Об утверждении внутренних Правил кредитования сельхозтоваропроизводителей Южно-Казахстанской области для проведения весенне-полевых и уборочных работ 2003 года Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 2003 жылы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргізу үшiн кредит берудiң iшкi ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 қаңтардағы "2003 жылы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" № 70 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 2002 жылы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын өткiзуi үшiн жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға несие бөлудiң iшкi ережесi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкiмдерiне бөлiнетiн несиелiк қаржы қажеттiлiгi 120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңге сомасында бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Несиенi өтеу мерзiмi 2003 жылы 15 қарашаға дейiн болып белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары И.Ә.Әбішевке жүктелсiн.
Басқа 5
Оңтүстік Қазақстан
облысы әкiмiнiң
2003 жылғы 7 ақпандағы
N 18 шешiмiне N 1 қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 2003 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын өткiзуi үшiн жанар-жағармай материалдарын, тұқым,тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға кредит берудiң iшкi
ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылы 21 қаңтардағы "2003 жылы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 70 қаулысы негiзiнде әзiрлендi және 2003 жылға арналған облыстық бюджеттiң "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру" бағдарламасында қарастырылған несиелiк ресурстар есебiнен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн уақытша қаржылай қолдаудың тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұйымдар пайдаланылады:
кредит берушi - облыс қала және аудан әкiмдерi;
бағдарламаға әкiмшiсi - облыстық ауыл шаруашылығы департаментi;
қаржы органы - облыстық қаржы және коммуналдық меншік департаментi;
бюджеттік кредит - аудандық және қалалық әкiмдердiң бюджеттен
мерзiмдiлiк, қайтармалы және қамтамасыз ету шарттарымен беретiн ақшасы;
заемшы - түпкi заемшы, бюджеттік кредитті алушы заңды немесе жеке тұлға;
бюджет кредит бойынша берешек - заемшының бюджеттік кредитті өтеу мен қызмет көрсету кестесiне сәйкес белгiлi мерзiмде төлемеген қаржы мөлшерi.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк кредит беру қаржы және коммуналдық меншік департаментiнiң кредиттік қаржыны облыстық ауыл шаруашылығы департаментiне беруi арқылы жүзеге асады, өз кезегінде департамент кредиттік қаржыны аудан мен қала әкiмдерiне аударады.
Тармақ 3
3. Бюджеттiк кредиттерді беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредит беруші мен түпкi заемшылар арасындағы кредиттік шарттармен ресiмделедi.
Бюджеттік кредитті беру туралы шартты жасауды әкімнің атынан немесе оның орнын ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Облыстық ауыл шаруашылығы департаментi облыс әкімімен, қаржы департаментi және облыс аудандары мен қалаларының әкiмдерiмен кредиттік қаржыны аудару және оның белгiленген мерзiмде қайтарылатындығын қамтамасыз ету туралы келiсiм жасайды.
Тармақ 5
5. Түпкi заемшыларға несие сыйақының нөлдiк ставкасымен берiледi.
Тармақ 6
6. Бюджеттiк кредит берудiң мiндеттi шарты кредит берушiнiң мүддесiн қорғау кепiлдiк мүлiкпен қамтамасыз ету жолымен несие тәуекелiнiң туындауын төменгi деңгейге жеткiзу болып табылады.
Тарау 2. 2. Бюджеттiк кредит берудiң бағыттары
2. Бюджеттiк кредит берудiң бағыттары
Тармақ 7
7. Бюджеттiк кредиттер ағымдағы жылға арналған тиiстi бағдарламада қарастырылған қаржы мөлшерiнiң шегiнде берiледi. Осы Ережеде қарастырылған бюджеттiк кредит берудiң бағыты ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты тәжірибе кәсіпорындарына (тәжірибе шаруашылығы, тәжірибе станциялары), су шаруашылығы мен тік дренаждарды Халықаралық Қайта Жаңарту Банкі мен Азия Даму Банкінің заемдары арқылы қалпына келтіру жұмыстарың тауар өндiрушiлерiне (әрі қарай - ауылшартаурөндірушілер) 2003 жылғы көктемгi егіс және егiндi жинау жұмыстарын өткiзу үшiн жанар-жағармай материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектермен сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға кейіннен кредит беру болып табылады.
Тарау 3. 3. Бюджеттiк кредиттердiң түрлерi мен нысандары
3. Бюджеттiк кредиттердiң түрлерi мен нысандары
Тармақ 8
8. Бюджеттiк кредиттер беру нысаны бойынша бюджет қаржысының шығыстар нұсқасына сәйкес аудандар мен қалалардың бағдарлама әкiмшілеріне бюджеттiк кредиттi бiр жолға аудару жолымен берiлетiн мерзiмдi кредит болып табылады.
Тармақ 9
9. 120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңге сомасындағы несие аудан және қала әкімдеріне қайтару,мерзiмдiлiк және қамтамасыз ету шарттармен 2003 жылдың 15 қарашасына дейiн өтеу мерзiмiмен бөлiнедi.
Тармақ 10
10. Бюджеттiк несиелер ұлттық валюта түрiнде берiледi.
Тармақ 11
11. Ауылшартауарөндірушілеріне бюджеттік кредит берудің шарттары мыналар болып табылады:
бюджет есебiнен кредит берілетін жобалардың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн көктемгi дала және егiн жинау жұмыстары үшiн жанар-жағар май материалдарымен, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектермен, сондай-ақ олардың ауыл шаруашылығы техникасын жала және сатып алуын қамтамасыз етуге бағытталуы;
түпкi заемшының банк мекемелерiнде несиелер, қолданылып жүрген заңдарда қарастырылған салық және басқа да төлемдер бойынша берешегiнiң болмауы;
түпкi заемшының құжаттар пакетiн бағдарлама әкiмшiсi мен қала және аудан әкiмдерi белгiлеген төмендегi тiзбе бойынша ұсынуы:
құрылтайшылық құжаттар (жарғы, куәлiк, статистикалық карта, патент) кепiлдiк келiсiмi.
бөлінетін кредит сомасының лимиті аудан және қала әкімдері белгілеген жұмыс көлеміне сәйкес анықталады.
Тарау 4. 4. Бюджеттiк кредиттердi берудi ұйымдастыру
4. Бюджеттiк кредиттердi берудi ұйымдастыру
Тармақ 12
12. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi түпкi заемшыларды анықтау үшін, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдерін қарайтын және олардың арасынан түпкі заемшыларды iрiктейтін конкурстық комиссия құрады.
Бюджеттік кредиттер түпкі заемшыларға мына принциптермен бөлінеді:
шарттарды жергілікті жердегі бұқаралық ақпарат құралдарды арқылы жария ету;
түпкі заемшыларды іріктеу;
кредиттік шарттарды жасасу (соның ішінде кепілдемелік шарттар);
Конкурстық комиссия түпкі заемшыларды іріктегенде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
кредитті алатындар Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты тәжірибе кәсіпорындарды (тәжірибе шаруашылығы, тәжірибе станциялары), су шаруашылығы мен тік дренаждарды Халықаралық Қайта Жаңарту Банкі мен Азия Даму Банкінің заемдары арқылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан шаруашылықтар, басқа да ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері болуы тиіс;
түпкі заемшылардың бюджеттік кредиті жанар-жағармай
материалдарын,тұқымдар,тыңайтқыштар,гербицидтер,тұқымды улағыштар,ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға немесе сатып алуға пайдалануы;
банктер мен бюджет алдында қарызының болмауы;
салық төлемдері бойынша бюджетке қарызының болмауы; кепілдемемен қамтамасыз етілу және кепілдеме мүлкі өтімділігі;
Тармақ 13
13. Аудан мен қала әкімдері:
конкурстық комиссия ұсынған заемшылардың тізімін бекітеді;
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері-заемшыларды жанар-жағармай
материалдарын,тұқымдар,тыңайтқыштар,гербицидтер,тұқымды улағыштар,ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу,ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алуға немесе сатып алу үшін қаржымен қамтамасыз етуге қажет бюджеттік кредиттің сомасын анықтайды;
заемшылардың бюджеттік кредитті мақсатты пайдалануын бақылайды;
бюджеттік кредиттің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етеді;
Тармақ 14
14. Кредит берушілер мен тиісті бағдарламалардың әкімшілері түпкi заемшылармен кредит шартқа тұрады,оған қоса тiркелген құжаттарды (кепiл туралы шартты, кепiлдiктi, бюджеттiк несиенi өтеу кестесiн, т.б.) қабылдайды және олардың қолданыстағы заңдардың нормаларына сәйкестiгiн тексередi;
Тармақ 15
15. Түзiлген кредиттік шарттар сол күннен бастап үш күн мерзiмде қаржы органдарында тiркелуi тиiс.
Тармақ 16
16. Кредиттік шартта мiндеттi түрде кредит берудiң және оны өтеудiң нысаны, мөлшерi, мерзiмi мен басқа да шарттары, мiндеттемелерi, несиенi қайтаруды қамтамасыз ету тәсiлдерi, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, шарт талаптары орындалмаған жағдайдағы санкциялар, дауларды шешу тәртiбi, шарттың әрекет ету мерзiмi қарастырылуы керек.
Тармақ 17
17. Тараптардың бюджеттен кредит беру барысында туындаған барлық даулары мен келiспеушiлiктерi түзілген кредиттік шартта белгiленген тәртiппен және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
Тарау 5. 5. Бюджет кредитті өтеудiң және оған қызмет
көрсетудiң тәртiбi
5. Бюджет кредитті өтеудiң және оған қызмет
көрсетудiң тәртiбi
Тармақ 18
18. Негiзгi қарызды өтеудi жасалынған кредиттік шартқа сәйкес заемшылар жүзеге асырады.
Бұл орайда мынадай төлемдер ретi белгiленедi:
есептеп шығарылған айыппұлдар мен өсiмдер;
негiзгi қарыздарды өтеу.
Тармақ 19
19. Кредиттік шарттарда тараптардың қалауы бойынша қарызды мерзiмiнен бұрын өтеу құқығы қарастырылуы мүмкiн.
Тармақ 20
20. Кредит беруші бюджеттік кредиттің мақсатсыз жұмсалу фактiсi анықталған жағдайда заемшыдан дұрыс пайдаланылмаған несие мөлшерiн келiсiм шартта көрсетiлгендей мөлшерде айыппұл қосу арқылы өндiрiп алуға құқылы.
Тармақ 21
21. Заемшылар бюджеттiк несие бойынша қарыз пайда болған жағдайда және оның кредиттік шартта белгiленген мерзiмде өтей алмаса, аудандар мен қалалардың әкiмдерi қарызды қайтаруды қамтамасыз ететiн мынадай тиiстi шараларды қолданады:
кепiлгерге (тапсырушыға) заемшының қарыздарын заңдарда белгiленген тәртiпте өтеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi құжаттарды жiберу;
қолданыстағы заңдарға сәйкес кепiл жөнiндегi шарт негiзiнде заемшының кепiлге қойған мүлкiн сату;
заемшының төлем талабын заемшы қарыз берушiнiң пайдасына шешу үшiн жолын берген өзге тұлғаға ұсыну;
қарызды өндiрiп алуды сот тәртiбiмен жүзеге асыру, сот арқылы
заемшыны Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес банкрот деп жариялауға дейiн бару.
Тармақ 22
22. Бюджет есебiнен берiлген кредит аудандар мен қалалардың әкiмдерi облыс бюджетiне бюджеттiк кредит сомасын толық қайтарылған кейiн өтелдi деп саналады.
Тармақ 6
6. Бюджеттiк кредиттердi есепке алу және бақылау
Тармақ 23
23. Барлық бюджеттiк кредиттер аудан және қала әкiмдерiнiң жасасқан несие шарттары туралы жүйелi түрде берген есептерiнiң негiзiнде облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң орталықтандырылған есебiне жатады.
Тармақ 24
24. Бюджеттiк кредиттердiң игерiлуiне, мақсатты пайдаланылуына, уақтылы және толық қайтарылуына бақылау жасауды, сондай-ақ бюджеттiк кредиттердiң тиiмдi пайдаланылуына баға берудi облыстық ауыл шаруашылық департаментi жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бақылау мақсатында аудан және қала әкiмдерiнен бюджеттiк несиеге байланысты қажеттi ақпараттарды сұратып алуға құқылы.
Тармақ 26
26. Кредиттердi қайтару тәртiбi қаржыны аудару жолы арқылы "Ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне берiлген несиелердi қайтару" 501603 коды бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Заемшы таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайларда олардың шарт бойынша барлық құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес құқықты иеленушiге келiсiм бойынша өтедi. Бұл орайда келiсiм қайта ресiмделедi және ол берiлген несиелердiң реестрiнде көрсетiледi.
Басқа 39
Оңтүстік Қазақстан
облысы әкiмiнiң
2003 жылғы 7 ақпандағы
N 18 шешiмiне N 2 қосымша
Аудандар мен қалалардың 2003 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын өткiзуi үшiн жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға берілетін кредиттік қаражаттың көлемі
№
Аудандар мен қалалардың аты
Сомасы (млн. теңге)
1
Байдібек
15,0
2
Қазығұрт
20,0
3
Ордабасы
5,0
4
Отырар
5,0
5
Сайрам
14,0
6
Сарыағаш
7,0
7
Созақ
4,0
8
Төлеби
20,0
9
Мақтаарал
1,0
10
Түлкiбас
19,0
11
Шардара
1,0
12
Арыс қаласы
6,0
13
Кентау қаласы
1,0
14
Түркістан қаласы
1,0
15
Шымкент қаласы
1,0
Облыс бойынша
120,0