О социальной защите участников и инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, обеспечивших победу в Великой Отечественной войне, подвергшихся репрессиям и реабилитированным, воинам-интернационалистам в 2003 году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және Ұлы Отан соғысындағы жеңісті қамтамасыз еткен және құғын-сүргінге ұшыраған, ақталып шыққан тұлғаларды 2003 жылы әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы негізінде және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және Ұлы Отан соғысындағы жеңісті қамтамасыз еткен, қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталып шыққан тұлғаларды 2003 жылы әлеуметтік қолдау мақсатында, Лисаков қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосып берілетіндер бекітілсін: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің баспа беттеріне жазылу ережелері; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншалар мен шаштараздар қызметтеріне материалдық көмекті тағайындау мен төлеу ережелері; 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 58 жылдығын тойлауға байланысты халықтың әр түрлі санаттарына материалдық көмек көрсету ережелері.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Л.Г.Лесковаға жүктелсін.
Басқа 3. Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері баспа беттеріне жазылу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 13 қаңтардағы № 27 қаулысымен бекітілген Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері баспа беттеріне жазылу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Материалдық көмек алушылар
1. Материалдық көмек алушылар Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне 2003 жылғы 2 жартыжылдыққа және 2004 жылғы І жартыжылдығына баспаға жазылушының тілегі бойынша лисаковтық баспа беттеріне жазылуға материалдық көмек көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Материалдық көмек көрсету үшін негіз
2. Материалдық көмек көрсету үшін негіз Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне материалдық көмек көрсету үшін негіз талап етушінің өтініші болып табылады.
Тарау 3. 3. Жәрдемақы мөлшері
3. Жәрдемақы мөлшері Жәрдемақы мөлшері лисаковтық баспа беттерінің жеңілдік құнына байланысты.
Тарау 4. 4. Материалдық көмек төлеу тәртібі
4. Материалдық көмек төлеу тәртібі Қалалық қаржы басқармасы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасын қаржыландыруды жүзеге асырады. Баспаға жазылуға материалдық көмек екінші деңгейдегі банктарда жеке есеп шоттарына аудару арқылы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы төлейді.
Басқа 8. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншалар және шаштараздар қызметтеріне материалдық көмекті тағайындау мен төлеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 13 қаңтардағы № 27 қаулысымен бекітілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншалар және шаштараздар қызметтеріне материалдық көмекті тағайындау мен төлеу ЕРЕЖЕЛЕРІ 1. Атаулы материалдық көмекті тағайындау тәртібі Материалдық көмекті алушылар Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері болып табылады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншалар және шаштараздар қызметтеріне материалдық көмек арыз нысанында болады және арыз берген айдан бастап тағайындалады. 2. Атаулы материалдық көмектің көлемі Атаулы материалдық көмектің көлемі ең төменгі есептік көрсеткіштің 30 пайызын құрайды. 3. Материалдық көмекті төлеу тәртібі Материалдық көмекті төлеу тәртібі өтіп кеткен айға қалалық бюджет қаражаты есебінен төленеді. Кейбір жағдайлар (кету, келу, қайтыс болу) кезінде төлеу әрбір өмір сүрген күнге төленеді. «Лисаков қалалық қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Лисаков қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қаржыландырады. «Лисаков қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі материалдық көмекті екінші деңгейдегі банктарда алушылардың жеке есепшоттарына аударады.
Басқа 9. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 58 жылдық тойын мерекелеуге байланысты халықтың әр түрлі санаттарына материалдық көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 13 қаңтардағы № 27 қаулысымен бекітілген 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 58 жылдық тойын мерекелеуге байланысты халықтың әр түрлі санаттарына материалдық көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Осы ережелер 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті қамтамасыз еткен адамдарды, әскери-интернационалистерді және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі»Жаппай саяси қуғын сүргінге құрбан болғандарды ақтау туралы» Заңы бойынша қуғын сүргінге ұшыраған және ақталып шыққан адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында жасалған.
Тарау 2. 2. Материалдық көмек алушылар
2. Материалдық көмек алушылар Материалдық көмек алушылар 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, әскери-интернационалистер, қайтыс болғандардың жесір әйелдері, концлагердің кәмелетке жасы толмаған тұтқындары, еркімен жалданып істеген құрамдағы адамдар, Ленинградты қорғау үшін» медалімен наградталған адамдар, тыл еңбеккерлері, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Жаппай саяси қуғын-сүргінге құрбан болғандарды ақтау туралы»Заңы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталып шыққан адамдар болып табылады.
Тарау 3. 3. Материалдық көмек мөлшері
3. Материалдық көмек мөлшері Жоғарыда аталған санаттарға материалдық көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1000 теңге, басқа санаттарға 500 теңге төленеді.
Тарау 4. 4. Материалдық көмек төлеу тәртібі
4. Материалдық көмек төлеу тәртібі Зейнетақы төлеу жөніндегі Қостанай мемлекеттік орталығының Лисаков филиалымен ұсынылған тізім бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін тойлау қарсаңында еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен материалдық көмек төленеді. Қалалық қаржы басқармасы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасын қаржыландырады. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы екінші деңгейдегі банктерде алушылардың жеке есеп шоттарына материалдық көмекті аударады.