О направлении безработных на общественные работы в 2003 году Қолданыста
Басқа 0
2003 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын, Оңтүстік қазақстан облысында кедейлік пен жұмыссыздықты төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны орындау мақсатында:
Тармақ 1
1. 2003 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті (А.А. Ахметов) бекітілген тізбеге сәйкес 2003 жылға арналған облыс бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қаржы және коммуналдық меншік департаменті (М. Қ. Сағындықов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Н. Бурлаченкоға жүктелсін.
Басқа 6. 2003 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі*
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
17 қаңтар № 13 қаулысына қосымша
2003 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі*
№
р/с
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам
1
4
2
3
1
Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу
452
2
Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері, мемлекеттік жол жөндеу мекемелері
Жолдар құрылысы және оларды жөндеу
210
3
Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері, мемлекеттік орман шаруашылықтары
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу
950
4
Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері
Кадрларды даярлау, қайта даярлау және оларды жұмысқа орналастыру процесін реттеу жөніндегі облыстық бағдарламаны орындауға көмектесу
226
5
Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері,
"Әзірет Сұлтан" МКҚК, мектептер, ауруханалар
Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге көмектесу
1050
6
Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын мекемелер
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету
1120
7
Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері, мемлекеттік тұрғын үй жөнінен қызмет көрсету бөлімдері
Аймақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру
3542
8
Қала әкімияттары, ауыл, поселке округтері
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
450
Барлығы
8000
* - Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1, 4 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай кейбір қоғамдық жұмысқа қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2003 жылға арналған облыстық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
Жұмыссыздардың еңбекақысы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.