О назначении пособий на погребение умерших Героев Советского Союза, "Халык кахарманы", Героев Социалистического труда, награжденных Орденом Славы трех степеней и орденом "Отан" из числа участников и инвалидов войны на 2003 год Күшін жойған
Басқа 0
«2003 жылға арналған соғыс мүгедектерді мен қатысушылары санынан Кеңес Одағанынң Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеуге жәрдемақы тағайындау туралы»
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімиятының 2005.01.19 № 3/15 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Жарлығына сәйкес, соғыс мүгедектерді мен қатысушылары санынан Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистін Еңбек Ері, «Данк» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеу бойынша салт-жора қызметтерін көрсетуге жәрдем көрсету мақсатында және ең төменгі есеп көрсеткішінің өзгеруіне байланысты
Тармақ 1
1. Ағымдағы жылдың 1 қантарынан бастап 2003 жылға арналған соғыс мүгедектері мен қатысушылары санынан Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеуге жәрдем көрсету көлемі бір алушыға (30520) отыз бес ең төменгі есеп көрсеткіші мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Соғыс мүгедектері мен қатысушылары санынан Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеуге жәрдем көрсету Қағидасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Қалалық қаржы бөлімі (Ысқақова Мәлике Рахметқызы) соғыс мүгедектері мен қатысушылары санынан Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеуге жәрдем көрсетуді дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Октябрь ауданының еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі және Қазыбек би атындағы ауданның еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі (Мария Қалиақпарқызы Құсайынова, Төлеужан Ахметбекұлы Ахметбеков) соғыс мүгедектері мен қатысушылары санынан Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болғандарын жерлеуге жәрдем көрсету төлемін төлесін және дер кезінде тағайындау қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазыбек би атындағы аудан әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Рамазанұлы Шалабековке және Октябрь ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дәулет Маматайұлы Сәрсенбаевқа жүктелсін.
Басқа 6. Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеуге көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ
«2003 жылға арналған соғыс мүгедектерді
мен қатысушылары санынан Кеңес
Одағанынң Батыры, «Халық қаһарманы»,
Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің
үш дәрежесімен, «Отан» орденімен
марапатталған азаматтардың қайтыс
болғандарын жерлеуге жәрдемақы
тағайындау туралы» Қарағанды қаласы
әкімиятының 2003 жылғы «20» 02
№ 4/48 қаулысымен бекітілген
қосымша
Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеуге көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Қағида Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Жарлығына сәцкес жасалған.
Тармақ 2
2. Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеуге әлеуметтік көмек алу құқына отбасы мүшелері және жерлеуді жүргізетін тұлғалар ие болады.
Тарау 2. 2. АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ
2. АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ
Тармақ 3
3. Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын отбасы мүшелері және жерлеуді жүзеге асыратын тұлғалар аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары санаттары бойынша арнайы жәрдемақы алғандары туралы мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлейтін орталықтан алған анықтамасын, жерлеу жораларын жүргізуге көмек көрсету туралы тұрақты жерінен өтініші және өлімі туралы анықтамаасын тапсырады.
Тармақ 4
4. Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеу жораларына көмек өтініш бойынша отыз бес есептік көрсеткіші мөлшерінде бір жолғы ақшаай көмек ретінде берілуі мүмкін және өтініш берушінің Халық банктерінің филиалдарындағы (Қазақстан Республикасы Халық банкі облыстық филиалының 2000 жылғы 15 маусымдағы № 11-28-18 және облыстық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының 2000 жылғы 14 маусымдағы № 8-13/2164 бірлескен хатына сәйкес) ашылған шоттарына аударылады.
Тармақ 5
5. Көмек көрсету (бас тарту) туралы шешімді өтініш берушінің тұрақты жерінен аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінде қабылдайды. Даулы сұрақтарды қалалық әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиия қабылдайды.
Тарау 3. 3. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
3. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Тармақ 6
6. Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетудің қаржыландыру көзі болып қалалық бюджет табылады.
Тарау 4. 4. ЕСЕП, БАҚЫЛАУ, ЕСЕП БЕРУ
4. ЕСЕП, БАҚЫЛАУ, ЕСЕП БЕРУ
Тармақ 7
7. Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеуге көмек көрсетуді есеп, бақылау және есеп беруді жүргізу, шаралары жүзеге асыру аудандақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне жүктеледі.
Тармақ 8
8. Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен, «Отан» орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен қатысушылары арасынан қайтыс болғандарын жерлеу төлем жүргізу мен тағайындау туралы ақпаратты қалалық қаржы бөліміне ай сйын аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері тапсырады.