О номенклатуре товаров и услуг и их объемах (в процентном выражении), закупаемых организаторами конкурса у организаций, производящих товары и услуги, создаваемых общественными объединениями инвалидов Республики Казахстан на 2003 год Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мүгедектерiнің қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдардан өндірiлетiн тауарлар мен көрсететiн қызметтерді конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетілетiн қызметтердің 2003 жылға арналған номенклатурасы мен олардың көлемi (пайыз көрінісiнде) бекiту туралы
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдардан өндiрілетін тауарлар мен көрсететiн қызметтердi конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердің 2003 жылға арналған номенклатурасы бекiтілсiн.
Тармақ 2
2. Конкурстарды ұйымдастырушылар осы қаулыға қосымшада көрсетiлген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестіктерi құратын ұйымдардан өндiрiлетiн тауарлар мен көрсететiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды осы тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнің 30 пайызынан кем емес көлемде, заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдардан өндiрiлетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2003 жылға арналған номенклатурасы
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1435 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдардан өндiрiлетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2003 жылға арналған номенклатурасы
Тармақ 1
1. Азық-түлiк тауарлары:
Тармақша 1
1) нан, нан-тоқаш тағамдары;
Тармақша 2
2) макарон тағамдары;
Тармақша 3
3) консервіленген ет;
Тармақша 4
4) шұжық тағамдары.
Тармақ 2
2. Азық-түлiкке жатпайтын тауарлар:
Тармақша 1
1) тiгiн өнеркәсiбiнiң өнiмдерi;
Тармақша 2
2) тоқыма өнеркәсiбiнiң өнiмдерi;
Тармақша 3
3) арнайы киiм;
Тармақша 4
4) теріден тiгілген киiмдер және оның бұйымдары, терi бас киiмдер;
Тармақша 5
5) төсек-орын керек-жарақтары;
Тармақша 6
6) электротехникалық бұйымдар;
Тармақша 7
7) көлiк құралдары, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар үшiн қосалқы бөлшектер (сүзгiштер, электр сымдары, мәуесектер);
Тармақша 8
8) пластмасса, металл, былғары бұйымдары;
Тармақша 9
9) мал байлайтын шынжыр;
Тармақша 10
10) рабица торкөзi;
Тармақша 11
11) аяқ киiм тiгу және жөндеу;
Тармақша 12
12) тұрмыс, мектеп және кеңсе жиhазы;
Тармақша 13
13) кеңсе тауарлары;
Тармақша 14
14) құрылыс материалдары:
тротуар тақталары;
ағаш бұйымдары;
шегелер;
терезе және есiк жақтаулары;
Тармақша 15
15) қыл тазалау-мәуесек бұйымдары;
Тармақша 16
16) тығындау бұйымдары;
Тармақша 17
17) қатырма қағаз бұйымдары;
Тармақ 3
3. Қызмет көрсетулер:
Тармақша 1
1) аяқ киiм тiгу және жөндеу;
Тармақша 2
2) полиграфиялық;
Тармақша 3
3) салт-ғұрыптық;
Тармақша 4
4) жарнама-ақпарат, баспа қызметтерiн көрсету;
Тармақша 5
5) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу.