Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2003 жылғы 27 желтоқсандағы "Селолық елді мекендері зоналарының шекараларын және жер учаскелері құнының базалық ставкаларына түзету коэффициентін бекіту туралы" № 3-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2003 жылғы 27 желтоқсандағы "Селолық елді мекендері зоналарының шекараларын және жер учаскелері құнының базалық ставкаларына түзету коэффициентін бекіту туралы" № 3-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Селолық елді мекендері зоналарының шекараларын және жер учаскелері құнының базалық ставкаларына түзету коэффициентін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 желтоқсандағы № 3-2 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2450 тіркелген, 2004 жылғы 14 ақпандағы "Серпін" газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Шешімінің кіріспесі мынадай редакцияда жазалсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" кодексінің 9 бабының 3 тармағына, 11 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ".
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.