О правилах организации подсобных хозяйств, проезда на дачи для малообеспеченных граждан в 2003 году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылы аз қамтылған азаматтар үшін көмекші шаруашылықтарды, саяжайға баруды ұйымдастыру ережелері туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы негізінде және 2003 жылы Лисаков қаласының халқын әлеуметтік қорғау мақсатында, Лисаков қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілгендер бекітілсін: Көмекші шаруашылықтарды ұйымдастыру ережелері; Саяжайға баруды ұйымдастыру ережелері.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Л.Г. Лесковаға жүктелсін.
Басқа 3. Көмекші шаруашылықтарды ұйымдастыру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 40 қаулысымен бекітілген Көмекші шаруашылықтарды ұйымдастыру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Осы ережелер халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарға көкөністермен өзін-өзі қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу мақсатында жасалды. Көмекші шаруашылықтарды ұйымдастыру «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына және «Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы» Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 13 қаңтардағы № 21 қаулысына, тіркеу нөмірі 1989, сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға суармалы жүйе бөлу, жырту және дайындау, бақ ретінде жер учаскелерін, тұқым қорын сатып алу және беру қарастырылады.
Тарау 2. 2. Көмекші шаруашылықтарды ұйымдастыру бойынша көмек көрсету үшін негіздеме
2. Көмекші шаруашылықтарды ұйымдастыру бойынша көмек көрсету үшін негіздеме Көмекші шаруашылықтарды ұйымдастыру бойынша көмек көрсету үшін негіздеме еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының атына берілген әлеуметтік қорғаудың аталмыш түріне талап ететін адамдардың арызы және еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлерімен өткізілген жоғарыда аталған арыз берушілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі болып табылады.
Тарау 3. 3. Бөлінген учаскелердің көлемі, жер жыртуға арналған қаражатының сомасы, суару жүйесін жасау және тұқым сатып алу
3. Бөлінген учаскелердің көлемі, жер жыртуға арналған қаражатының сомасы, суару жүйесін жасау және тұқым сатып алу Көмекші шаруашылықтарды ұйымдастыру үшін маусымды пайдалану учаскелері ауданы 0,3 га бөлінеді. Жер жырту, суаруды ұйымдастыру үшін алушыға 500 теңге сомасында материалдық көмек бөлінеді. Тұқым материалдарын сатып алу үшін 700 теңге сомасында материалдық көмек бөлінеді.
Тарау 4. 4. Жер учаскесін жалға алуға, жер жыртуға, суару жүйесін дайындау және тұқым материалдарын сатып алуға қаражат бөлу тәртібі
4. Жер учаскесін жалға алуға, жер жыртуға, суару жүйесін дайындау және тұқым материалдарын сатып алуға қаражат бөлу тәртібі Жер учаскесін жалға алу, жер жырту, суару жүйесін дайындауға және тұқым материалдарын сатып алу шаралары қалалық қаржы басқармасымен еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы қаржыландырылады. Лисаков қалалық қаржы басқармасы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасын қаржыландырады.
Басқа 8. Саяжайға баруды ұйымдастыру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 40 қаулысымен бекітілген Саяжайға баруды ұйымдастыру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес қалалық бюджет есебінен ай сайын ақшалай төлеу түрінде саяжайға бару үшін көмек көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар
2. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар Саяжайға бару үшін атаулы әлеуметтік көмек алушылар халықтың нысаналы топтарына кіретін отбасының басы және саяжай учаскелері бар немесе жалға алушылар болып табылады.
Тарау 3. 3. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері
3. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері Саяжайға бару үшін атаулы әлеуметтік көмек мөлшері мамыр айынан қыркүйек айын қоса айына 500 теңге белгіленді.
Тарау 4. 4. Атаулы әлеуметтік көмек төлеудің тәртібі
4. Атаулы әлеуметтік көмек төлеудің тәртібі Саяжайға бару үшін атаулы әлеуметтік көмек келесі айдың есеп беру кезінде еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен ай сайын төленіп отырады. Қалалық қаржы басқармасы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасын қаржыландыруды жүзеге асырады. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы саяжайға бару үшін атаулы әлеуметтік көмекті екінші деңгейдегі банктарға алушылардың жеке шоттарына аударады.