О кредитовании сельхозтоваропроизводителей области на организацию проведения весенне - полевых и уборочных работ 2003 года Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 357 қаулысымен.
«2003 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарды несиелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 70 қаулысына сәйкес және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін каржылай қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылык тауар өндірушілерін несиелендірудің ішкі ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына сәйкес конкурста жеңімпаз атанған төмендегі екінші деңгейдегі банктер Қарыз алушы Банктер ретінде бекітілсін: «БанкТұранӘлем» ААҚ Шығыс Қазақстан және Семей филиалдары, «Халықтық Банк» ААҚ және «Наурыз Банк Қазақстан» ААҚ Семей филиалдары, «АТФ Банк» ААҚ және «Альянс Банк» ААҚ Өскемен қалалық филиалдары.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне бөлінген несиелердің мақсатты пайдаланылуына және уақытында қайтарылуына бақылау жасау қалалар мен аудандар әкімдеріне және облыстық ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп баскармасына (Савин И.И) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсін.
Басқа 5. 2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендірудің ішкі ережелері
Облыс әкімінің
2003 жылғы «25» ақпандағы
№ 393 каулысына қосымша
2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендірудің ішкі ережелері
ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР
Бұл ережелер «2003 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарды несиелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардагы № 70 Қаулысымен қаралған 240 (екі жүз қырық) млн. теңге сомадағы несие беру тәртібі мен шарттарын анықтайды.
Облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне (Халықаралық Қайта қалпына келтіру және Даму Банкі және Азия Даму Банкі заемы қаражаттары есебінен суландыру және дренаж жүйелерін қалпына келтіруді жүргізіп жатқан шаруашылықтар мен тәжірибе шаруашылықтарын қоса алғанда) 240 миллион теңге сомадағы несие Қарыз алушы Банк арқылы қайтарымдылық, ақылы және мерзімділік шарттары негізінде бөлінеді және дизель отынын сатып алуга жұмсалады.
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
Бағдарлама әкімшісі - ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіру жөніндегі бюджеттік бағдарламаның дәйектілігі мен жүзеге асуына жауапты жергілікті бюджет қаражаттарынан қаржыландырылатын мемлекеттік орган.
Банк операцияларының жеке түрлерін жүргізуге Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің лицензиясы бар, Ақырғы қарыз алушыларды несиелендіру үшін тиісті бюджеттерден бюджеттік несиелер алатын Қарыз алушы банк - екінші деңгейдегі банк.
Ақыргы Қарыз алушы - ауыл шаруашылық өнімі өндірісімен айналысатын, бюджеттен несие алушы заңды және жеке тұлға.
Оператор - Қарыз алушы Банкке кепілдеме беретін өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорны және өзіне Ақырғы қарыз алушыларға дизель отыны түрінде товарлық несие беруде міндеттеме алады.
Жеткізуші - жанар-жағар майды жеткізумен айналысатын, конкурста ең төменгі бағаны ұсынатын, дизель отынын көрсетілген
мұнай базаларына жеткізуді және оны 1 ай жүзінде сақтауды қамтамасыз ететін кәсіпорын.
НЕСИЕЛЕНДІРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Облыстық бюджеттен алынған 240 миллион теңге сомадағы несие Әкімшіге бөлінеді. Бағдарлама әкімшісі кредиттік негізінде дизель отынын Жеткізушіден сатып алу үшін және кейіннен ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қайтарымдылық, ақылы, жеделдік және қамсыздандыру шарттары негізінде сыйақының нөлдік ставкасы бойынша несиелендіру үшін Қарыз Алушы Банкке несие ресурстарын бөледі.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджетті нақтылаған кезде кіріс бөлігінде 601601 «Республикалық бюджеттен берілетін несиелер» коды бойынша кірістер қарастырылады. Шығыс бөлігінде - 10.1.257.83.00 «Көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылык тауар өндірушілерін несиелендіру» бағдарламасы бойынша шығыстар.
Тармақ 3
3. Бағдарлама әкімшісі:
Тармақша 1
1) егіс танаптарына сәйкес және дақылдардың басымдылығын ескере отырып қалалар және аудандар бойынша несиелендіру көлемін анықтайды;
Тармақша 2
2) дизель отынын Жеткізушіні және ауылшаруашылық құрылымдарын дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі Операторды конкурстық негізде анықтайды;
Тармақша 3
3) «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына сәйкес Қарыз алушы банкті анықтайды. Дизель отынын сатып алу үшін және кейіннен ауыл шаруашылық құрылымдарын несиелендіру үшін Қарыз алушы Банкпен несиелік шарт жасайды. Несиелік шартта міндетті түрде Қарыз алушы Банктің 2003 жылдың 15 қарашасына дейінгі мерзімде Оператор мен Ақырғы қарыз алушының есеп жагдайына тәуелсіз қарыз қаражаттарын облыстық бюджетке қайтару міндеттемесі айтылады. Акырғы қарыз алушылар оператормен ауыл шаруашылық өнімдерімен және ақшалай есеп айырысады.
Тармақ 4
4. Оператор Қарыз алушы Банкпен жасаған шарт негізінде Жеткізушіден дизель отынын сатып алады және аудандар мен қалалар әкімдері бекіткен тізімдер негізінде ауыл шаруашылық құрылымдарына шарт бойынша дизель отынын береді. Аудан және қала әкімдері әлеуетті қарыз алушылар тізіміне тұрақты қаржы
жағдайы, кажетті кепілі бар және алдыңғы жылдары алған бюджет несиелері бойынша уақтылы есептесуді қамтамасыз еткен ауыл шаруашылық құрылымдарын енгізеді. Шарттарда Оператор дизель отынын Акырғы қарыз алушыларға Жеткізушінің бағасымен береді және несиеге қызмет көрсету жөніндегі шығындарды мойнына алады деп көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Несиелік шарттар міндетті түрде облыстық қаржы басқармасында тіркеледі.
Тармақ 6
6. Қарыз қаражаттары республикалық бюджетке 2003 жылдың 1 желтоқсанына дейін қайтарылады.
Тармақ 7
7. Несие ресурстары уақытында қайтарылмаған және мақсатсыз пайдаланылған жағдайда, Бағдарлама әкімшісі несиелік шартта көрсетілгендей Қарыз алушы Банкке санкция қояды.
Тармақ 8
8. Несиенің мақсатты пайдаланылуына және қарыз қаражаттарының мерзімінде қайтарылуына бақылау жасауды облыстық ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп басқармасы, облыстық қаржы басқармасы және аудан мен қала әкімдері жүзеге асырады.
Облыс әкімі
аппаратының басшысы
Т.ИБРАЕВ