О поддержке сельхозтоваропроизводителей на период проведения весенне-полевых и уборочных работ 2003 года Күшін жойған
Басқа 0
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2003 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу кезеңінде қолдау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.03.2003 № 60 қаулысымен.
Қостанай облыстық әкімияты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтарындағы № 70 «2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын орындау мақсатында ҚАУЛЬІ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер 2003 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін жанар-жағар материалдар, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, ауылшаруашылық машиналарға қосалқы бөлшектер сатып алу және ауылшаруашылық техниканы жалдау немесе сатып алу үшін «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін несиелеу» бағдарламасы бойынша Қостанай облыстық бюджет қаражаты есебінен несиелеу ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.
Басқа 3. Қостанай облысының бюджет қаражатынан «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша несиелеу ережелері
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2003 жылғы 5 ақпандағы қаулысына
қосымша
Қостанай облысының бюджет қаражатынан «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша несиелеу ережелері
Осы ережелер 2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, ауылшаруашылық техникасын жалдау немесе сатын алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Ережелер).
Тарау 1. 1. Негізгі түсініктер
1. Негізгі түсініктер
Бағдарламаның әкімгері - қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен анықталатын, бюджеттік бағдарламаның негізделуі мен іске асырылуына жауапты және тиісті бюджет қаражатынан қаржыландыратын мемлекеттік орган.
Агент - Соңғы қарызгерді бұдан әрі несиелеу үшін тиісті бюджет қаражатынан бюджеттік несие алатын заңды тұлға.
Соңғы қарызгер - іс-әрекеті ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты және өндірістің негізгі құралы жер болып табылатын, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысып жатқан заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ауылшаруашылық тауар өндірушілер.
Несиегер - облыстық (аудандық, қалалық) әкімият.
Жеткізуші - Соңғы қарызгерлерге өнімді жеткізуін қамтамасыз ететін заңды немес жеке тұлға.
Өнім - жанар-жағар май материалдары, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, ауылшаруашылық машииаларға қосалқы бөлшектер және ауылшаруашылық техника.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Несие жергілікті уәкілетті органдардың шешімдерімен қарастырылған сомалар шамасында облыстық (аудандық, қалалық) бюджет қаражатынан беріледі.
Тармақ 2
2. Бюджеттік несиелеудің шарттары:
беру нысаны бойынша - қысқа мерзімді несиелер;
сыйлықақы беру мөлшері - нөлдік;
несиенің валютасы - теңге;
міндеттерін орындауды қамтамасыз ету жолдары - банк кепілдігі, кепіл.
Қолданыстағы заңда қарастырылған міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін басқа да амалдарды қолдануға болады;
кепілдік келісім шартын тіркеу - бекітілген тәртіпте Соңғы қарызгердің есебінен.
Тармақ 3
3. Мерзімі бойынша, несиені қайтару тәртібінің шарттары және Агенттің міндеттерін атқаруын қамтамасыз ету жолдары облыстың (қала, аудан) әкімияты мен Агент арасында жасалған келісім-шартында анықталады.
Тармақ 4
4. Несиені қайтару мерзімі, тәртібі, нысаны (ақшалай, тауармен, астықпен және т.б.) бойынша шарттары мен міндеттемелерді қамтамасыз ету Агент және Соңғы қарызгер араларында жасалатын несиелік келісім-шартта және олардың арасындағы кепіл келісім-шартта анықталады.
Тармақ 5
5. Соңғы қарызгердің Агентке міндеттерінің уақытында орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдарда тіркеу аудандық және қалалық әкімияттарға жүктеледі.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдармен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жасалатын несиелік келісім-шарттар Қостанай облысының Қаржы департаментінде үш күндік мерзімде тіркелуі қажет.
Тарау 3. 3. Қарыз алушыларды несиелеу тетігі
3. Қарыз алушыларды несиелеу тетігі
Тармақ 7
7. Облыс (аудан, қала) әкімияты Агентке бюджеттік бағдарламаның әкімгері арқылы республикалық бюджеттен және (немесе) өз қаражатынан түскен ақшалай қаражатты бөледі.
Тармақ 8
8. Агент Соңғы қарызгерді несиелеуді тікелей жүзеге асырады. Несиелеу өнім Жеткізушіге аударылатын соммадан Соңғы қарызгермен Жеткізушінің арасында жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Агентпен Өнім жеткізушіге аударылған сомма Соңғы қарызгердің Агент алдындағы несиелеу қарызы болып табылады.
Тармақ 9
9. Несиелік мүлікті бағалау Агентпен немесе бағалау қызметімен айналысуға рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлғалардың есебінен жүргізіледі. Бағалау Соңғы қарызгердің потенциалды қаражаты есебінен жасалады.
Тармақ 10
10. Арнайы тізімге қосылған зат қана кепіл мүлігі бола алады. Кепіл мүлігі ретінде қабылданатын заттар тізімін Агент құрып, бекітеді.
Тармақ 11
11. Агент несиелеуді, мүлікті бағалауды, мүлікті бағалауды, қайтарылуды қамтамасыз етуін, кепіл мүлігінің өтімдігін және табыстың басқа түрін ескеріп өзі құрған әдістеменің іске асырады.
Тарау 4. 4. Соңғы қарызгерлерді және несиелеу шегін анықтау
4. Соңғы қарызгерлерді және несиелеу шегін анықтау
Тармақ 12
12. Облыстың аудандары мен қалалары қимасындағы облыстық бюджет қаражаты есебінен берілетін несиелік қаражаттың шектік көлемін облыс әкімияты белгілейді.
Тармақ 13
13. Несиелік қаражатты алуға құқығы бар Соңғы қарызгерлердің тізбесін және олардың несиелеу шектерін бағдарлама әкімгерімен белгіленген бірыңғай нысыны бойынша аудандар мен қалалардың әкімдері бекітіп, Агенттің талқылауына жіберіледі.
Тармақ 14
14. Соңғы несиегерді нақты несиелеу көлемі аудандардың, қалалардың әкімдері бекіткен шектеулер шегіндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуде, агенттің өзі ұсынған тәсілінің бағалауын ескере отырып анықталады.
Тарау 5. 5. Соңғы қарызгерлерді несиелеу жөніндегі Агентті анықтау және оның функциялары
5. Соңғы қарызгерлерді несиелеу жөніндегі Агентті анықтау және оның функциялары
Тармақ 15
15. Несиелеу жөніндегі Агентті облыс әкімияты жергілікті коммуналдық кәсіпорындардың арасынан анықтайды және жергілікті атқарушы органның тиісті шешімімен бекітіледі.
Тармақ 16
16. Агенттің функциялары:
Тармақша 1
1) ауылшаруашылық тауар өндірушілер - потенциалды Соңғы қарызгерлер туралы облыстың аудандары мен қалалары әкімдерінен ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) Соңғы қарызгерлермен несиелеу келісім-шарттарына отыру;
Тармақша 3
3) Соңғы қарызгерлерді несиелеуге қаржы қаражатын тікелей бөлу;
Тармақша 4
4) Соңғы қарызгерлердің несиені толық және уақытында өтеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) тиісті (облыстық, аудандық, қалалық) бюджеттің кірісіне несиені толық және уақытында өтеуін қамтамасыз ету.
Тарау 6. 6. Жеткізушілерді анықтау тәртібі
6. Жеткізушілерді анықтау тәртібі
Тармақ 17
17. Өнім жеткізушілер Соңғы қарызгермен немесе облыстық конкурстық комиссиясымен анықталады. Жеткізушіні анықтау амалы (Соңғы қарызгермен және облыстық конкурстық комиссиямен) аудан, қала әкімдерінің сұранымында шағылысуы тиіс.
Тармақ 18
18. Конкурсты облыс әкімияты бекітетін құрамдағы конкурстық комиссия жүргізеді. Жеткізушілерге, олар конкурста қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар қажетті материалды-техникалық база және жеткізу, сақтау мен өнім жіберу үшін инфрақұрылымы бар немесе мүмкіндігі бар (жалдау, лизинг, сақтау жауапкершілігі туралы келісім-шарт) болуы болып табылады. Сондай-ақ конкурстық құжаттармен анықталған басқа талаптар ұсынуға болады.
Тармақ 19
19. Конкурс жеңімпазын анықтаудағы негізгі критериялары өнімнің бағасы мен оны жеткізу мерзімі болып табылады. Конкурстық комиссия қажет болған жағдайда жеңімпазды анықтаудың басқа критерияларын орнатуға құқығы бар.
Тармақ 20
20. Конкурстың нәтижелері бойынша Агент пен Жеткізуші олардың арасындағы қатынасты реттейтін Келісім жасайды.
Тарау 7. 7. Қорытынды ережелер
7. Қорытынды ережелер
Тармақ 21
21. Агенттің бөлінетін несиелік қаражаттарды мақсатты пайдалануға және оларды белгіленген мерзімде өтеуіне бақылау жасау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Соңғы қарызгерлермен несиелік қаражатты мақсатты пайдалануы мен өтеуіне бақылау жасауды Агент жүзеге асырады.