Об утверждении паспортов бюджетных программ аппарата областного Маслихата на 2003 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық Мәслихат аппаратының 2003 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі №832 қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Облыстық Мәслихат аппаратының 2003 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттары №1-3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Қуандықовқа жүктелсін.
Басқа 1
№1 қосымша Облыстық Мәслихат аппараты (Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) 2003 жылға арналған облыстық Мәслихат аппаратының әкімшілік шығындары (бюджеттік бағдарламаның атауы) ПАСПОРТЫ 1.Құны: 6 174 000 ( алты миллион бір жүз жетпіс төрт мың) теңге. 2.Бюджеттік бағдарламаның нормативтік қүқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Қазақстан Республикасының Заңы, «Облыстық, қалалық және аудандық Мәслихат аппараттарының Ережелерін бекіту туралы» облыс әкімінің 2002 жылғы 5 маусымдағы №503 шешімі, «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессиясының №139 шешімі. 3.Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: облыстық бюджет. 4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 жылғы 23 каңтардағы №148-11 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық Мәслихат аппаратының қызметін қамтамасыз ету. 5.Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) облысты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, облыстық бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту; 2)облыста қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту; 3)әкімнің ұсынуы бойынша облысты басқару схемасын бекіту; 4)облыс қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті, қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелерін шешу; 5)әкімнің ұсынысы бойынша Мәслихат сессиясының шешімімен облыстық әкімияттың дербес құрамына келісу; 6)атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға Мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу; 7)Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру; 8)Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту; 9)облысты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, облыстық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау; 10)Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, Мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 11)халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес бағдарламаларын бекіту; 12)әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімият жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту; 13)Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру; 14)азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу; 15)«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру; 16)облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын салудың бас жоспары жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу, әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекіту; 17)облыс әкімиятының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қарыз алу туралы шешімдер қабылдау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: № Бағдар лама коды Кіші бағд. коды Бағдарлама-лардың (кіші бағдарлама-лардың) атауы Бағдарламаланы (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар Іске асыру мерзімі Жауапты орындау-шылар 1 2 3 4 5 6 7 1 02 03 Жергілікті деңгейдегі әкімшілік шығындары. Жергілікті органдардың аппараты. Аппаратты ұстау 2003 жыл ішінде Облыстық Мәслихат 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық Мәслихат құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, олардың орындалуына бақылау жасау. №2 қосымша Облыстық Мәслихат аппараты /Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі/ 2003 жылға арналған облыстық Мәслихат депутаттарының депутаттық қызметтерді жүзеге асыруға байланысты шығындары (бюджеттік бағдарламаның атауы) ПАСПОРТЫ 1.Құны: 471 000 (төрт жуз жетпіс бір мың) теңге. 2.Бюджеттік бағдарламаньщ нормативтік қүқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Қазақстан Республикасының Заңы, 11 шақырылған облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 14 қыркүйектегі VIII сессиясында бекітілген «Қызылорда облыстық Мәслихатының Регламенті», «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессиясының №139 шешімі. 3.Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: облыстық бюджет. 4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңына сәйкес облыстық Мәслихат депутаттарының депутаттық қызметтерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету. 5.Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: облыстық Мәслихат депутаттарының құқықтары мен міндеттері: 1) Мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарында қарау үшін мәселелер ұсыну, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысу; 2)облыстық Мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға Мәслихаттың құзіретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беру және жолданымдар жіберу; 3)өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізу; 4)өз округінің сайлаушыларына облыстық Мәслихат пен оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысы туралы ұдайы хабарлап отыру, Мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысу; 5)облыстық әкімият отырыстарының жұмысына қатысу; 6)заңдарда және Мәслихат Регламентінде көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындау шараларын жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары. № Бағдар лама коды Кіші бағд. коды Бағдарлама-лардың (кіші бағдарлама-лардың) атауы Бағдарламаланы (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар Іске асыру мерзімі Жауапты орындау-шылар 1 2 3 4 5 6 7 1 30 00 Депутаттық қызмет Облыстық Мәслихат пен оның органдарының отырыстарына қатысу, өз сайлау округіндегі сайлаушылармен кездесулер өткізу. 2003 жыл ішінде Облыстық Мәслихат 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық Мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасау, олардың құқықтарын қорғауға кепілдік жасау. №3 қосымша Облыстық Мәслихат аппараты (Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) 2003 жылға арналған облыстық Мәслихат аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайту (бюджеттік бағдарламаның атауы) ПАСПОРТЫ 1.Құны 280 000 (екі жуз сексен мың) теңге. 2.Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Қазақстан Республикасының Заңы, «Облыстық, қалалық және аудандық Мәслихат аппараттарының Ережелерін бекіту туралы» облыс әкімінің 2002 жылғы 5 маусымдағы №503 шешімі, «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессиясының №139 шешімі. 3.Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: облыстық бюджет. 4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық Мәслихат аппаратының қызметін қамтамасыз ету. 5.Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қызметкерлердің жұмысын техникалармен жабдықтау және тиісті жұмыс жағдайын жасау. 6.Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: № Бағдар лама коды Кіші бағд. коды Бағдарлама-лардың (кіші бағдарлама-лардың) атауы Бағдарламаланы (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар Іске асыру мерзімі Жауапты орындау-шылар 1 2 3 4 5 6 7 1 31 00 Облыстық Мәслихат аппаратының материалдық техникалық базасын нығайту Облыстық Мәслихат аппаратының қызметкерлеріне офистік жиһаздар сатып алу. 2003 жыл ішінде Облыстық Мәслихат 7.Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық Мәслихат аппаратын қауырт және сапалы жұмыспен қамтамасыз ету.