Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды на 2003 год Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы мөлшерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 10.12.2004 № 3С-9-19 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармақтың 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Салық және басқа міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 462 бабына сәйкес Ақмола облыстық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын ұсынылған төлемақы мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешім 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық маслихаттың аграрлық мәселелер, өнеркәсіпті дамыту, көлік, байланыс, құрылыс, кәсіпкерлік, азық-түлік және экология сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында тірелген соң күшіне енеді.
Басқа 5
Қосымша Ақмола облыстық мәслихатының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № С-22-7 шешімімен БЕКІТІЛГЕН 2003 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы мөлшері № Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Қауіптілік класы Төлем мөлшері, теңгемен 1. Стационарлық көздерден атмосфералық ауаны ластайтын заттардың шығарылуы Шартты тонна 200 2. Қозғалыстағы көздерден ауаны ластайтын заттардың шығарылуы: Этил бензині үшін; Этил емес бензині үшін; Дизельді жанармай үшін; Сұйытылған газ үшін. тонна тонна тонна тонна 360 300 470 180 3. Су объектілеріне лас заттардың шығарылуы: Тазартқыш құралдарынан кейін су көздеріне; Тазартқыш құралдарынан кейін су жинақтау орнына; Тазартылмай шығарылған. шартты тонна шартты тонна шартты тонна 15000 14000 30800 4. Полигондардағы, жинақтау және рұқсат етілген орындардағы өндірістік қалдықтар тонна тонна тонна тонна тонна 1 2 3 4 5 3200 1600 400 200 100 5. Күл, күлді шлак 200 6. Қайта өндеу технологиясы жоқ радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортада орналастыру тонна 19,5 7. Қалдықтар Текше метр 17 8. Жер қыртысын ашу Текшее метр 1,5 9 Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары (көң) тонна 8,5