О правилах организации бесплатного питания малообеспеченных граждан в 2003 году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылы аз қамтылған азаматтардың тегін тамақтандыруын ұйымдастыру ережелері туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы негізінде және 2003 жылы Лисаков қаласының халқын әлеуметтік қорғау мақсатында, Лисаков қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтардың тегін тамақтандыруын ұйымдастырудың қосып берілетін ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Л.Г. Лесковаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2003 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. 📌 Ескерту. 3-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы Әкімиятының 18.02.2003 № 64 қаулысымен.
Басқа 4
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 13 қаңтардағы № 22 қаулысымен бекітілген Аз қамтылған азаматтардың тегін тамақтандыруды ұйымдастыру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Тіршілік етуге қаржысы жоқ, оларды ұстауға міндетті және жағдайы бар туыстары жоқ, сонымен қатар жұмысқа орналасу мәселесін шеше алмайтын себептермен (жасы, денсаулық жағдайы) азаматтар қалалық бюджет есебінен тегін тамақтанумен қамтылады.
Тарау 2. 2. Тегін тамақ беру тәртібі
2. Тегін тамақ беру тәртібі Тегін тамақтануға талап ететін тұлғаның өтініші мен өмір тіршілігін тексеру кесімі бойынша еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен тегін тамаққа төлем жүргізіледі. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан алған талонды сынған кезде,күніне бір рет ыстық тамақ беріледі.
Тарау 3. 3. Тегін тамақтандыруды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі
3. Тегін тамақтандыруды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі Табысы аз қамтылған адамдарды тамақтандырудың баға ұсыныстары бойынша болған тамақ құны есебімен жүзеге асырылады. Қалалық қаржы басқармасы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасын қаржыландырады. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен жасалған келісім шартта бір жағынан өмір сүруге қаражатсыз қалған және екінші жағынан қызмет көрсетуші заңмен белгіленген тәртіп бойынша тегін тамақ ұйымдастыру тәртібі айтылады.