Об утверждении Правил кредитования сельхозтоваропроизводителей Карагандинской области на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ в 2003 году Қолданыста
Басқа 0
2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға
Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілеріне кредит беру қағидасын
бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат Басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы “2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы” №70 қаулысына және Қарағанды облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 28 ақпанда № 1082 тіркелген Қарағанды облыстық Мәслиахатының 2003 жылғы 27 ақпандағы ХХІV сессиясының “Қараганды облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы ХХІІІ сессиясының “2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы” № 2-5/14 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” № 2-5/15 шешіміне сәйкес Қарағанды облыстық әкімияты қаулы етеді.
Тармақ 1
1. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті “Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру” бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағар материалдарын, тұқымдар,тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға және ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру қағидасы бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 3
3. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағар материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға және ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру үшін Бағдарлама әкімшісіне республикалық бюджеттен түскен 230000000 теңге сомасындағы қаржы бөлінсін.
Тармақ 4
4. Бағдарлама әкімшісіне:
Тармақша 1
1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру үшін Операторлар іріктеу конкурсын өткізу жөнінде конкурстық комиссия құрсын.
Тармақша 2
2) конкурстық комиссия анықтаған Оператор орқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беруді іске асырсын.
Тармақша 3
3) республикалық бюджеттен бөлінген кредиттік ресурстардың қайтарылуы мен мақсатты пайдалнылуына бақылау орнатсын.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тапсырыстарына сәйкес егіс аумақтарының көлемін, таратылатын кепілдік мүліктерін (өзге де қамтамасыз етулер) ескере отырып, кредит берілетін шаруашылықтар тізімін анықтасын;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алынған кредит құралдарының мақсатты пайдалануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қарағанды облыстық қаржы басқармасы (А.К.Молотовник) және облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Т.Б.Даутов) республикалық бюджеттен қаржы алу үшін қажетті құжаттардың уақытында ресімделуін қамтамасыз етсін және оның 2003 жылғы 1 желтоқсанға дейін қайтарылуына бақылау орнатсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары С.Б.Өтешовке және С.Т.Тұңғышбековке жүктелсін.
Басқа 1. 2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын
жүргізуді ұйымдастыруға Қарағанды облысының ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру
ҚАҒИДАСЫ
№1 қосымша
Қарағанды облыстық әкімиятының
“2003 жылғы көктемгі егіс және
егін жинау жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыруға Қарағанды
облысының ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілеріне кредит
беру қағидасын бекіту туралы”
2003 жылғы 05 наурыздағы
№ 04/01 қаулысымен бекітілген
2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын
жүргізуді ұйымдастыруға Қарағанды облысының ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру
ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қағида Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы “2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы” № 70 қаулысына сәйкес әзірленген және Қарағанды облыстық Мәслиахатының 2003 жылғы 27 ақпандағы XXIV сессиясының “Қарағанды облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандығы XXIII сессиясының “2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы” № 2-5/14 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” № 2-5/15 шешімінде көзделген “Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру” 083 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 28 ақпанда № 1082 тіркелген жанар-жағар материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға және ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға кредит беру тәртібін, мерзімін және шарттарын анықтайды.
Тарау 2. 2. КРЕДИТ БЕРУ ТӘРТІБІ
2. КРЕДИТ БЕРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 2
2. Республикалық бюджеттен бөлінген 230000000 (екі жүз миллион) теңге сомасындағы кредиттік ресурстар бағдарламаның әкімшісі - облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне әрі қарай операторлар арқылы сыйақының нөлдік ставкасы бойынша қайтару, мерзімділік, ақылы және қамтамасыз ету шартында жанар-жағар материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға және ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру үшін бөлінеді.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру Қарағанды облыстық әкімиятының 2003 жылғы 5 наурыздағы № 04/01 қаулысына қол қойылған күннен бастап 30 күннен кешіктірілмей конкурстік негізде белгіленген Операторлар арқылы жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Конкурсқа 2001, 2002 жылдары бюджеттік бағдарламалар бойынша бұрын өткізілген конкурстар қорытындысымен жасалған келісім - шарттар бойынша қарыздары жоқ Операторлар жіберіледі.
Тармақ 5
5. Бағдарламаның әкімшісі:
Тармақша 1
1) “Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2003 жылы жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арналған кредит беру” бюджеттік бағдарламасы бойынша конкурс өткізу ережелері мен шарттарын әзірлейді және бекітеді.
Тармақша 2
2) Әрі қарай ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тауарлық кредит беру үшін Операторлармен келісім шарт жасайды.
Тармақша 3
3) жанар-жағар материалдарын тұқымдар,тыңайтқыштар,гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуды, сондай-ақ Операторлардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне оның бөлуін бақылайды.
Тармақша 4
4) Операторлардың алған кредиттік ресурстарды облыстық бюджетке
қайтаруын бақылаумен қамтамасыз етеді.
Тармақша 5
5) Кредиттік қаржылардың уақытынды қайтарылу және өз мақсатына жұмсалуы жөніндегі келісім шарт міндеттерін орындамаған жағдайда операторлармен қуылым-талап жүмыстарын жүргізеді.
Тармақша 6
6) Қарағанды облысының әкімінің қаржы басқармасына кредиттік ресурстарды игеру және олардың соңғы заем алушылар бөлігінде қайтаруы туралы ақпарат ұсынады.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) Түскен өтінімдер бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тізімін жасайды, ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің тауарлық кредит алуға келісім шарт жасауы үшін Бағдарлама әкімшісімен келістіреді.
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жанар-жағар материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектердің түсуін және мақсатты пайдаланылуын, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауын немесе сатып алуын және олардың кредиттік ресурстарды 2003 жылғы 1-ші қарашаға дейін кайтаруына бақылауды қамтамасыз етеді.
Тармақша 3
3) Оператордың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің кредиттік ресурстарды қайтаруы туралы Әкімшіге ақпарат тапсырады.
Тармақ 7
7. Операторлар:
Тармақша 1
1) Банк кепілдемесін, сонымен қатар тауарлық кредит беру (жанар-жағар материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер, ауыл шаруашылығы техникасын жалдау немесе сатып алу) келісім шартын ұсына отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тауарлық кредит беру үшін арналған кредит қаржыларын алуға Бағдарлама әкімшісімен келісім шарт жасайды.
Тармақша 2
2) 2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағар материалдарын, тұқымдық дәнді дақылдар, тыңайтқыштар, гербецидтер, қосалқы бөлшектер, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мен жалға беру арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тауарлық кредит беруге бөлінген кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 3
3) Келісім шарттар жасайды және Бағдарламаның әкімшісіне толық ақпарат және келісім шарттар ұсына отырып, өнімге ең төменгі баға ұсынған жеткізушілерге жанар-жағар материалдарын, тұқымдық дәнді дақылдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға кредиттік ресурстар аударады.
Тармақша 4
4) Операторларға ақшалай қаржыларды қайтару жөніндегі келісім шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге жанар-жағар материалдарын, тұқым, тыңайтқыштар, гербицидтер, қосалқы бөлшектердің бөлінуін, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауын немесе сатып алуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 5
5) Тауарлық кредиттің қайтарамы ретінде тапсырылған күнгі бір тонна 3 класты жұмсақ бидай құны есебінен астық қабылдауды іске асырады.
Тармақша 6
6) Бағдарлама әкімшісінен алынған кредит қаржысын 2003 жылдың 20 қарашасына дейін ақшамен облыстық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз едеті.
Тармақша 7
7) Бекітілген келісім бойынша берілген қаржының уақытында қайтарылмауына (немесе өз мақсатында пайдаланбауына) жауап береді.
Тармақша 8
8) Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қайтармаған (уақытында қайтарылмаған) ақшалай қаржылары үшін қуыным жүмыстарын жүргізеді;
Тармақша 9
9) Тауарлық кредит беруге байланысты шыкқан шығындарын өз қаржылары есебінен жабады.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:
Тармақша 1
1) Операторлармен кредитті алуға келісім шарт жасайды және оның 2002 жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей уакытында қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 2
2) Көктемгі егіс және егін жинау жумыстарын жүргізу үшін аланған тауарлық кредиттің мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 3
3) Жасалған келісім шарттар мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес қайтарылмаған, уақытында қайтарылмаған, мақсатсыз жұмсалған кредиттік ресурстар үшін жауап береді.