О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2003 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.12.2004 № 385 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13-бабына сәйкес және көктемгі су тасқыны кезеңінде облыстың экономикасы мен құрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыста су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жоспары мен шығыс сметасы бекітілсін (1, 2-қосымшалар).
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімияттары 2003 жылғы 10 наурызға дейінгі мерзімде: су тасқынының алдын-алу, көктем кезінде экономиканың тұрақты қызмет істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеп бекітсін және төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға берсін; су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін бақылау жасау жөнінде комиссия құрсын; баланстарында су қоймалары және кәріздік ағын суларының су жинақтағыш-буландырғыштары, бөгеттер мен су шығарғыштары бар ұйымдардың басшыларына оларға кезектен тыс байқау жүргізуді, апаттық су шығаруларға жол бермеу жөнінде нақты шаралар қабылдауды, су тасқыны өтетін кезенде басшылар мен апаттық бригадалардың тәулік бойы кезекшіліктерін белгілеуді, оларды қажетті тетіктермен және материалдармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс жасасын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдері Қостанай облысының "Экономика және сауда департаменті" ММ (А.Д. Керімбеков) бірлесіп су тасқыны басталғанға дейін бірінші кезекте қажетті азық түлікке, тауарларға сұранысты анықтасын және су тасқыны басталғанға дейін оларды тасқынға ұшырайтын елді мекендерге жеткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының Қаржы департаменті (М.А. Щеглова) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін су тасқынына іс-шараларды жүргізуге Қостанай облысы әкімінің резервтік қорынан 9270000 теңге қаражат бөлсін, оның ішінде: «Қостанай облысы Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті» ММ 4010000 теңге; «Қостанай облысы Жол шаруашылығы және көлік департаменті» ММ - 4760000 теңге; «Қостанай облыстық Судан қорғау орталығы» ММ — 500000 теңге.
Тармақ 5
5. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстары төрағасының басшылығымен облыстық ТЖ жөніндегі комиссияға — облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыстық ТЖ жөніндегі басқармаға (Е.В. Батов) жүктелсін.
Басқа 7. Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 17 ақпандағы № 22 қаулысына 1-қосымша Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары Іс-шаралардың атауы Орындалу мерзімі Жауаптылар 1. Тобыл өзеніндегі су қоймаларында және суды өткізу каскадтарын толтыру жөніндегі кешенді шараларды орындау Су тасқыны кезеңінде Костанайсушар РМК Ж.Р. Райымқұлов (келісім бойынша) 2. Автомобиль және темір жолдарындағы су жіберетін құбырларды тазалау және ағынды суларды өткізуді қамтамасыз ету Су тасқыны басталғанға дейін "Қостанай облысының Жол шаруашылығы және көлік департаменті" ММ Б.А. Наканов "Қостанай облысының автожол басқармасы" ММ Ж.Г. Ізтілеуов (келісім бойынша) "Қазақстан темір жолы" ҰҚ ЖАҚ филиалы Қостанай тасымалдау бөлімшесі А.Н. Құдайбергенов (келісім бойынша) 3. Автомобиль жолдарының жер қыртысының еруі мерзімінде ауыр жүкті көлік құралдары қозғалысына уақытша тыйым салу. "Қостанай облыстық Жол шаруашылығы және көлік департаменті" ММ Наканов Б.А. "Қостанай облысының автожол басқармасы" ММ Ж.Г. Ізтілеуов (келісім бойынша) "Көлікті бақылау басқармасы" ММ С.С. Жүнісов (келісім бойынша) Қостанай облысының Жол полициясы басқармасы БІІБ Б.Ж. Бектаев 4. Болатын аса қатерлі су тасқыны апаттары туралы дер кезінде және сапалы түрде хабарлар алу және олар туралы мәліметтерді қала, аудан әкімдеріне, облыстық ТЖ жөніндегі басқармаға, онымен қоса басқа мүдделі ұйымдарға жеткізу. Барлық мерзімде "Гидрометеорология жөніндегі Қостанай орталығы" ЕМК А.Н. Толканев (келісім бойынша) 5. Құтқару стансаларын дайындыу, жүзу құрамдарында кезекшілік және күзету жұмыстарын ұйымдастыру. Барлық мерзімде "Қостанай облысы Судан құтқару қызметі" ММ орталығы Маманов А.Х. 6. Елді мекендерді және шаруашылық объектілерін су тасқыны жағдайларында тұрақты байланыс және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету. Барлық мерзімде Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясы Пак Л.С. (келісім бойынша) «Қостанай электржүйесі компаниясы» МКК Репин А.Ю. "Қостанайэнерго" ААҚ Сидаш С.Б. (келісім бойынша) "Оңтүстік электр желілері" ААҚ Жәнділдин К.Ш. (келісім бойынша) 7. ЖЖ қажетті қорларын жасау, көлік және техника жұмыстарын сапалы және апатсыз қызмет етуін қамтамасыз ету Тасқын басталғанға дейін "Қостанай облыстық автожол басқармасы" ММ Ізтілеуов Ж.Г. (келісім бойынша) "Қостанай облыстық Жол шаруашылығы және көлік департаменті" ММ Наканов Б.А. "Қазақавтожол" Демеев А.С. (келісім бойынша) "Қостанай жолдары" ААҚ Дирксен В.Я. (келісім бойынша) 8. Облыс аумағына ұшып шығуға және су тасқыны жағдайын бағалау үшін ұшақтың әрдайым дайын болуын қамтамасыз ету Барлық мерзімде "Қостанай" "Аэропорт" ААҚ Ким Ю.М. (келісім бойынша) "Арайавиа" авиакомпаниясы ЖШС Калибров О.Ю. (келісім бойынша) "Авиа-Жайнар" ЖШС Дорохов А.Н. (келісім бойынша) 9. Мұз жүретін кезеңдерде өзендер бойындағы тиесім жарғыш жұмыстары мөлшерін айқындау. Төтенше жагдайларда шартты негізде Қостанай взрывпром еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен келісіп мүмкін болатын жарылыс жұмыстарына алдын-ала дайындалу Су тасқыны басталғанға дейін "Қостанай облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы" ММ Батов Е.В. 10. Кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындарды хабарландыру, адамдарды апатты жерлерден тасымалдау жөніндегі маршруттарды дайындап қою Су тасқыны басталғанға дейін «Қостанай облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы» ММ Батов Е.В. 11. Төтенше жағдайлар болып қалған кезеңдердегі, су тасқынына дайын болу үшін жергілікті жағдайларға бейімделген нақты тиесілі жаттығу жұмыстарын тұрғындарға үйрету. Су тасқыны басталғанға дейін "Қостанай облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы " ММ Батов Е.В. 12. Су тасқынына және осы мерзімдерге арналған дайындық туралы іс- шараларды әрбір жеті сайын ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның төрағасына баяндап отыру. Барлық мерзімде «Қостанай облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы " ММ Батов Е.В.
Басқа 8. 2003 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге арналған шығыс сметасы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 17 ақпандағы № 22 қаулысына 2-қосымша 2003 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге арналған шығыс сметасы № Іс-шаралардың атауы Жалпы саны, теңге Әкімшілік бағдарлама 1. Мұз кедергілерді жоюдағы жарылыс жұмыстары. 500000 "Қостанай облысы Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті" ММ 2. Орнақты жұмыстарды қамсыздандыруға жұмсалған қаражат "Гидрометеорология жөніндегі Қостанай орталығы". 350000 "Қостанай облысы Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті" ММ 3. Кезекші ұшақтың төлем ақысы. 1740000 "Қостанай облысы Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті" ММ 4. Сұдан құтқару қызметі Қостанай облыстық орталығының шығыны. 500000 Қостанай облыстық судан құтқару қызметі орталығы" ММ 5. Телефон-телеграф байланысының шығыны. 350000 "Қостанай облысы Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті" ММ 200000 "Қостанай облысы Жол шаруашылығы және көлік департаменті"ММ 6. Кезекші машинаға жұмсалатын ЖЖМ төлемақысы. 70000 "Қостанай облысы Энергетика, өнеркәсіп және қүрылыс департаменті" ММ 60000 "Қостанай облысы Жол шаруашылығы және көлік департаменті" 7. Жергілікті бағыттағы автокөлік жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасқын суды өткізу, жер қыртысының бұзылған жерлерін қалпына келтіру шараның орындалуы. 4500000 "Қостанай облысы Жол шаруашылығы және көлік департаменті" ММ 8. |Су қоймаларындағы жөндеу- қалпына келтіру жұмыстары. 1000000 "Қостанай облысы Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті" ММ Барлығы 9270000 Костанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 17 ақпандағы № 22 қаулысындағы қысқартылған сөздер тізімі ММ - мемлекеттік мекеме ТЖ - төтенше жағдай РМК - республикалық мемлекеттік кәсіпорын ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам БІІБ - бас ішкі істер басқармасы МКК - мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын РМКҚОФ - республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облыстық филиалы ААҚ - ашық акционерлік қоғам ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік ЕМК - еншілес мемлекеттік кәсіпорын