Об организации и проведении предупредительных мероприятий по защите области от весеннего паводка 2003 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылғы көктемгі су тасқынынан облысты қорғау жөніндегі сақтық іс-шараларын жүргізу және ұйымдастыру туралы 1996 жылғы 5 шілдедегі №19-1 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 13 баптарына сәйкес елді мекендерді, шаруашылық нысандарды, коммуникацияларды, пайдаланылатын жерді, автомобиль және темір жолдарды қорғауға байланысты сақтық шараларын ұйымдастыру және жүргізу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 сәуірдегі №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық су қоймаларында су тасқынынан қорғау жұмыстарға басшылық ету және олардың жұмыстарын үйлестіру үшін облыстық су тасқынға қарсы штабтың құрамы бекітілсін (№1 қосымша)
Тармақ 2
2. Қала, аудандар әкімдері, облыстық кәсіпорындар мен ұйым басшылары 2003 жылға су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу үшін сәйкес штабтар құрсын:
Тармақ 3
3. Облыс су қоймаларында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу іс-шаралары бекітілсін (№2 қосымша)
Тармақ 4
4. Қала, аудан әкімдері, кәсіпорындар және ұйым басшылары, Жайық-Каспий бассейіндік су шаруашылығы бірлестігі, «Атырау су шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын, Атырау облыстық автомобиль жолдары басқармасы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) өткен жылдардағы су тасқындарына талдау жүргізіп және өр суы басу аймағынан түсетін елді мекендерді, бүлінуге және шайылуға ұшырайтын автомобиль және темір жолдарды, тасқын су мен өр суының зардабына ұшырайтын жергілікті учаскелер, байланыс және электр тарату желілерін, бөгеттердің, су өткізгіш құрылыстардың жағдайын, көшіру орындары мен бағыттарын, жүзу құралдарының болуы мен жағдайын анықтасын;
Тармақша 2
2) су тасқыны қауіпті қорғаныс бөгеттер учаскелерін ұйымдарға, кәсіпорындарға бөліп бекітсін (келісім бойынша) (қосымша 3);
Тармақша 3
3) су тасқынына қарсы жүргізілетін жұмыстарға барлық қажетті күштер мен құралдарды тартсын. Зілзаланың зардаптарын жою және шұғыл апаттық-құтқару жұмыстарына қатыстырылатын кәсіпорындар мен ұйымдарды анықтасын;
Тармақша 4
4) Жайық-Каспий бассейіндік су шаруашылығы басқармасымен су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуге жұмсалатын шығындар есептеріне келісім жүргізсін;
Тармақша 5
5) тұрғындарды су тасқыны жағдайында іс әрекеттер жасауға дайындау бойынша оқуын өткізіп, нақты жағдайда қызметтердің өзара іс-әрекет жасауын жаттықтырсын;
Тармақша 6
6) жүргізілетін жұмыстар мен жедел жағдай туралы күн сайын облыстық су тасқынына қарсы штабқа хабарласын.
Тармақ 5
5. «Казгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны гидрометеорологиялық бекеттердің үзіліссіз жұмыс жасауын және су тасқыны жөніндегі болжамдарды уақтылы жеткізілуін қамтамасыз (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Облыстық жер ресурстары комитеті қоршаған ортаны қорғау басқармасымен бірлесе отырып қорғаныс бөгеттерін тұрғызу бойынша жер жұмыстарына алынатын топырақты іріктеп алу орнын анықтасын (келісім бойынша)
Тармақ 7
7. Атырау облыстық автомобиль жолдары басқармасы, «Облыс жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, «Қазақстантеміржолы» жабық акционерлік қоғамның Атырау тасымалдау бөлімшесі өр суының апатсыз өтуіне теміржол және автожол көпір өткелдерін, жасанды су өткізу ғимараттарын әзірлесін (келісім бойынша).
Тармақ 8
8. Атырау облыстық ішкі істер басқармасы су тасқынына қарсы жүргізілетін жұмыстар кезеңінде осы жұмыстарға тартылған инженерлік техникалардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. «Атырау жарық» ашық акционерлік қоғамы көктемгі су тасқыны кезеңінде елді мекендер мен шаруашылық объектілерді үздіксіз электрмен жабдықталуын қамтамасыз етсін (келісім бойынша).
Тармақ 10
10. Облыстық телекоммуникация дирекциясы көктемгі су тасқынына ұшырайтын облыстық елді мекендерін сенімді байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін (келісім бойынша).
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы су тасқынына қарсы шараларға қаражаттың жергілікті атқарушы органдары резерв қорынан бөлінуін қарастырсын (қосымша 4)
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсін.
Басқа 19
Облыс әкімінің 2003 жылғы 11 ақпан №8 шешіміне 1 қосымша Су тасқынына қарсы облыстық штабтың құрамы:
Тармақ 1
1. Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы – облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы;
Тармақ 2
2. Жұмағалиев Ғабидолла Ғалиәскерұлы - Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегібасқармасының бастығы, штаб бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Тармақ 3
3. Бекмұханбетов Айбол Әнуарұлы - «Атырау халықаралық әуежайы» ашық акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша);
Тармақ 4
4. Кенжеғалиев Ғизат - «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорынның бастығы (келісім бойынша);
Тармақ 5
5. Қоныс Нәсіпқали Жоланұлы - «Атыраусушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның директоры (келісім бойынша);
Тармақ 6
6. Қуанов Бисен Отарұлы - Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы бірлестігінің бастығы (келісім бойынша);
Тармақ 7
7. Лұқпанов Сәден Сәкенұлы - Индер ауданының әкімі;
Тармақ 8
8. Мұқтаров Нұртас Мұқтарұлы - Жылыой ауданының әкімі;
Тармақ 9
9. Нұрғалиев Болат Сағынбайұлы - Атырау облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы (келісім бойынша);
Тармақ 10
10. Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы - Құрманғазы ауданының әкімі;
Тармақ 11
11. Рахметқалиев Жангелді - Қызылқоға ауданының әкімі;
Тармақ 12
12. Сисатов Рысқали Ғабдығапарұлы - Махамбет ауданының әкімі;
Тармақ 13
13. Сәлімбаев Ермек Қайсаұлы - құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің директоры;
Тармақ 14
14. Тасыбаев Манас Мұхитұлы - Атырау қаласының әкімі;
Тармақ 15
15. Ізғұлов Жарас Төкенұлы - «Қазақстантеміржолы» жабдық акционерлік қоғамы Атырау тасымалдау бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша);
Басқа 35
Облыс әкімінің 2003 жылғы 11 ақпан №8 шешіміне 2 қосымша 2003 жылғы су тасқынына қарсы жұмыстар жөніндегі іс-шаралар № Атауы Орындалу мерзімі Орындаушылар 1 2 3 4 1 Су тасқынына қарсы шаралар жоспарларын әзірлеумен қалалық, аудандық штабтар құру 1 наурызға дейін Қала мен аудан әкімдері 2 Өткен жылдардағы су тасқындарын талдау нәтижесінде мынадай инженерлік-техникалық іс-шаралар кешенін тиімді орындалуын қарастырсын: 1) көктемгі өр суынан және су тасқынынан тұрғындар мен шаруашылық субъектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 2) су басу қаупі төнген жағдайда су жиналатын ойпат жерлерді анықтап, жиналған суларды ағызып жіберу үшін техникаларды шоғырландыру; 3) инертті материалдар қорын құру, бақылау бекеттерін ұйымдастыру, қажетті жағдайда халықты күні бұрын көшіру; 1 наурызға дейін Барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы 3 Облыс бойынша су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты күн сайын беріп отыру. Су тасқыны кезінде «Казгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. Жайық-Каспий бассейіндік су шаруашылығы басқармасы 4 Су тасқыны жағдайын бақылау мақсатында Жайық, Қиғаш, Шароновка, Ембі, Ойыл, Сағыз өзендері бассейіндерін тікұшақпен айналып ұшып өту. Жағдайға қарай Облыстық штаб 5 Апаттық су жинақтаушылар мен айналма жолдарды қоса барлық көпір өткелдерді, су өткізу ғимараттарды қалған қоқыстардан тазарту. 20 наурызға дейін Атырау облыстық автомобиль жолдары басқармасы, «Облыс жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 6 Шароновка өзені бойындағы Ганюшкино гидробекеттің, Ембі өзені бойындағы Ақмешіт гидробекетінің жұмыстарын жаңарту. 20 наурызға дейін «Казгидромет», «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорын 7 Елді мекендердегі қорғаныс бөгеттерін бекіту жөніндегі қажетті жұмыстарды жүргізу 1 сәуірге дейін Барлық деңгейдегі әкімдер 8 Жайық өзені арқылы өтетін су тасқыны қаупі бар өткелдердің жайкүйін зерттеу, су өткізгіш құбырларын тазалау; өр суының өтуіне кедергі келтіретін уақытша салынған өткелдерді, инженерлік торабтарды алып тастау. 20 наурызға дейін «Казтрансойл» жабық акционерлік қоғамының Атырау мұнай құбыры басқармасы, «Орта Азия интергаз» жабдық акционерлік қоғамының «Атырау» магистралдық газ құбыры басқармасы, «Қазақстантеміржолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын Атырау тасымалдау бөлімшесі 9 Қызылқоға ауданындағы Ералиев су торабын өр суын қабылдауға дайындау. 20 наурызға дейін «Атыраусушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 10 Тасқын суды көлтабандар мен шабындық алқаптарды толтыру үшін тиімді пайдалану. Су тасқыны кезінде Аудан әкімдері, ауыл шаруашылығы басқармасы 11 Өзендердегі кемелерді брандвахталарды, сорғыш стансаларды, паром өткелдері мен басқа да жүзбелі жабдықтарды көктемгі су тасқыны кезінде пайдалануға әзірлеу Су тасқыны кезінде «Атырауөзенпорты» акционерлік қоғамы, көлік бақылау басқармасы, кемелер, сорғыш стансалар, паромдар және брандвахталар иелері 12 Елді мекендерді су басу қаупінен сақтау мақсатында тасқын суды табиғи арналар мен өткелдер арқылы кедергісіз өткізу мүмкіндігін қарастыру. Жер бөгеттерін алып «Рабица» торынан балық қорғау құралдарын орнату, Соколок, Нарын, Бақсай арналарының бас бөліктерін тазалау. Су тасқыны кезінде Облыстық штаб, қалалық аудандық әкімдер, «Атырау сушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 13 Облыстың негізгі су қоймаларындағы су сапасын талдауға тұрақты бақылауды жүзеге асыру Тұрақты Облыстық санэпидстансасы, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы 14 Су тасқынына және су басуына ұшырайтын елді мекендердегі фельдшерлік-акушерлік пункттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. 20 наурызға дейін Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдері 15 Қауіпті жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатында мәйіттер аймағын су басудан және су тасудан қорғау қорғаныс ғимараттарын құру жұмыстарын жүргізу. 25 наурызға дейін Барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облсанэпидстансасы, обаға қарсы стансасы
Басқа 36
Облыс әкімінің 2003 жылғы 11 ақпан №8 шешіміне 3 қосымша Су тасқыны өту кезінде су тасқыны қауіпті қорғаныс бөгеттер учаскелерін кәсіпорындар мен ұйымдарға бекіту тізбесі Елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін аудандарға көмек көрсетуге мына кәсіпорындар мен ұйымдар бекітілсін: Облыстық су тасқынына қарсы штаб. «Казтрансойл» жабық акционерлік қоғамының Атырау мұнай құбыры басқармасы - Береке с. «99-Құрылыс басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - Алмалы с. «Орта Азия интергаз» жабық акционерлік қоғамының «Атырау» магистральдік газ құбыры басқармасы - Редут с. «Атырау мұнай өндеу зауыты» ашық акционерлік қоғамы - Чкалово с. «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы - Сартоғай с. - Махамбет с. «Теңізмұнайқұрылыс» акционерлік қоғамы - Алға с. «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамы - Сарайшық с. Атырау қаласының және оның құрамына кіретін селолық округтердің өте қауіпті учаскелерін бекіту Атырау қалалық су тасқынына қарсы штабтың (Атырау қаласы) шешіміне сәйкес жүргізіледі. Су тасқыны кезінде Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары
Басқа 37
Облыс әкімінің 2003 жылғы 11 ақпан №8 шешіміне 4 қосымша 2003 жылы су тасқынына қарсы шараларды өткізуге қажетті қаражат Атауы қаражат (млн.тенге) 1 Атырау қаласы (су тасқынына қарсы жұмыстарына) 35,2 2 Жылыой ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына) 12,3 3 Қызылқоға ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына) 6,3 4 Махамбет ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына) 7,45 5 Құрманғазы ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына) 15,4 6 Индер ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына) 1,47 7 Исатай ауданы (су тасқынына қарсы жұмыстарына) 2,4 8 «Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны (гидробекеттердің үзіліссіз жұмыс жасауы үшін) 0,35 9 «Атыраусушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорын (Қара өзеншік пен арналарда тасқын суларды өткізу үшін балық қорғау ғимараттарын орнату). 4,5 10 Су тасқынына ұшырайтын елді мекендерді тікұшақпен айналып ұшып өту. 2,5 Барлық қажетті қаражат 87,87