Об организации оплачиваемых общественных работ в 2003 году Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 25.02.2004 № 206 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 31-бабының негiзiнде, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысына және Қостанай облысы Әкiмиятының 2003 жылғы 07 қаңтардағы № 2 «Қостанай облысы Әкiмиятының 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 8 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» қаулысына өзгертулер енгiзу туралы» (тiркеу нөмірi 1980 «Қостанай таңы» 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 7) қаулысына сәйкес Қостанай қаласының Әкiмияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру мен ұйымдастыру туралы ереже бекiтiлсiн (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Жұмыссыздар үшiн ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың көлемi мен түрi, ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн (2-қосымша).
Тармақ 3
3. «Қостанай қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» ММ (Солодова Ф.Г.) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiбергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерi қызметтi, жұмысты мемлекеттiк сатып алғанда және оған ақы төлегенде 2-қосымшаға сәйкес тiзбеде анықталған кәсiпорындардың көрсететiн қоғамдық жұмыстарының көлемi мен түрiн ескерсiн.
Тармақ 5
5. Қостанай қаласы әкiмиятының 2002 жылғы 1 наурыздағы № 115 «2002 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тiркеу нөмірi 1328) және Қостанай қаласы әкiмиятының 2002 жылғы 17 қыркүйектегi № 663 «Қостанай қаласы әкiмиятының 2002 жылғы 1 наурыздағы № 115 «2002 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» (тiркеу нөмірi 1755) қаулыларының күшi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкiмінiң орынбасары В.А. Полешкоға жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2003 жылдың 01 ақпанынан қолдануға енгiзiледi.
Басқа 8. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
талаптары мен тәртiбi туралы ереже
Қостанай қаласы әкiмиятының
2003 жылғы 3 ақпандағы
№ 77 қаулысына
1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
талаптары мен тәртiбi туралы ереже
Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерiне сәйкес әзiрленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшiн уақытша жұмыс орындарын беретiн мекемелермен есеп айырысу жүйесiн және талаптарды реттейдi.
Тармақ 2
2. Осы ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлықтан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi ;
Тармақша 2
2) жергiлiктi атқарушы орган - тиiстi аумақта өз құзыры шегiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын, қала әкiмi басқаратын, әкiмият;
Тармақша 3
3) нысаналы топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңмен белгiленген, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар топтары.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртiбi
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 3
3. «Қостанай қалалық еңбек,жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi жұмыс берушiлермен қоғамдық жұмыстарды орындауға қызмет көрсету бойынша шарт жасасады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар мекемелерде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргiзiледi және жергiлiктi (қалалық) бюджеттi» қаражатынан қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және жергiлiктi (қалалық) бюджет қаражаты есебiнен ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында, жергiлiктi атқарушы органдар төмендегi iс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды.
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың орындалуын талаптары мен көлемін, түрін бекітеді.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен анықталған мекемелерге қоғамдық жұмыстарға жiберу қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасымен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды
қаржыландыру талаптары мен көздерi
3. Қоғамдық жұмыстарды
қаржыландыру талаптары мен көздерi
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеудi жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес жұмыс берушi ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмыстың күрделiлiгiне, сапасына, санына байланысты.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушiлердiң қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысына кеткен Қазақстан Республикасының қаулысымен бекiтiлген ең төменгi еңбекақы көлемiндегi шығыны жергiлiктi (қалалық) бюджеттiң қаражатынан өтеледi. Бюджеттiк қаражат жұмыс берушiлердiң есеп айырысу шоттарына аударылады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға жергiлiктi (қалалық) бюджеттiк қаражатынан төленетiн еңбек ақы заңнамалар белгiлеген тәртiппен салықтан босатылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушiлер жергiлiктi (қалалық) бюджеттен түскен ақшаны мақсатты пайдаланады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушiлер еңбек ақыға төлеген шығынын жергiлiктi (қалалық) бюджеттен қайтару үшiн қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына ай сайын жұмыс уақытының есеп табелiн, жұмысқа қабылдаған бұйрықтың көшiрмесiн, еңбек ақы есептеу тiзбесiн, орындалған жұмыстың кесiмiн берiп отырады. Қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы iстелген жұмыс үшiн төленедi.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертiгу немесе денсаулыққа келтiрiлген зақымның, зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушiлер жүргiзедi.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
және ұйымдастыру тәртiбiн бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
және ұйымдастыру тәртiбiн бақылау
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртiбiн бақылауды заңнамамен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Басқа 32. Жұмыссыздар үшiн ұйымдастырылатын қоғамдық
жұмыстардың түрлерi мен көлемдерi, кәсiпорындардың тiзбесi
Қостанай қаласы әкiмиятының
2003 жылғы 3 ақпандағы
№ 77 қаулысына
2-қосымша
Жұмыссыздар үшiн ұйымдастырылатын қоғамдық
жұмыстардың түрлерi мен көлемдерi, кәсiпорындардың тiзбесi
Кәсіпорындардың атауы
Жұмыс пен қызметтiң түрлерi
Орындалатын
жұмыс пен қызметтiң көлемі
нақтылы көрсеткiштерде
адам/күн
1
«Тазалық-2000» МКК
Жолдар мен тротуарларды ағымды ұстау:
жолдар мен тротуарларды қоқыстан және батпақтан тазарту жол жиектерiн қолмен тазарту жол жиегiндегi тасты ақтау қоқыс пен батпақты шығару көгалды механикаландырылған тәсiлмен және қолмен қырқу
60600 қума метр
12480
2
«Терком
союз» МКК
Текстильный, Западный, Элеваторный, Южный шағын аудандарды ағымды ұстау:
шағын аудандардың орталық көшелерiндегi саябақтарды, көгалдарды күнде санитарлық тазалау
қатты тұрмыстық қалдықты арту және полигонға шығару (ІТІ)
жол жиегiндегi тасты тазалау және ақтау
арам шөптi шабу, көгалды қырқу
арам шөптi арту және шығару
Маяковский-Чкалов, Быковский- Абай, Чернышевский-Карбышев, Герцен-Текстильщик, Социалис
тiк-Қайырбеков 347 көшелерiнiң қиылысын қардан және қатқан мұздан тазарту
қар және қатқан мұзды арту және шығару
184030 шаршы метр
250 тонна
46180 қума метр
38548 шаршы метр
28 тонна
18000 шаршы метр
100 тонна
5100
3
«Мәдениет және демалу саябағы» МКК
Жеңiс саябағының аумағын ағымды ұстау:
күнде қоқыс жинау
шөп шабу
бұталарды кесу, бұтақтарды тегiстеу
жол жиегiн ақтау
ескерткiштердi жуу, зираттарды дұрыстау, мәрмәрден жасалған орталық қақпаны жуу
Тобылдың жағасындағы саябақ пен жағажай аумақтарын ағымды ұстау:
жол жиегiн ақтау
шөп шабу
қоқыс жинау (күнде)
құмды қопсыту (күнде)
бұталарды кесу
Орталық саябақтағы кортты ағымды ұстау:
үстiн тығыздау, тегiстеу (күнде)
200 ш.м.
600 ш.м.
900 дана
9000 қ.м.
13 дана
1500 қ.м.
3500 ш.м.
55 т.м.
250 га
2500 дана
1075 ш.м.
3445
4
«Стикс» МКК
Жолдарды және қалалық зиратты ағымды ұстау: қала жолдарында жӘне қала зиратында қоқыс пен батпақты көлмен жинау
6000 қума метр
1150
5 «Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы» МКК
Қаланың тұрғын үй қорын тексеру.
Үйлердiң әлеуметтiк карталарын жасау.
Коммуналдық қызметтердi тұтынушылардың нақтылы санын анықтау
20000 пәтерi бар 331 үй
3500
6 «Дорожник» ЖШС
Жолдар мен тротуарларды ағымды ұстау: жолдар мен тротуарларды қоқыс пен батпақтан қолмен тазарту
665280 ш.м.
4620
7
«Саяхат» ТӨК ЖШС
Аяқталу сатысындағы құрылыс жұмыстары:
үй жайларды құрылыс қоқысынан тазарту, зембiлдермен қоқысты шығару
аумақтағы қоқысты жинау және абаттандыру, жердi шашу
7150 ш.м.
31 тонна
2400 ш.м.
2829
8 «Қостанай қалалық ауруханасы» МКК
Жөндеу-құрылыс жұмыстары, аумақты жинау:
аумақты жинау, төбенi қоқыстан тазарту
қоршауды орнату үшiн жердi
тегiстеу
қоршауды, подвалдың қабырғалары мен төбесiн сырлау
асфальт бетонмен жабылған жолды жөндеу
қабырға мен төбенi әктеу, қабырғаның сылағын жөндеу
арту түсiру жұмыстары, құрылыс материалдарын тасымалдау
бұталарды қырқу, жүгiру жолдары мен спорт ғимараттарын орнату
канализация құдықтарын тазарту
48 тонна
36 текше метр
2600 шаршы метр
290 шаршы метр
7400 шаршы
метр
94 тонна
400 қума метр
12 дана
616
9 «Қостанай перзентханасы» МКК
Аумақты жинау және абаттандыру:
көкөнiс қоймасын, электржүйелерiн жинау
бас корпустағы подвалдарды тазарту
қосалқы үй жайды жинау
Амангелдi және Жеңiс
көшелеріндегi участкелердi тазарту
металл қалдықтарың мен қоқысты шығару
перзентхана аумағындағы шөптi шабу (маусымда 2 рет)
200 ш.м.
1215 ш.м.
100 ш.м.
600 ш.м.
18 тонна
8000 ш.м.
231
10 «Тұрмыстық сервистi
Қостанай кәсiби-техникалық лицейi» ММ
Оқу корпусы мен шеберханаларда жөндеу жұмыстары:
аудиторияларда қабырғалар мен төбелердi ақтау, панельдердi, едендi, аудиторияларды сырлау
оқу корпусының, шеберханаларды» төбесiн жөндеу
жылу жүйесiн жөндеу (трубаларды айырбастау)
батареяларды айырбастау
1130 ш.м.
800 ш.м.
1220 ш.м.
400 метр
25 дана
231
11
«Қызмет көрсету саласының Қостанай кәсiптiк лицейi» ММ
Жөндеу-құрылыс жұмыстары:
сылау, төбенi ақтау
панельдердi, едендi сырлау
аумақты құрылыс қоқысынан тазарту
қоқыс шығару
төбенi жөндеу
есiктi жөндеу
терезелердi шынылау
фасадты жөндеу
спортзалда жөндеу жұмыстары
1920 ш.м.
1720 ш.м.
1.73 га
3.0 тонна
50 ш.м.
20 дана
50 ш.м.
150 ш.м.
431 ш.м.
1883
12 «Қостанай электр желiсi компаниясы» МКК
Приборлардың көрсеткiштерiн жазып алу (ай сайын)
Тұтынушылардың беретiн құжаттарының дұрыстығын және уақытында ақы төлеудi бақылау
57142 абон.
8070
13 "Қостанайгаз" МКК
Жер астындағы газ жүретiн трубаларды сырлау
18435 ш.м.
650
14 «АБЗ плюс» ЖШС
Жолдар мен тротуарларды ағымды ұстау:
жолдың жиектерiнiң түбiн қолмен жинау
жол жиектемесiн қолмен ақтау
көгалдарды қоқыстан, жапырақ және бұталардан тазарту автокөлiкпен қоқысты шығару
15000 қ.м.
5000 қ.м.
4000 ш.м.
135 т
1560