О направлении безработных на общественные работы в 2003 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы 📌 Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы қаласы аппарат әкімінің 01.08.2005 N 7-916СК/05 хаты. Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту" туралы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы"» қаулысын іске асыру мақсатында, Алматы қаласының әкімшілігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2003 жылға ұйымдар және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің тізімдері бекітілсін ( N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті (Нұрланов А.Ж.):
Тармақша 1
1) қала бюджетінің 2003 жылы қоғамдық жұмыстарын өткізуге қарастырылған қаражат шегінде бекітілген тізімдерге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жүргізілсін;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екінші дәрежелі банктердегі жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргізілсін.
Тармақ 3
3. қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы ең аз айлық екі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. қалалық қаржы басқармасы (Тәжібаев Қ.К.) қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге уақытында қаражат бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін.
Басқа 8
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 13 қаңтардағы N 1/20 қаулысына N 1 қосымша Алматы қаласындағы 2003 жылдағы ұйымдар, қоғамдық жұмыс көлемдерi мен түрлерiнiң ТIЗБЕСI* № Жұмыс түрлерi iстейтiн адам саны Жұмыс берушiлер 1. Тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек беру 2306 "Iсмер", "Игiлiк" Ассоциациялары, коммуналдық шаруашылықтардың аудандық бөлiмдерi, қоғамдық өзiн-өзi басқару комитетi, тұрғын жай иелерiнiң кооперативтерi 2. Жол салу және оны жөндеу жұмыстары 168 Жол - пайдалану учаскелерi 3. Жөндеу жұмыстары мен жарнамаға қатысу 120 "Қазақ тiлi" қоғамы 4. Экологиялық сауықтыру және көгалдандыру мен көркейту 492 "Көгалдандыру" ("Зелен-строй") Акционерлiк қоғамы, "Тәртiп" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны, "Медеу мемлекеттiк табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi, экологиялық инспекция 5. Қоғамдық науқандарын ұйымдастыруға көмек көрсету 1544 Ерiктi халық жасақшылары, аудандық әскери комиссариаттары, төлқұжаттық стол 6. Қала ұйымдарына көмек көрсету 193 Бiрлескен кәсiпорын «Белкомит» Акционерлiк қоғамы, жерлеу салттық қызмет көрсету комбинаты, 2-шi автокөлiк жөндеу бiрлестiгi, "Гидромаш Орион" жылу-қуат жабдықтау ашық акционерлiк қоғамы, "Ремдортехника" акционерлiк қоғамы, N 3 автобус паркi және т.б. 7. Қарт азаматтар мен мүгедектерге күтiм жасау, балалармен және басқа да Әлеуметтiк қызмет көрсетуге байланысты жұмыстарды жүргiзу 1069 "Дана" отбасын қолдау орталығы, "Мейiрiмдiлiк" патронаждық қызметi, "Қамқорлық" Дағдарыс орталығы, жұқтырылған иммунтапшылығыны синдромымен күресу және оның алдын алу жөнiндегi Орталық, "Мөлдiр" қоғамдық бiрлестiгi, Мүгедектер қоғамы, Аулалық клубтар, Балалар шығармашылық үйлерi, Алматы қалалық жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қоғамы, "ибрат" көп балалы аналар қоғамы және т.б. 8. Басқалары 108 "Әйелдер бастамаларының қалалық орталығы" Қоғамдық бiрлестiгi,Тиімді саясат орталығы, Орта-Азиялық тұрақты даму жөнiндегi ақпараттық жүйесi БАРЛЫҒЫ 6000 * Тiзбе, қоғамдық жұмыстарды өткiзу мерзiмi - 0,5 айдан бiр айға дейiнгi есебiнен құрылған. Жұмыс түрлерiне қатысатын адам саны, қатысу ұзақтығы қоғамдық жұмыстарды өткiзуге 2003 жылы қала бюджетiнде қарастырылған қаражат шегiнде өзгеруi мүмкiн. Жұмыссыздардың еңбекақысы жергiлiктi бюджет есебiнен ең аз екi жалақыны құрайды. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыста пайдаланатын ұйымдар қосымша ақы төлей алады. Қолданыстағы халықты жұмыспен қамту заңының қоғамдық жұмыстарда еңбекке ақы төлеу бөлiгiнде өзгерiстер болған жағдайда еңбекақыны мөлшерi өзгеруi мүмкiн.