О внесении изменений в Правила оказания жилищной помощи на 2003 год в городе Лисаковске, утвержденные решением Лисаковского городского маслихата от 24 декабря 2002 года № 249 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2003 год в городе Лисаковске», номер государственной регистрации 1939 Қолданыста
Басқа 0
Лисаков қалалық мәслихатының «2003 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы» 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 249 шешімімен бекітілген, Лисаков қаласындағы 2003 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелеріне өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1939
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 Заңдарына, «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету алуға талап етуші тұлғалардың (отбасылардың) жиынтық кірісін есептеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 3-II бұйрығына, «2003 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы» Лисаков қалалық мәслихатының 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 249 шешімімен бекітілген Лисаков қаласындағы 2003 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелеріне өзгерістерді Лисаков қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 13 қазандағы № 519 қаулысына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қалалық мәслихатының «2003 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы» 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 249 шешімімен бекітілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1939,(«Лисаковская новь» 2003 жылғы 5 қаңтардағы № 1) Лисаков қаласындағы 2003 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтағы «22 пайыз» деген сөздер «25 пайыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ең төмен зейнетақы алатын көп балалы аналарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2003 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы № 564 қаулысына сәйкес зейнетақысы арттырылмаған зейнеткерлер отбасыларын және әлеуметтік қорғау мақсатында және орташа кірісі 7000 теңгеден аспайтын адам 6-тармақта көрсетілген тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынуға арналған жіберілетін шығындар шегінде мөлшері қабылданады.
Сондықтан тұрғын үй мөлшері осы ережелердің 5-тармағындағы көрсетілгенді ескеруі қажет».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2003 жылдың 1 қарашасынан күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау қалалық мәслихатының тұрақты комиссия төрайымы Л.Н. Черноваға және Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Л.Г. Лесковаға жүктелсін.