Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 қыркүйектегі №622 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 қыркүйектегі №622 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 қыркүйектегі №622 қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттен ұсталатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді есептен шығару тәртібінің Нұсқаулығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1.6 тармақтың 1) тармақшасында: «бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі» сөзі «мемлекеттік басқару органы» сөзімен ауыстырылсын; «мемлекеттік басқару органы» сөзінен кейін «коммуналдық меншікке билік етуге уәкілетті облыстық коммуналдық меншік және жекешелендіру басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) жазбаша келісімімен мемлекеттік басқару органы рұқсатымен -1000 еседен жоғары ТЕК (төменгі есептеу көрсеткіші)» сөзімен толықтырылсын. 2.6 тармақтың 2) тармақшасындағы «облыстық коммуналдық меншік және жекешелендіру басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) сөзі «Басқарма» сөзімен ауыстырылсын.