О правилах организации и финансирования социальных рабочих мест и перечне организаций, предоставляющих социальные рабочие места для трудоустройства безработных, входящих в целевые группы населения, на 2003 год по городу Лисаковску Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері және Лисаков қаласы бойынша 2003 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына және Қостанай облысы әкімиятының «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік қорғау мақсатында, жұмыс берушілердің қолдаухаттары негізінде, Лисаков қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосып берілетіндер бекітілсін: әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері; Лисаков қаласы бойынша 2003 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі.
Тармақ 2
2. "Лисаков қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Садықова Ф.С.):
Тармақша 1
1) жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыздардың еңбек ақысына жұмсалатын шығындарды ішінара өтеу төлеміне қызметтер көрсету бойынша шарт жасасын;
Тармақша 2
2) тізбеге сәйкес ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды еңбекке орналастыру ушін жіберсін.
Тармақ 3
3. Лисаков қаласының әкімияты қаулыларының күші жойылды деп саналсын: «Лисаков қаласы бойынша 2002 жылға арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі туралы» 2002 жылғы 9 шілдедегі № 283 (2002 жылғы 15 шілдеде № 1651 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген, «Лисаковская новь» газетінің 2002 жылғы 9 тамызындағы № 32 санында жарияланды); «Лисаков қаласы бойынша 2002 жылға арналған жұмыссыздарды жұмыс орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орныдарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі туралы» Лисаков қаласы әкімиятының 2002 жылғы 9 шілдедегі № 283 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2002 жылғы 5 қыркүйектегі № 366 2002 жылғы 16 қыркүйектегі № 1752 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген, «Лисаковская новь» газетінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 39 санында жарияланды).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Л.Г. Лесковаға жүктелсін.
Басқа 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімиятының 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 540 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйысдамен негізгі жағдайлар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен жазбаша келісім жасап, қалалық бюджет қаражаты есебінен қабылданған қызметкерлерге еңбекақыға жұмыс берушілердің шығын ішінара өтемақыларын төлеу арқылы ұсынылатын жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар - Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа тұруға қиыншылық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін тұлғалар топтары, сондай-ақ Лисаков қаласы әкімиятының қаулысымен бекітілген тұлғалар;
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмысқа орналасқан жұмыссыздар еңбек туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнама актілерін пайдаланады.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган әлеуметтік жұмысшы орындарына халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыздар жұмысқа тұруда жәрдем береді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру тәртібі мен еңбекке орналастыру
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру тәртібі мен еңбекке орналастыру
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жергілікті (қалалық) бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздарды осы жұмыс орындарына қабылдаған еңбек ақыға ішінара шығындарды өтеу арқылы меншікті қаражаттары есебінен жұмыс берушілермен анықталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. "Лисаков қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі халықтың ңысаналы топтарынан тұратын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарьіна қабылданғандарды еңбекақысына ішінара шығындарды өтеуге қызметтер көрсету жөнінде жұмыс берушілермен келісім-шарт жасайды. 7. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмыспен қамту және еңбекақыға арналған бюджеттік- қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында қалалық әкімият халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын немесе құратын ұйымдардың тізбесін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен анықтайды. 8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру келісім беру бойынша ұйымдарда Лисаков қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен жүзеге асырылады. 9. Халықтың нысаналы топтарынан тұратын аз қамтылған жұмыссыздар Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға басымдылық құқығы бар.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарды еңбек ақысы ай сайын жеке еңбек шартының шарттарына сәйкес жұмыс берушілермен жузеге асырылады және жұмыс орындау санынан жөне қиыншылығына байланысты болады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздарды еңбек ақысына жұмыс берушілердің шығындары қалалық бюджет қаражаты есебінен ең төменгі еңбекақыдан алты айдан аспайтын мерзімде 50 пайыз көлемінде төленеді. Бюджеттік қаражаттарды аудару жұмыс берушілердің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздарға қалалық бюджет қаражаттары есебінен төленетін еңбек ақы заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша салық төлейді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындаған мөлшерге төленеді.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысына өзінің шығындарын төлеуге жергілікті (қалалық) бюджеттен түскен ақшалай түсімдерді пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін сақтау үшін бақылау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Басқа 26. Лисаков қаласы бойынша 2003 жылға араналған халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдар ТІЗБЕСІ
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімиятының 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 540 қаулысымен бекітілген Лисаков қаласы бойынша 2003 жылға араналған халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдар ТІЗБЕСІ № р/с Ұйымдардың атауы Кәсібінің коды Мамадығы бойынша әлеуметтік жумыс орны Адамдар саны Өткізу мерзімі 1 2 3 4 5 6 1 «Дружба» пәтер иелерінің тұтыну кооперативі 712400 шатыршы 2 мамыр- қыркүйек 2 «Луч» пәтер иелерінің тұтыну кооперативі 714104 сырлаушы 2 қаңтар-мамыр 3 «Созвездие» пәтер иелерінің тұтыну кооперативі 712404 713605 Ағаш шебері слесарь- сантехник 1 1 қаңтар-мамыр қаңтар-мамыр 4 «Сәулет» пәтер иелерінің тұтыну кооперативі 941401 713605 аулашы слесарь- сантехник 1 1 қаңтар-мамыр қаңтар-мамыр 5 Лисаков қаласының әкімі жанындағы «Қуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 713300 сылақшы 4 мамыр- қыркүйек 6 «Механомонтаж» ашық акционерлік қоғамының Лисаков монтаждық филиалы 822146 жинақтаушылар 4 мамыр- қыркүйек 7 «Лисаковскрудстрой» ашық акционерлік қоғамы 712400 713204 шатыршы ағаш шебері 7 3 мамыр- қыркүйек мамыр- қыркүйек 8 «Лисаков қалалық мәдениет бөлімі» ММ жанындағы «Қалалық мәдениет және спорт орталығы» МКҚК 347303 Мәдени ұйымдастырушы 1 қаңтар-мамыр 9 «Илин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 122956 шебер 1 қаңтар-наурыз 10 «Ұста» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 941406 өндірістік және қызметтік жайларды тазалаушы 1 қаңтар- маусым 941401 аулашы 86 Қаңтар- маусым 913102 тазалаушы- жуушы 1 шілде- желтоқсан 941402 елді мекендерді көркейту бойынша жұмыскер 84 шілде- желтоқсан 11 «Молочник» пәтер иелерінің тұтыну кооперативі 941401 аулашы 1 қаңтар- маусым