О некоторых вопросах кредитования сельхозтоваропроизводителей области на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ 2003 года Қолданыста
Басқа 0
2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы
«2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 70 қаулысын, «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы он алтыншы сессиясының № 4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық маслихаттың 2003 жылғы 24 қаңтардағы кезектен тыс сессияның шешімін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы Департаменті» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру бағдарламасының әкімші мекемесі болып бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы Департаменті» мемлекеттік мекемесіне (Е. Ы. Әжібаев) 180000,0 мың теңге бөлінсін.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) 2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға арналған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді
несиелендірудің ішкі ережелері;
Тармақша 2
2) Қатысушы банктерді іріктеу, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру және бөлінген несиелердің мақсатты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын бақылайтын қаржы агентінің функцияларын атқаратын комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ә. Қартовқа жүктелсін.
Басқа 7. Комиссия мүшелері:
Облыс әкімиятының
2003 жылғы 04.02. № 27
қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру жөніндегі қаржы агентінің функцияларын атқаратын банктерді іріктеу және бөлінген несиенің мақсатты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын бақылауды жүзеге асыратын комиссиясының ҚҰРАМЫ
Қартов Әлібек Намимұлы
облыс Әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы
Әжібаев Ерсайын Ысқақұлы
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы Департаменті» мемлекеттік мекемесінің
директоры, комиссияның орынбасары
Комиссия мүшелері:
Дәулетияров Асқар Хамитұлы
облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Әлімов Қуантқан Мырзабекұлы
облыстық қаржы басқармасы бастығының
орынбасары
Сартаев Есет Ағысұлы
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы Департаменті» мемлекеттік мекемесі
директорының орынбасары
Басқа 8
Облыс әкімиятының
2003 жылғы 04.02. № 27
қаулысымен БЕКІТІЛДІ
2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендірудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ 1
1. Осы Ережелер "2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 70 қаулысына және облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 24
қаңтардағы кезектен тыс сессиясының «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық маслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы он алтыншы сесияның № 4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 1 шешіміне сәйкес "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығын несиелендіру" бюджеттік бағдарламасына бөлінген 180,0 (жүз сексен) млн. теңге несиені пайдаланудың және қайтарудың тәртібі мен шарттарын анықтайды.
Тармақ 2
2. 180,0 (жүз сексен) млн.теңге несие негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне қайтарымдық және қауырттық шарттар негізінде сыйақының нөлдік ставкасы бойынша 2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары үшін жанар-
жағар майды, тұқым мен тыңайтқыштарды, гербицидтер мен тұқым дәрісін, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға немесе жалдауға бағытталған мақсатты мұраттарға бөлінеді.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алған несиелерін 2003 жылғы 1 қарашаға дейін қайтаруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы Департаменті» мемлекеттік мекемесі (Е. Әжібаев) бағдарламаның әкімші мекемесі болып табылады.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (Ж. Аманбаев) жоғарыдағы көрсетілген қаржыны бағдарламаның әкімші мекемесінің есеп шотына аударады.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру бойынша қаржылық агент функциясын атқарушы банктерді іріктеу және бөлінген несиенің мақсатты пайдаланылуын және мерзімінде қайтарылуын бақылау жөніндегі комиссия ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендіру жөніндегі қаржы агентінің (әрмен қарай - банк-агент) функцияларын атқарушы Банкті іріктеуді жүзеге асырады. Бағдарламаның әкімші мекемесі 2003 жылдың
көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру жөніндегі қаржы агентінің функцияларын атқаратын екінші денгейдегі банктер арасында конкурс өткізу үшін ҚР Ұлттық Банкіне сұраным жасайды, ҚР Ұлттық Банк іріктеген қатысушы банктердің тізімін комиссияның талқысына ұсынады. Комиссия қатысушы-банктер арасында конкурс жүргізеді және олардың арыздары негізінде мына талаптарға сай банк-агенттерді таңдайды:
Тармақша 1
1) бюджеттік несиелендіруді іске негұрлым аз шығынмен
атқаратын Банк болуы тиіс;
Тармақша 2
2) облыстағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіруде бай тәжірибиесі бар Банк болуы тиіс.
Тармақ 7
7. Бағдарламаның әкімші мекемесі комиссиямен анықталған екінші деңгейдегі Банкпен агенттік (әрмен қарай-банк-агент) келісім жасайды, бұдан кейін бағдарламаның әкімші мекемесі осы Банкке несиелік қаржыны және банк-агентті іріктеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес қаржы агентінің
фукцияларын атқарғаны үшін банк-агентке тиесілі сыйақыны аударады.
Банк-агент әкімші мекеме ұсынған тізімге сәйкес әкімші мекеменің тапсырмасымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне сыйақының нөлдік ставкасы бойынша қарыз есеп-шотын ашып, берілген ақшаны есепке алуды өзіне міндеттейді және қарыз алушьшармен, яғни ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен несиелік келісім — шарттарын жасайды.
Тармақ 8
8. Бағдарламаның әкімші мекемесі астық дақылдарын егудің болжамды көлемдері бойынша аудан әкімдерінің берген ұсыныстарына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржылық жағдайларын, несиені кепілдікпен қамтамасыз ету жағын ескере отырып, 2003 жылғы көктемгі
егіс және егін жинау жұмыстарына жанар-жағар майды, тұқым мен тыңайтқыштарды, гербицидтер мен тұқым дәрісін, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға немесе жалдауға мақсатты несие алушы - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тізімін жасайды.
Тармақ 9
9. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің несие алуға арналған тізімі бағдарламаның әкімші мекемесімен бекітіледі және несиелер беру үшін Банк-агентке беріледі.
Тармақ 10
10. Бағдарламаның әкімші мекемесі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен бюджеттік несиені қайтаруды қамтамасыз етудің кепілдік келісім-шартын жасайды.
Тармақ 11
11. Несиелік келісім-шарт жасалғаннан кейін, банк-агент көрсетілген көлемдегі несиені жабдықтаушы-кәсіпорындардан жанар-жағар майды, тұқым мен тыңайтқыштарды, гербицидтер мен тұқым дәрісін, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға немесе жалдауға ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілердің қарыз шоттарына аударады.
Тармақ 12
12. Аудандардың әкімдері мен бағдарламаның әкімші мекемесі және «Облыстық қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі алынған несиелердің мақсатты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етеді.