаткалары, арнайы көрсетілген жерлерде орналастырылған прилавкалар, тонарлар т.б.) қоғамдық тамақтану нысандары (кафе, бар, асхана, мейрамхана және т.б.); - ойын-сауық нысандары; - қызмет көрсету саласы нысандары (қонақ үй, шаштараз, ателье, сағат, киім және аяқ киім жөндеу шеберханалары, тұрмыстық және өндірістік қондырғылар мен автокөліктерді жөндеу қызметін көрсететін шеберханалар, жанар жағар май бекеттері); - көтерме, көтерме-бөлшек, сауда базарлары, бөлшек сауда базары; - жарнамалық фирмалар, ақпараттық және маркетингтік орталықтар. Сауда тізіліміне меншік түріне қарамастан барлық сауда және қызмет көрсету саласы нысандары, сонымен бірге жалға алынған орындар да енгізіледі.
Тармақ 3
3. Сауда тізілімін есепке алуды және тіркеуді оның құрылуы мен жүргізілуін қамтамасыз ететін атқарушы орган «Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді (әрі қарай-тіркеуші орган).
Тарау 2. 2. Сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарын сауда тізіліміне енгізу тәртібі
2. Сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарын сауда тізіліміне енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Сауда қызметі мен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын шаруашылық субъектісі (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) тіркелу және келісім актісін алу кезінде тіркеуші органға сауда және қызмет көрсету нысандарының орналасу орны бойынша төмендегідей құжаттарды тапсырады: - сауда тізіліміне енгізу жөніндегі арыз; - көрсетілген нысанда сауда қызметін және қызмет көрсету саласын жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелу жөніндегі куәлігінің көшірмесі; - салық төлеушінің тіркелу нөмері көрсетіле отырып, салық комитетіне есепке алынғаны жөніндегі белгіленген тәртіптегі белгі мемлекеттік тіркелу жөніндегі куәлікке соғылғаннан басқа жағдайдағы, салық комитетінің есепке алу жөніндегі анықтамасы; - жер пайдалану құқығын беретін акттің көшірмесі; - жылжымайтын мүлікті пайдалануға құқық беретін куәліктің, бағалау актісінің және жоспарының көшірмесі (ғимаратты жалға алу келісім-шарты, жеке құқығы туралы куәлік); Арызданушы құжаттардың түпнұсқалары оларды тапсырылған көшірмелерімен салыстырғаннан кейін қайтарылып беріледі. Егер кәсіпорын жаңадан салынған құрылыс нысаны болып табылса, оны сауда тізіліміне енгізу, нысанды тиісті қабылдау актісін рәсімдей отырып, комиссиямен қабылдап алғаннан немесе басқа да құжаттармен заңдастырылғаннан кеін жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сауда тізіліміне «сауда нысанының» аумағында орналасқан сауда қызметі мен қызмет көрсету саласының барлық субъектілері енгізіледі. Бұл жағдайда, сауда нысанының меншік иесі немесе негізгі жалдаушы жалдау, қосалқы жалдау келісім-шарттарының көшірмелерімен бірге жалдаушыларға, қосалқы жалдаушыларға келісім акті оны алуға белгіленген шарттар негізінде берілді.
Тармақ 3
3. Егер шаруашылық субъектісінің аумақтық ақшау тұрған бірнеше нысаны болса, сауда тізіліміне енгізу жөніндегі арыз әрбір нысанға бөлек беріледі. Бұл жағдайда, әрбір нысан сауда тізіліміне жеке айқындамада енгізіледі.
Тармақ 4
4. Тіркеуші орган сауда нысаны мен қызмет көрсету саласы нысандарының сауда тізіліміне енгендігі жөніндегі ақпарды 10 жұмыс күні ішінде береді, ал шаруашылық субъектілеріне сауда тізіліміне енгендігі жөнінде тіркеу куәлігі (келісім актісі) беріледі.
Тармақ 5
5. Келісім актісінде сауда нысанының санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормларға сәйкестігі жөніндегі қортындысы енгізіліп, мемлекеттік мекемелермен тұжырымдалады.
Тармақ 6
6. Нысандардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігі мемлекеттік мекемелер мен әрбір жыл сайын, ал өртке қарсы нормаларға сәйестігі үш жылда бір рет рәсімделеді.
Тармақ 7
7. Тіркеу жөніндегі акт (келісім актісі) 1 данада рәсімделеді де, арызданушыға қолы қойдырылып берілді, тіркеуші орган сауда тізіліміне енгізеді.
Тармақ 8
8. 1,2 тармақшаларда көрсетілген құжаттар бойынша толық емес немесе жеткіліксіз мәлімет берілсе, сауда нысаны сауда тізіліміне енгізілмейді, бұл туралы тіркеуші орган құжаттар қабылданған күннен кеінгі 10 күн ішінде арызданушыға жазбаша ескертеді.
Тармақ 9
9. Сауда тізіліміне енгізілгені үшін ақытөленбейді.
Тармақ 10
10. Жалға берілгеннысан тіркеу актісінің қызмет ету мерзімі жалға алу келісім-шартының мерзімімен белгіленеді.
Тармақ 11
11. Сауда нысандарының меншік иелері мен ұзақ мерзімді жалға алу келісім-шартын жасаған тұлғалар үшін тіркеу актісі (келісім актісі) 1 жыл сайын рәсімделеді, егер бір жыл ішінде өзгерістер болған болса, онда күнтізбелік жыл басында актіні қайта рәсімдеу жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Тіркеу актісі (келісім актісі) жоғалып қалған жағдайда жаңа акт оны алуға белгіленген шарттар негізінде беріледі.
Тармақ 13
13. Сауда нысаны сауда тізіліміне енгізілген шаруашылық субъектісінің тіркеу ісінде осы тәртіпке сәйкес тіркеуші органға тапсырылған құжаттардың барлығы да болуы қажет. Шаруашылық субъектілерінің тіркеу ісі сауда тізіліміне тіркелмей қызметін жүргізуі мүмкін болмайтын сауда тізілімінің бір бөлігі болып табылады.
Тарау 3. 3. Сауда тізілімінен ақпарат алу
3. Сауда тізілімінен ақпарат алу
Тармақ 1
1. Мемлекеттік басқару органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымдық бөлімшелеріне сауда тізілімінен ақпарат алу ақысыз, жазбаша сұраулар бойынша беріледі.
Тармақ 2
2. Сауда тізіліміндегі нақты сауда нысаны туралы мәлімет: сауда тізілімінен көшірме; тіркеу ісіндегі құжаттардан көшірме; сұралған ақпараттың жоқтығы тралы анықтама түрлерінде беріледі.
Тармақ 3
3. Сауда тізілімінде бар мәліметтер тиісті сұрау салу тіркеуші органмен қабылданғаннан кейін 10 күннен аспайтын мерзім ішінде берілуі керек. Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.