Об установлении размеров адресной материальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны на 2003 год Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi үшiн 2003 жылға атаулы материалдық көмектің мөлшерлерін белгiлеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 09.03.2004 № 52 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi «Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен, мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер және әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының күшi бар № 2247 Жарлығының 20-бабы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi № 357-1 «Бюджет жүйесi туралы» Заңының 12-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қарабалық ауданы әкiмияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн әлеуметтiк қорғау бойынша, ай сайын 230 теңге мөлшерiнде атаулы материалдық көмек көрсету түрiнде, 2003 жылға арналған қосымша шаралар белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi үшiн атаулы материалдық көмек белгiлеу мен төлеудiң ережесi бекiтiлсiн (1-қосымша).
Тармақ 3
3. Қарабалық ауданы әкiмиятының 2002 жылғы 25 наурыздағы № 70 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi үшiн 2002 жылға атаулы материалдық көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу туралы» қаулысының, 1407 тiркеу нөмiрi күшi жойылды деп есептелсiн.
Басқа 4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерi үшiн атаулы материалдық
көмек белгiлеу мен төлеудiң
ЕРЕЖЕЛЕРI
Қарабалық ауданы әкімиятының
2003 жылғы 17 қаңтардағы № 22
қаулысына
1-қосымша
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерi үшiн атаулы материалдық
көмек белгiлеу мен төлеудiң
ЕРЕЖЕЛЕРI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы ережелер ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi үшiн атаулы материалдық көмек көрсетудiң тәртiбiн реттейдi.
Тарау 2. 2. Атаулы материалдық көмек
белгiлеудiң тәртiбi
2. Атаулы материалдық көмек
белгiлеудiң тәртiбi
Тармақ 1
1. Атаулы материалдық көмек мәлiмдеу нысанында жасалады.
Тармақ 2
2. Атаулы материалдық көмек белгiлеу туралы өтiнiш, оны алуға құқығы бар адаммен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтiк қорғау басқармасына тапсырылады.
Тармақ 3
3. Атаулы материалдық көмек сұрап отырған адам атаулы материалдық көмек белгiлеу туралы өтiнiшiн белгiлi нысан бойынша ұсынады.
Тармақ 4
4. Атаулы материалдық көмек белгiлеу туралы өтiнiштi қарау атаулы материалдық көмек белгiлеу жөнiндегi комиссиямен 10-күндiк мерзiмде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Атаулы материалдық көмек белгiлеуден дәлелдi бас тарту жағдайда, өтiнiш берушiге ол туралы жазбаша түрде хабар берiледi.
Тармақ 6
6. Атаулы материалдық көмектi есептеу 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасалады.
Тармақ 7
7. Ұсынылған ақпараттың шүбәсiздiгiн растау үшiн толық жауапкершiлiк өтiнiш қабылдаған адамдарға жүктеледi.
Төлем жасалғаннан кейiн қайсы бiр бұзушылық айқындалған жағдайда немесе деректердi растамайтын заңсыз төленген ақыны заңдармен белгiленген тәртiппен кiнәлi адамдарға төлеттiредi.
Тарау 3. 3. Атаулы материалдық көмектi төлеу
3. Атаулы материалдық көмектi төлеу
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi үшiн атаулы материалдық көмектi төлеу аудан бюджетiнiң есебiнен жасалады.
Тармақ 9
9. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы комиссия шешiмi негiзiнде есептеу жасайды және атаулы материалдық көмек белгiленген азаматтардың тiзiмдерiн түзетедi және аудандық қаржы бөлiмiне ай сайын қаржыландыруға өтiнiм ұсынады.
Тармақ 10
10. Атаулы материалдық көмектi төлеу банк операцияларының сәйкестi түрлерiне Қазақстан Республикасының ұлттық Банкiсiнiң лицензиялары бар, заңдармен белгiленген тәртiпте конкурста жеңген ұйымдар арқылы жасалады.
Тармақ 11
11. Атаулы материалдық көмектi төлеу өткен ай үшiн жасалады.
Тармақ 12
12. Атаулы материалдық көмектi төлеу алушының қайтқан күнiнен бастап қойылады.
Тарау 4. 4. Атаулы материалдық көмектi
төлеулерiне бақылау жасау
4. Атаулы материалдық көмектi
төлеулерiне бақылау жасау
Тармақ 13
13. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы ай сайын АХАЖ органдарынан атаулы материалдық көмек белгiленген азаматтардың қайтыс болған жағдайларын тiркеу туралы мағлұматтар сұратады.
Тармақ 14
14. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы ай сайын зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталықтың аудандық бөлiмшелерiнен Қазақстан Республикасы шектерiнен кеткен ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi туралы мағлұматтар сұратады.
Тармақ 15
15. Қате ресiмделген құжаттар бойынша заңсыз атаулы материалдық көмек төленген үшiн, бұған кiнәлi лауазымды адамдар, заңмен белгiленген тәртiпте жауап бередi.
Тармақ 16
16. Төленген сомаларға бақылау жасау, акт-салыстырып тексеру негiзiнде, конкурс жеңiмпазы мен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы арасында ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Аудандық қаржы басқармасы атаулы материалдық көмек төлеуге арналған бюджеттiк қаражаттардың дұрыс жұмсалуы келесi тексерулерiн жүзеге асырады.