Аудандық мәслихатының 2003 жылғы 29 сәуірдегі №30-5 «Ақсай қаласының аймағын көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» (тіркеу №2161, 27 мамыр 2003 жыл) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихатының 2003 жылғы 29 сәуірдегі №30-5 «Ақсай қаласының аймағын көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» (тіркеу №2161, 27 мамыр 2003 жыл) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 8 тармағына сәйкес және аудандық тұрғын үй – коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасының 2004 жылғы 13 тамыздағы № 380 Ақсай қаласының аймағын көркейту, санитарлық тазарту және жинауды ұйымдастыру мәселесі жөніндегі ұсынысын ескере отырып Бөрлі аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жоғарыда айтылған аудандық мәслихатының 2003 жылғы 29 сәуірдегі №30-5 шешімімен бекітілген «Ақсай қаласының аймағын көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Ережесінің» 7 тармағы келесі редакцияда баяндалсын: «7. Жазғы алаңдардағы ларөктерден, киоскілерден, дүңгіршіктерден сатылатын тез бұзылмайтын тамақтар мен жеміс-жидек, көкөністерді сатуда санитарлық-эпидемиологиялық станциямен келісу керек. Өзіне тиесілі радиусы 30 метрлік аймақты жинауды өздерінің қызмет түрлері мен меншіктік нысандарына тәуелденбей барлық кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге асырады».
Тармақ 2
2. Осы шешім белгіленген Заңдар тәртібімен күшіне енеді.