Об отборе кандидатов в военно-учебные заведения Республики Казахстан и Российской Федерации в 2003 году Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылы Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына үміткерлер іріктеу туралы.
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі 2000 жылғы 24 ақпандағы № 37 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің және өзге мемлекеттердің әскери-оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау ережелерінің іске енгізу туралы» (Қазақстан Республикасы әділет Министрлігімен 2000 жылы 24 маусымдағы № 1171 тіркелген) бұйрығына сәйкес азамат жастар арасынан әскери-оқу орындарына түсуші үміткерлерді сапалы және ұйымдасқан түрде іріктеу мақсаттарында облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. 2003 жылдың 1 наурызы мен 2003 жылдың 10 маусым аралығында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына жастар арасынан үміткерлер іріктеуді өткізу облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссарларға тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Облыс аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері үміткерлерді тексеру және іріктеуді өткізу үшін, төмендегі құрамда комиссиялар құрсын:
Комиссия төрағасы - аудандық, қалалық әскери комиссар.
Комиссия мүшелері - әкімдіктің, ішкі істер органдарының, денсаулық сақтау және білім бөлімдерінің өкілдері.
Тармақ 3
3. Комиссия төрағалары облыс аудандарының және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдерінің жастарға әскери-кәсіптік бағыт беру және әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеуді өткізу жоспарын бекітсін.
Комиссия төрағасы әскери-оқу орындарында іріктелген үміткерлердің дене шынықтыру дайындығын тексерсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы И.М.Комалдинов әскери-оқу орындарына түсуге іріктелген үміткерлерді медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссия жұмысын ұйымдастырсын. Қажетті дәрігер мамандар бөлсін, медициналық комиссияның жұмысына қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етсін, сондай-ақ лабораториялық зерттеулер өткізсін.
Тармақ 5
5. Облыстық білім басқармасының бастығы Е.А.Дмитриенко үміткерлердің іріктеу комиссиясынан өту күніне дейін қажетті құжаттардың тапсырылуын және қабылдау емтихандарына енетін пәндер бойынша қосымша сабақтардың өткізілуін ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағалары әскери-оқу орындарына түсуге іріктелген үміткерлердің дене-бітімі дайындығын тексерістен өткізсін.
Тармақ 7
7. Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының әскері комиссары А.Ж.Нұрманов жастарға әскери-кәсіптік бағыт беру бойынша мәліметтерді үміткерлерді әскери оқу орындарына іріктеу кезеңінде жүйелі түрде жергілікті басылымдар мен радио арқылы хабарлап отырсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.