О Комиссии по рассмотрению заявок по допуску к диагностированию технического состояния транспортных средств перед государственным техническим осмотром на территории Акмолинской области в 2003 году Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылы Ақмола облысының аумағында көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқау алдында техникалық жағдайын диагностикалауға жіберу жайлы өтініштерді қарау жөніндегі комиссия туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 31.03.2003 № а-4/112 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі №29 «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы №343 «Жұмыстардың және қызмет көрсетулердің жекелеген түрлерінің рыногын дамыту туралы» қаулысы негізінде, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы №587 (мемлекеттік реестрде №4731) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында автокөлік құралдары мен олардың тіркемелеріне мемлекеттік-техникалық байқау жүргізу ережелеріне сәйкес және техникалық байқауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсаттарында облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарын 2003 жылғы мемлекеттік-техникалық байқау алдында техникалық жағдайын диагностикалауға жіберу жайлы өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (әрі қарай - Комиссия) құрылсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Комиссия заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарын 2003 жылғы мемлекеттік-техникалық байқау алдында техникалық жағдайын диагностикалауға жіберу жайлы өтініштерін қарауды өткізу мерзімдері мен шарттарын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдіктері:
Тармақша 1
1) тұрғындар арасында заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарын 2003 жылғы мемлекеттік-техникалық байқау алдында техникалық жағдайын диагностикалауға жіберу жайлы өтініштерін қарауды өткізу, олардың өндірістік-техникалық мүмкіндіктерін бағалау шарттары мен көрсеткіштері және жергілікті аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдеріне үміткерлердің өтініш тапсыруы жөнінде ақпараттық-түсінік жұмыстарын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған техникалық байқау өткізу ережесінің 9- тармағындағы талаптарға сәйкес үміткерлердің өндірістік-техникалық мүмкіндіктерін тексеру жөніндегі жергілікті комиссиялар құрсын. Комиссия құрамына аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдерінің жол полициясы бөлімдері бастықтарын, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалалары әкімдері аппараттарының өкілдерін енгізсін. Өндірістік-техникалық мүмкіндіктерін тексеру актілері өтініштерді қарау туралы хабарландыру бұқаралық-ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін бір айдың ішінде үміткердің өтініштеріне қоса Комиссияға тапсырылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің департаменті (келісімі бойынша), «Экспертиза және сертификация ұлттық орталығы» ААҚ (келісімі бойынша) үміткерлердің өндірістік-техникалық мүмкіндіктерін тексеру жөніндегі комиссия құрамында жұмыс істеу үшін өз өкілдері жіберсін.
Тармақ 5
5. Комиссия 2003 жылдың 1 наурызына дейін атқарылған жұмыстары туралы ақпарат тапсырсын және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы техникалық байқау алдында көлік құралдары диагностикалауға жіберілген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімін жарияласын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.
Басқа 9
Облыс әкімдігінің 2003 ж. 29.01 № а-2/36
«2003 жылы Ақмола облысының аумағында
көлік құралдарын мемлекеттік техникалық
байқау алдында техникалық жағдайын
диагностикалауға жіберу жайлы
өтініштерді қарау жөніндегі комиссия
туралы» қаулысына қосымша
2003 жылы Ақмола облысының аумағында көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқау алдында техникалық жағдайын диагностикалауға жіберу жайлы өтініштерді қарау жөніндегі комиссияның Құрамы
Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы
- облыс әкімінің орынбасары , комиссия төрағасы
Түсімов Өмірзақ Төлеуұлы
- Ақмола облыстық ІІББ жол полициясы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Қасенов Айбек Сәбитұлы
- АЖИБ бастығы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Мұстафин Марат Кәрімұлы
- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры
Қалиасқаров Арман Балғожаұлы
- «Экспертиза және сертификация ұлттық орталығы» ААҚ филиалының директоры
Ахметбеков Сақан Қуатжанұлы
- Ақмола облысы бойынша көлік-бақылау басқармасы бастығының орынбасары
Тәшенов Серікбай Манашұлы
- облыс әкімі аппаратының өндірістік салалар бөлімінің бас маманы