Об установлении размеров материальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны на 2003 год
Қолданыста
Қаулы
№ 39
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размеров материальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны на 2003 год
- Атауы (қаз.)
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 2003 жылға арналған материалдық көмегiнің мөлшерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 20.02.2003
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2003
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2003 14837_291807.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2003
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03NQ002063
- ЭКБ идентификаторы
- 14837
- Редакция идентификаторы
- 14837_291807
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:26
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 2003 жылға арналған материалдық көмегiнің мөлшерін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының 12-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2003 жылға арналған ай сайын 230 теңге мөлшерiнде материалдық көмек көрсету түрiнде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралары белгiленсiн.
2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмектi тағайындау және төлеу ережелерi бекiтiлсiн (1-қосымша).
3. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 2002 жылға арналған атаулы материалдық көмегiнiң мөлшерiн анықтау туралы» (2002 жылғы 27 мамырдағы № 1547) Сарыкөл ауданы әкiмиятының 2002 жылғы 7 мамырдағы № 164 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары А.В. Кириченкоға жүктелсiн.
5. Осы қаулы 2003 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.
Ереже Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне арналған материалдық көмектi тағайындау және төлеу ережелерi
Қостанай облысы
Сарыкөл ауданы
әкiмиятының 2003 жылғы
20 ақпандағы № 39 қаулысына
1-қосымша
Ереже
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерiне арналған материалдық
көмектi тағайындау және төлеу ережелерi
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне арналған материалдық көмектi көрсету тәртiбiн реттейдi.
2. Материалдық көмектiң тағайындау тәртiбi
2. Сарыкөл ауданының Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектерiне ай сайын материалдық көмек тағайындалады.
3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы ай сайын зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығының аудандық бөлiмшесiнен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi туралы мағлұматтар сұрастырады, материалдық көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн қалыптастырады және есептеу жүргiзедi.
4. Тiзiмдердiң дұрыстығын және есепке алынуын аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы толық жауапты болады.
3. Материалдық көмектiң төленуi
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне арналған материалдық көмектiң төленуi аудандық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады.
6. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы материалдық көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмдерi негiзiнде есептеу өндіреді және ай сайын аудандық қаржы басқармасына қаржыландыруға өтiнiш ұсынады.
7. Материалдық көмектiң төленуi Сарыкөл аудандық «Қазақстан халық банкi» ААҚ филиалы арқылы жүзеге асырылады.
8. Материалдық көмектiң төленуi мерзiмi өткен айға өндіріледі.
9. Материалдық көмектiң төленуi алушының шыққан күнiнен немесе қайтқан күнiнен бастап тоқтатылады.
4. Материалдық көмектiң төлемдерiн бақылау
10. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы ай сайын АХАЖ органдарынан материалдық көмек тағайындалған тұлғалардың қайтқан жағдайларын тiркеу туралы мағлұматтар сұрастырады.
11. Материалдық көмек заңсыз төленген құжаттарды дұрыс рәсiмдемеген үшiн осыған күмәндi лауазымды тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiпте жауапты болады.
12. Төленген сомаларға бақылау ай сайын әлеуметтiк көмектiң төленуiн жүзеге асыратын Сарыкөл аудандық «Қазақстан халық банкi» ААҚ филиалы және әлеуметтiк көмектiң тағайындауын жүзеге асыратын Сарыкөл аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы арқылы актiлерiн салыстыру негiзiнде жүзеге асырылады.