О ставках платы за загрязнение окружающей среды на 2003 год Күшін жойған
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2003 жылға арналған төлем ставкалары туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - ШҚО мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 01-151/01-06 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-IIЗаңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-II Кодексінің 462-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2003 жылға арналған төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетіне (Д.И. Искаков) заңды тұлғалардан және жалпы белгіленген тәртіпте салық салудың қарапайымдалған тәртібі негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің дұрыс есептелуіне және дер кезінде аударылуына бақылау жасауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына (К.Б. Турлыханов):
Тармақша 1
1) табиғатты қорғау заңдары талаптарының және қоршаған ортаны ластау бойынша рұқсат етілген лимиттердің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) кәсіпорындардан тасталатын, шығарылатын ластаушы заттардың және елді мекендердегі ластаушы көздердің жиынтығы олардың таралуын ескере отырып елді мекендер, өсімдіктер мен жануарлар әлемі үшін рұқсат етілетін шекті нормативтерден аспайтын жағдайда, өндіріс көлемін ескере отырып, қоршаған ортаның мониторингі негізінде кәсіпорындар үшін рұқсат етілетін шығарылымдар шегінің (ПДВ), жол берілетін тасталымдар шегінің (ПДС) нормативтерін заңнама тәртібінде келісуді жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкіміне "Қазақмыс" корпорациясының "ШығысҚазмыс" филиалы Ертіс мыс зауытының тоқтауына байланысты Глубокое алаңының қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдері бойынша жеңілдіктері алынып тасталынып 1999 жылғы 18 маусымдағы "Шығыс Қазақстан мыс кешенін құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге" өзгерістер енгізу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет басқармасында тіркелген сәттен бастап заңды күшіне енеді және 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған
ортаны ластағаны үшін төлемдердің
2003 жылға арналған ставкалары
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 18/8-II
шешіміне қосымша
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған
ортаны ластағаны үшін төлемдердің
2003 жылға арналған ставкалары
р/р
N
Төлем ставкаларының көрсеткіштері
2003 жылға арналған төлем ставкалары
1
а) тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттарды шығарғаны үшін
175 теңге/ шартты тонна
б) тұрғындарға қызмет көрсететін жылу көздерінен (жылу электр стансалары, қазандықтар) атмосфераға ластаушы заттарды шығарғаны үшін
150 теңге/ шартты тонна
2
а) су қоймаларына сарқынды суларды ағызғаны және жер асты суларын ластағаны үшін
7000 теңге/ шартты тонна
б) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары үшін су қоймаларына сарқынды суларды ағызғаны үшін
6000 теңге/ шартты тонна
3
Рельефке, сүзу алаңдарына, су жинағыштарға, жайылма суландыру алаңдарына сарқынды суларды ағызғаны үшін
10 теңге/текше метр
4
а) өнеркәсіп кәсіпорындарынан өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін:
- 5 класс
- 4 класс
- 3 класс
- 2 класс
- 1 класс
100 теңге/тонна
200 теңге/тонна
400 теңге/тонна
1600 теңге/тонна
3200 теңге/тонна
б) халықтан қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастырғаны үшін
30 теңге/тонна
в) ірі тонналық қалдықтарды орналастырғаны үшін:
- байыту қалдықтарын
- аршу кендерін
5 теңге/тонна
10 теңге/тонна
г) ауыл шаруашылығы өндірісі қалдықтарын (көң) су қорғау жолағына орналастырғаны үшін: - жабдықталмаған алаңдарға
- жабдықталған алаңдарға
25 теңге/тонна 5 теңге/тонна
д) арнайы пункттерде қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін
3200 теңге/тонна
5
Арнайы пункттерде иондалатын сәулеленудің жабық көздерін көмгені үшін
Қалдықтарды көму жөнінде орындалған жұмыс құнының 20 %
6
Қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды нормативтен тыс мерзімге уақытша сақтау үшін
Қалдықтарды көму жөнінде орындалған жұмыс құнының 10 %
7
Мыналарды пайдалану кезінде жылжымалы көздердің барлық түрлерінен зиянды заттарды атмосфераға шығарғаны үшін: - 1 тонна бензинді
- 1 тонна дизотынды
- 1 тонна қысымды және сұйытылған газды
- 1 тонна керосинді
300 теңге
250 теңге
200 теңге
200 теңге