О некоторых вопросах кредитования сельскохозяйственных товаропроизводителей на проведение весенне-полевых и уборочных работ 2003 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2003 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізуге арналған несиелеудің кейбір мәселелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2004 № 120 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 70 «2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына және Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 5 ақпандағы № 18 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2003 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу кезеңінде қолдау туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізуге арналған несиелеу» бағдарламасы бойынша 2003 жылға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен несиелеу жөніндегі агент болып Қостанай облысы әкімінің «Қостанай иивестициялық компаниясы» МКК белгіленсін.
Тармақ 2
2. 1-қосымшаға сәйкес облыстың аудандары мен қалалары бойынша ауылшартауарөндірушілері үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен 2003 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарып несиелеу көлемдері бекітілсін.
Тармақ 3
3. 2-қосымшаға сәйкес 2003 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауылшаруашылық машиналары мен ауылшаруашылық техникалары үшін қосалқы бөлшектер, жанар-жағар май, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер жеткізушілерді анықтайтын конкурстық комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.
Басқа 5. 2003 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізуге арналған несиелік қаражат көлемдері
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 17 ақпандағы № 28 қаулысына 1-қосымша 2003 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізуге арналған несиелік қаражат көлемдері № Аудандар мен қалалардың атауы Несиелеу көлемі мың теңге 1 Алтынсарин 70 000 2 Әулиекөл 56 000 3 Денисов 60 000 4 Жітіқара 45 000 5 Қамысты 67 000 6 Қарабалық 54 000 7 Қарасу 96 000 8 Қостанай 65 000 9 Меңдіқара 55 000 10 Науырзым 35 000 11 Сарыкөл 57 000 12 Таран 35 000 13 Ұзынкөл 95 000 14 Федор 80 000 15 Арқалық қаласы 80 000 16 Қостанай қаласы Барлығы 950 000
Басқа 6. 2003 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауылшаруашылық машиналары мен ауылшаруашылық техникалары үшін қосалқы бөлшектер, жанар-жағар май, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер жеткізушілерді анықтайтын конкурстық комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 17 ақпандағы № 28 қаулысына 2-қосымша 2003 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауылшаруашылық машиналары мен ауылшаруашылық техникалары үшін қосалқы бөлшектер, жанар-жағар май, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер жеткізушілерді анықтайтын конкурстық комиссиясының құрамы 1. Толыбаев Марат Еркінұлы Қостанай облысының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры, комиссия төрағасы 2. Төлеубаев Теміржан Төлеубайұлы Қостанай облысының Ауылшаруашылығы және азық-түлік департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары 3. Убей-Волк Наталья Юрьевна Қостанай облыстық Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар департаментінің бас маманы, комиссия хатшысы 4. Мейірманов Болат Нұртанұлы Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің Қостанай облыстық аумақтық басқармасының бастығы, комиссия мүшесі (келісім бойынша) 5. Мыңжасаров Жұмағали Ахметғалиұлы Қостанай облысы Қаржы департаменті директорының орынбасары, комиссия мүшесі 6. Рыжова Татьяна Васильевна Қостанай облыстық Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар департаментінің бөлім бастығы, комиссия мүшесі