О ставках платежей за загрязнение окружающей среды на 2003 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы мәслихатының 2005.01.17 N 1-12/40 хатымен. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 12.06.2001 жылғы Кодексіне, Қазақстан Республикасыныңң «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 15.07.1997 жылғы Заңына және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министргігінің басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттарына сәйкес барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың қоршаған ортаға келтірген шығынды өтеу мақсатында, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. №1 қосымша сәйкес 2003 жылдың қоршаған ортаны ластағаны үшін барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардан алынатын төлем мөлшері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Б. Қожахметов) қоршаған ортаны ластаудың басқа да түрлері үшін қосымша төлемдер алу жөнінде ұсыныс жасап, оны осы шешімге қосымша ретінде бекітуге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуы барысына бақылау жасау экология және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға (Н. Усатов) және облыс әкімінің орныбасары С. Тұңғышбековке жүктелсін.
Басқа 1. Нормативтік төлемдер
Облыстық Мәслихаттың хатшысы Қ. Медиев Облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 31 қазандағы № 4-3/21 шешіміне № 1 қосымша Ауаға лақтырындыраларды, су объектілеріне ластаушы заттардың шығарындыларын, өндірістік және тұтыну қалдықтарын қоршаған ортаға орналастыруы үшін төлемдер мынадай мөлшерде бекітілсін: ауаға станционарлық көздерден лимит шегінде келтірілген ластаушы заттардың тір тонна нормативтік лақтырындысы үшін – 110 теңге; ауаға стационалық көздерден бекітілген лимиттен жоғары ластаушы заттардың бір тонна мөлшеріндегі лақтырындысы үшін – 1100 теңге; ауаны жылжымалы көздердің (автокөлік, жол құрлысы, ауыл шаруашылығы және басқа да техника) лақтырындысымен ластауға пайдаланылған бір тонна автомоторлық жағармай үшін: этильді бензин үшін – 700 теңге; этильді емес бензин үшін – 300 теңге; дизельдік жағармай үшін – 250 теңге; газ үшін – 180 теңге; су объектілеріне, жинама-тоғандарға, фильтрация ауданына кесімді шекте ластаушы заттардың бір тонна мөлшеріндегі лақтырындысы үшін – 12500 теңге; су объектілеріне нормативтік шектен тыс ластаушы заттардың бір тонна мөлшеріндегі лақтырындысы үшін – 12500 теңге; жер бедеріне бір текше метр су ағызғаны үшін: нормативтік тазартылған ағын су үшін – 4,5 теңге; тазартылмаған және толық тазартылмаған ағын су үшін – 9теңге; қоршаған ортаға өндірістік тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көрмегені) үшін: улы емес қалдықтардың тір тоннасы үшін (Y сынып) – 7,5 теңге; кең байыту қалдықтары, металлургиялық шлактар, боқаттар, күлді қождар қалдықтарының бір тоннасы үшін (IV сынып) – 15 теңге; №1 кестеге сәйкес улылық сыныбына байланысты басқада өнеркісіптік қалдықтар; ауыл шаруашылығы өндірісінің (қорда, көң) қалдықтары: жабдықталмаған алаңдар мен жинақтаушылардағы бір тоннасы үшін– 500 теңге; жабдықталмаған алаңдардағы бір тоннасы үшін – 100 теңге; қатты тұрмыстық қалдықтарды ҚТҚ (үйінділерде) полигондарында, кәсіпорындарға, ұйымдарға арнайы бөлінген орындарда орналастыру үшін, бір текше метр- 75 теңге. Қалыптан тыс, сонымен қатар рұқсат етілмеген, апаттан пайда болған ауаны (су объектілерін) ластайтын лақтырындылар мен төгінділерді, өндірістік және пайдаланылған қалдықтарды жөнсіз орналастырғаны үшін төлем нормасының 10 еселік көрсеткіші қолданылады, Белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны ластайтын лақтырындыларды, өндірістік қалдықтарын рұқсатсыз тастаса, барлығы да рұқсат етілмеген лақтырындылар (шығарындылар) және өндірістік қалдықтарды орналастыру болып қалады. № 1 кесте Нормативтік төлемдер Қалдықтардың атауы Өлшем бірлігі Төлем нормасы (теңге) Ұлы қалдықтар I сыныптың улылығы –ерекше қауіпті тонна 3200 II сыныптың улылығы – жоғары дәрежеде қауіпті тонна 1600 III сыныптың улылығы – біркелкі қауіпті тонна 400 IY сыныптың улылығы –қауіпі аз тонна 200