Об установлении ставок платы за загрязнение окружающей среды на 2003 год по Южно-Казахстанской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлемнiң 2003 жылға арналған ставкалары белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148, 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" № 160-1 Заңдарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" № 209-II Кодексінің сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемнің 2003 жылға арналған ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 3. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлемнiң 2003 жылға арналған ставкалары
Облыстық мәслихаттың № 26/233-II 2002 жылғы 27 желтоқсандағы Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлемнiң 2003 жылға арналған ставкалары белгілеу туралы шешіміне қосымша Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлемнiң 2003 жылға арналған ставкалары Ластағыш заттарды шығарып /төгіп/, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырып, қоршаған ортаны белгіленген лимиттер шегінде ластағаны үшін төлемнің 2003 жылға ставкалары келесі мөлшерде белгіленсін:
Тармақ 1
1. Тұрақты көздерден бiр шартты тонна ластайтын заттарды ауаға тастағаны үшiн - 365 теңге.
Тармақ 2
2. Жылжымалы көздерден бiр шартты тонна ластайтын заттарды ауаға тастағаны үшiн - 310 теңге.
Тармақ 3
3. Табиғи объектiлерге 1 шартты тонна ластайтын заттарды ағынды сумен төккенi үшiн 7160 теңге.
Тармақ 4
4. Арнайы бөлiнген аумақтарда, полигондарда, жинағыштарда және рұқсат етiлген қоқыс орындарында өндiрiс және пайдалану қалдықтарын улылық класына қарай орналастырғаны үшiн (бiр тоннасына): Қалдықтардың  улылық класы Төлем мөлшерi тонна/теңге I 4320 II 1980 III 480 IV 240 V 120