Жерді қорғау және пайдалануына бақылау жасау жөніндегі Қызылорда облыстық мемлекеттік инспекциясының 2003 жылға арналған бюджеттік бағдарламасының паспортын бекіту туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жерді қорғау және пайдалануына бақылау жасау жөніндегі Қызылорда облыстық мемлекеттік инспекциясының 2003 жылға арналған бюджеттік бағдарламасының паспортын бекіту туралы «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 Заңына және «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы №832 қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылға арналған бюджеттік бағдарламаның паспорты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Нұртазаевка жүктелсін.
Басқа 3
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 5 ақпандағы №427қаулысымен Бекітілген Жерді қорғау және пайдалануына бақылау жасау жөніндегі Қызылорда облыстық мемлекеттік инспекциясының 2003 жылға арналған жергілікті деңгейдегі әкімшілігінің шығындары жөніндегі ПАСПОРТЫ
Тармақ 1
1. Құны: 88000 (Сексен сегіз мың) теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативті-құқықтық негізі: Қызылорда облысы әкімінің 2001 жылғы 17 ақпандағы №418 шешімімен бекітілген «Жерді қорғау және пайдалануына бақылау жасау жөніндегі Қызылорда облыстық мемлекеттік инспекциясы жөніндегі» Ережесі, «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық маслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессиясының шешімі.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: Облыстық бюджет.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жерді қорғау және пайдалануына мемлекеттік бақылау.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламаның талаптары:
Тармақша 1
1) «Жерлерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны бекіту туралы» облыс әкімінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 277 шешімін орындау.
Тармақша 2
2) Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер заңдарының, жер учаскелерінің белгіленген тәртібін, олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануын қадағалау.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі жоспары: № Бадарла маның коды бағдарлама барысының коды Бағдарламаның мазмүны (бағдарлама барысының мазмүны) Бағдарламаны іске асыру мақсаты Іске асыру уақыты Жауапты орындаушы лар 1 2 3 4 5 6 7 257 02 03 Жергілікті бюджеттен қаржыланатын ауылшаруашы лығының атқарушы органы. Аппаратты ұстау Қаңтар 2003 жыл Жерді қорғау және пайдалануына бақылау жасау жөніндегі Қызылорда облыстық Әкімшілік шығындар. мемлекеттік инспекциясы
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламаның күтілетін нәтижесі: Өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялау, мелиорациялау және басқа шараларын жүргізу жолымен жердің азып-тозуы мен бүлінуін, шаруашылық іс қимылдарының басқа да қолайсыз жағдайларды болдырмау.