Об утверждении Плана организационно-пропагандистских мероприятий по проведению года ауыл на 2003 год Қолданыста
Басқа 0
Ауыл жылын өткізу жөніндегі ұйымдастыру-насихаттау іс-шараларының 2003 жылға арналған жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылға арналған негiзгi бағыттары туралы" жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында берiлген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1308 "Ауыл жылын өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру-насихаттау iс-шараларының 2003 жылға арналған жоспарын бекiту туралы" қаулысын орындауда облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыл жылын өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру-насихаттау iс-шараларының 2003 жылға арналғн жоспары бекiтiлсiн (тiркеледi).
Тармақ 2
2. қала және аудан әкiмдерi, облыстық мемлекеттiк басқару органдары ауылды дамыту жөнiндегi ұйымдастыру-насихаттау iс-шараларының тиiстi жоспарын дайындап, iске асырсын және олардың орындалу барысы туралы тоқсан сайын соңғы айдың 20 күнiне Iшкi саясат департаментiне ақпарат берсiн.
Тармақ 3
3. "Атырау-Ақпарат" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны, облыстық телерадиокомпания (келiсiм бойынша) тұрақты жұмыс iстейтiн айдарлар мен хабарлар ашу арқылы тұрғындар арасында кең түрде түсiндiру жұмыстарын жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Қ.Ищановқа жүктелсiн.
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
11 ақпандағы № 42 қаулысына
қосымша
Ауыл жылын өткізу жөніндегі ұйымдастыру-насихаттау іс-шараларының 2003 жылға арналған жоспары
№
Іс-шара
Аяқтау нысаны
Орындауға жауаптылар немесе органдар
Орындау мерзімі
Қаржылан-дыру көзі
1
2
3
4
5
6
1.
Облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерi жиналысы
Актив
жиналысы
А/ш басқармасы
1-тоқсан
2003 жыл
Облыстық бюджет
2.
Ауыл Жылының жарияланған мақсаттары мен мiндеттерiн, ҚР Үкiметi бағдарламасының негiзгi бағыттары мен оны iске асыру барысы туралы түсiндiру жөнiндегi көшпелi семинарлар-кеңестер ұйымдастыру.
Семинарлар кеңестер
Қала,аудан әкiмдерi, а/ш басқармасы,
iшкi саясат
департаментi
2003 жыл қаңтар
-
3.
Орындарда Жер қатынастарын реформалау мәселелерi бойынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге және меншiк енгiзу мақсаттары мен тетiктерiн түсiндiру мақсатында түсiндiру жұмыстары және осы мақсаттарда а/шаруашылығы мамандары мен ғалымдар, қаржы, банк, салық және т.б. сала қызметкерлерiнен насихаттау түсiндiру топтарын құру және оларды тоқсан сайын аудандарға, селолық округтерге жiберiп отыру.
Әкiмнiң шешiмi
А/ш басқармасы,
экономика және кәсiпкерлiктi қолдау
бас басқармасы,
iшкi саясат департаментi, жер ресурстарын
басқару жөнiндегi комитетi
1-тоқсан
2003 жыл
-
4.
Арнайы буклеттер, брошюралар және облыстық газеттер мен облыстық теледидарды үгiттеу-жарнамалау материалдары мен роликтер дайындап, шығару.
шығару
Iшкi саясат департаментi, "Атырау-Ақпарат" КМК,
облыстық телерадиокомпа-ниясы, а/ш басқармасы
Жек жоспар бойынша
Облыстық бюджет
5.
Ауыл өмiрiнiң әртүрлi салаларында мониторинг өткiзiп, үшжылдық ауыл бағдарламасын идеологиялық қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша жоспарлар-шаралар дайындау.
Iшкi саясат департаментi, а/ш басқармасы
Жылына екi рет
Облыстық
бюджет
6.
Ауылдағы денсаулық, бiлiм беру және мәдениет iстерiнiң жағдайларын әлеуметтiк зерттеу және
аудан әкiмдерiне ұсыныстар беру.
тиісті
басқармалар
Кесте
бойынша
Жергiлiктi бюджеттер
7.
Ауылдағы жұмыссыздық деңгейiн зерттеу және тиiстi ұсыныстар дайындау.
Қала және аудан әкiмдерi,
әлеуметтiк қорғау
басқармасы, iшкi саясат департаментi
Тоқсан
сайын
-
8.
Жалпы бiлiм беру, кәсiптiк және арнаулы орта оқу орындары оқушыларының ауыл шаруашылығы саласының танымал адамдарымен кездесулiгiн ұйымдастыру, тақырыптық сабақтар өткiзу, мектептердiң ауыл шаруашылығы кәсiпорындарымен байланысын нығайту.
Ұйымдастыру жұмыстары
Қала, аудан әкiмдерi, а/ш басқармасы
бiлiм басқармасы
үнемі
-
9.
Халықты Ауыл жылы жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламамен және оның орындалу барысымен таныстыру бойынша кітап көрмелерін, кездесулер, дөңгелек столдар, ауызша журналдар және басқа да көпшілік іс шараларды ұйымдастыру
Ұйымдастыру жұмыстары
Қала, аудан әкімдері, а/ш басқармасы, мәдениет басқармасы
үнемі
-
10.
Мынадай:
- ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерін шығарушы таңдаулы кәсіпорын
- аграрлық секторды неселеу саласындағы екінші деңгейдегй таңдаулы банк
-Аграрлық өнеркәсіптік комплекс пен ауылдық аумақтарды дамыту проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету жөніндегі таңдаулы жарияланым
- таңдаулы ауыл дәрігері
- таңдаулы ауыл мұғалімі
- таңдаулы ауыл мәдениет қызметкері
- таңдаулы ветеринар дәрігер-лицензиат
- таңдаулы ауыл учаскелік милиционері
- салауатты ауыл атақтарына конкурстар ұйымдастырып, өткізу
Ұйымдастыру жұмыстары
Қала, аудан әкімдері, тиісті басқармалар, «Атырау-Ақпарат», КМК ішкі саясат департаменті
Жыл сайын
Кәсіпорын есептен
11.
Мынадай:
- механизатордың
- мал өсірушінің
-балықшының
- орманшының
- егіншінің
- тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерінің кәсіби шеберлігінің конкурстарын өткізуді ұйымдастыру
Конкурстер өткізу
Қала, аудан әкімдері, а/ш басқармасы
Жыл сайын
-
12.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жекелеген фермелер мен кәсіпкерлер оң тәжірибесін тарату
Қала, аудан әкімдері, а/ш басқармасы
Жыл қортындысы бойынша
Облыстық
бюджет
13.
Ауыл тұрғындарының күшімен ауылдық елді мекендерді көгалдандыру іс-шараларын ұйымдастырып, өткізу
Іс-шаралар
Аудандар мен селолық округтер әкімдері
Жыл бойы
Жергілікті бюджет
14.
Нысандардың санитарлық-гигиеналық, селоның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағыты бойынша ауылдық, селолық, поселкелік әкімдерді рейтингілік бағалау
Істелген жұмыс туралы ақпарат
Облыс әкімінің аппараты, аудан әкімдері, тиісті басқармалар
Тоқсан сайын
15.
Ауыл адамдары арасында салауатты өмір салтын насихаттау
Шаралар ұйымдастыру
Аудан, округ әкімдері, денсаулық сақтау басқармасы
Жыл ішінде
16.
Мәдени үгіт поезын ұйымдастыру
Шаралар өткізу
Облыс әкімінің аппараты, мәдениет және денсаулық сақтау басқармалары, ішкі саясат департаменты
Жыл сайын 3-тоқсан
Облыстық
бюджет
17.
Малшылар күні «Төл тойы»
Шаралар өткізу
Қала, аудан әкімдері, а/ш басқармасы
Жыл сайын тамыз
Жергілікті бюджет
18.
Балықшылар күні
Қала, аудан әкімдері, балық шаруашылығы басқармасы
Жыл сайын, шілде
Балық саласындағы кәсіпорындар
19.
Бағдарламасына слет және ауыл шаруашылық озат жұмысшыларын марапаттау, мәдени бағдарламаларын енгізу арқылы Республика күніне арналған ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрме-жәрмеңкесі.
Көрме
Қала, аудан әкімдері, а/ш және мәдениет басқармалары
Жыл сайын, қазан
Облыс және қала, аудан бюджеттері
20.
Облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, облыстық теледидарда әр-түрлі бағытта ауыл жетістіктер бағдарламасын жүргізу:
- асыл тұқымды мал шаруашылығы
- ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу, қайта өңдеуді ұйымдастыру
- машина-трактор паркін жанарту
- стратегиялық міндеттер
Жұмыстарды ұйымдастыру
А/ш басқармасы, ішкі саясат департаменті, «Атырау-Ақпарат» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
үнемі
21.
Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік азық-түлік бағдарламасын жариялау жөніндегі облыстық, аудандық газеттер редакторларының семинар-кеңестері
Семинар өткізу
Ішкі саясат департаменті «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ақпан
22.
Үкіметтік және облыстық бағдарламалардың орындалу барысын кең түрде жариялауды қамтамасыз етіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа айдарлар ашу
Семинар жүргізу
Ішкі саясат департаменті «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Облтелерадиокомпаниясы
үнемі
23.
Ауылдын даму проблемаларын ең үздік жариялаған журналшылар арасында конкурс жариялау
конкурс
Ішкі саясат департаменті «Атырау-Ақпарат» КМК облтелерадиокомпаниясы
2003г
24.
Ауылда дамытуға зор елеулі үлес қосқан өндіріс кәсіпорындарын, банк құрылымдарын және үздік инвесторларды анықтау
А/ш басқармасы, Мұнайгазкешені, сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялық саясат басқармасы, экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, ішкі саясат департаменты
Жыл сайын қаңтар