Аудан әкімиятының 2003 жылғы 27 наурыздағы № 5-5 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (тіркеу №2071, 11.04.2003) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімиятының 2003 жылғы 27 наурыздағы № 5-5 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (тіркеу №2071, 11.04.2003) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімиятының 2003 жылғы 27 наурыздағы N 5-5 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (тіркеу N 2071, 11.04.2003 жылы Сырым аудандық қоғамдық-саяси "Қайнар" газетінің N 19 2003 жылғы 8 мамырда жарияланған) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының N 1 қосымшасымен бекітілген қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбекақы төлеудің және жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктігін арттыру және қайта даярлау кездерінде шығындарды өтеудің ережесінде:
Тармақша 1
1) N 1 - пунктінде:
«көлемде белгіленеді»деген сөздерден кейін «aуыр құрылыс жұмыстарына 10 айлық есепті көрсеткіштен аспайтын болып белгіленеді» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Гумаровқа жүктелсін.