О социальной защите в 2003 году лиц, входящих в целевые группы Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды 2003 жылы әлеуметтік қорғау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы негізінде, азаматтық-құқықтық қатынастарды сақтау мақсатында, Лисаков қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілгендер бекітілсін:
Бас бостандығынан айыру орындарынан қайтып оралған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелері;
Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларға және кедейшілік шегінде тұратын тұлғаларды құжаттандыруға біржолғы материалдық көмек көрсету ережелері.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Л.Г. Лесковаға жүктелсін.
Басқа 3. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларға
және кедейшілік шегінде тұратын тұлғаларды құжаттандыруға біржолғы материалдық
көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай облысы
Лисаков қаласы әкімиятының
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 39 қаулысымен бекітілген
Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларға
және кедейшілік шегінде тұратын тұлғаларды құжаттандыруға біржолғы материалдық
көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы ережелер халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды және кедейшілік шегінде тұратын тұлғаларды әлеуметтік қорғау мақсатында жасалған.
Тарау 2. 2. Материалдық көмек алушылар
2. Материалдық көмек алушылар
Материалдық көмек алушылар кейбір жағдайларға байланысты жеке куәліксіз қалған адамдар болып табылады.
Тарау 3. 3. Біржолғы материалдық көмек тағайындау тәртібі
3. Біржолғы материалдық көмек тағайындау тәртібі
Жеке куәлікті ресімдеуге біржолғы материалдық көмек қала әкімінің атына талап етушінің жеке өтініші және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру кесімі бойынша тағайындалады.
Тарау 4. 4. Материалдық көмек мөлшері
4. Материалдық көмек мөлшері
Біржолғы материалдық көмек жеке куәлік пен фотосурет құны сомасында төленеді.
Тарау 5. 5. Материалдық көмек төлеу тәртібі
5. Материалдық көмек төлеу тәртібі
Материалдық көмек екінші деңгейдегі банктерде алушылардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы төленеді.
Басқа 9. Бас бостандығынан айыру орындарынан қайтып
оралған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай облысы
Лисаков қаласы әкімиятының
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 39 қаулысымен бекітілген
Бас бостандығынан айыру орындарынан қайтып
оралған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Бас бостандығынан айыру орнынан қайтып оралған адамдарға орналасу және жеке басының куәлігін алу үшін қалалық бюджетінің қаражатына біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Жеке басының куәлігін және орналасу үшін әлеуметтік көмек бас бостандығынан айыру орнынан босатылған туралы анықтамасы бар адамдарға тағайындалады.
Тағайындау үшін қала әкімінің атына жазылған арыз негіз болады.
Тарау 3. 3. Біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері
3. Біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері
Жеке куәлікті ресімдеуге біржолғы материалдық көмек қала әкімінің атына талап өтініші не әлеуметтік көмек 5000 теңгеден аспайтын сомада төленеді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек төлеу тәртібі
4. Әлеуметтік көмек төлеу тәртібі
Бас бостандығынан айыру орнынан шыққан адамдарға әлеуметтік көмек қалалық бюджет есебінен екінші деңгейдегі банктарда туыстарының жеке есеп шоттарына аудару арқылы төленеді.