Об утверждении номенклатуры видов товаров (работ, услуг), государственные закупки которых осуществляются у субъектов малого предпринимательства на 2003 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңының 8-бабының 2-2-тармағына және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын және барлық мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар үшiн мiндеттi болып табылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерiнiң 2003 жылға арналған номенклатурасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар осы қаулыға қосымшада санамаланған тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алуды заңнамада белгiленген тәртiппен осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сатып алудың жалпы көлемiнiң кем дегенде 10 пайызы көлемiнде ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 0. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен 2003 жылға арналған мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) номенклатурасы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 345 қаулысымен бекiтiлген Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен 2003 жылға арналған мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) номенклатурасы
Тармақ 1
1. Азық-түлiк тауарлары:
Тармақша 1
1) ұн;
Тармақша 2
2) нан, нан-тоқаш бұйымдары;
Тармақша 3
3) макарон бұйымдары;
Тармақша 4
4) жармалар;
Тармақша 5
5) сүт, кiлегей;
Тармақша 6
6) сары майлар және өсiмдiк майлары;
Тармақша 7
7) ашыған сүт өнiмдерi;
Тармақша 8
8) ет (жас ет, консервiдегі), ет өнiмдерi;
Тармақша 9
9) шұжық бұйымдары;
Тармақша 10
10) балықтан жасалған өнiмдер (жаңа ұсталған, ұсталған күйiнде мұздатылған, қақталған);
Тармақша 11
11) алкогольсiз сусындар, шырындар;
Тармақша 12
12) кондитерлiк бұйымдар;
Тармақша 13
13) жұмыртқа;
Тармақша 14
14) табиғи бал;
Тармақша 15
15) бала тағамы;
Тармақша 16
16) көкөнiстер, жемiстер (консервідегі), картоп;
Тармақша 17
17) қант (құмшекер, шақпақ қант, кесек қант);
Тармақша 18
18) тұз;
Тармақша 19
19) тауықтар (тауықтың сирақ етi);
Тармақша 20
20) кептiрiлген жемiстер;
Тармақша 21
21) ашытқылар;
Тармақша 22
22) қызанақ сықпасы;
Тармақша 23
23) тұздықтар;
Тармақша 24
24) ауыл шаруашылығы шикiзаты;
Тармақша 25
25) теңiз өнiмдерi, балықтан және теңiз өнiмдерiнен жасалған консервілер;
Тармақша 26
26) iрiмшiк (қатты, жұмсақ, тұздалған);
Тармақша 27
27) татымды заттар және дәмдеуiштер;
Тармақша 28
28) сорпалық құрама қоректер;
Тармақша 29
29) саңырауқұлақтар;
Тармақша 30
30) бау-бақша жемiстерi мен жабайы жемiстер.
Тармақ 2
2. Азық-түлiкке жатпайтын тауарлар:
Тармақша 1
1) терiден (табиғи, жасанды) тiгiлген киімдер және оның керек-жарақтары, теріден тiгiлген бас киімдер;
Тармақша 2
2) тоқыма өнеркәсiбiнiң өнiмдерi (әскерилендiрiлген құрамалар үшін арнайы киiм-кешекті қоспағанда);
Тармақша 3
3) тігін бұйымдары (әскерилендiрілген құрамалар үшiн арнайы киiм-кешектi қоспағанда);
Тармақша 4
4) аяқ-киiм;
Тармақша 5
5) аяқ-киiм майы;
Тармақша 6
6) тұрмыстық, мектептiк және кеңселiк жиhаз;
Тармақша 7
7) құрылыс материалдары: тұсқағaздық қағаз (тұсқағаз) және басқа да қабырғалық жабындылар; едендерге төсеуге, пештердi қаптауға арналған тақталар; кiрпіш; цемент; кесiлген ағаш материалдары; ағаштан жасалған бұйымдар; шыны пакеттер; санитарлық фаянс; пенопластикалық тақталар; пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есiктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары); табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсеу материалдары (қиыршық тастар, ұсақ тастар); полиэтилен құбырлары; жылу сақтайтын материалдар; лак бояу бұйымдары; еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимерлiк материалдар; шегелер;
Тармақша 8
8) алюминийден, резинадан жасалған бұйымдар;
Тармақша 9
9) кабель өнiмдері;
Тармақша 10
10) жууға арналған заттар;
Тармақша 11
11) ағаштан, керамикадан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар;
Тармақша 12
12) музыкалық аспаптар;
Тармақша 13
13) дәрiлiк заттар, медициналық бұйымдар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы заттар;
Тармақша 14
14) жабдықтар: стандартқа сай емес жабдықтар; су тұщыту жабдықтары;
Тармақша 15
15) кеңсе тауарлары;
Тармақша 16
16) дәрi-дәрмектер өндiруге арналған минералдық шикiзат;
Тармақша 17
17) тоқыма шикiзаты;
Тармақша 18
18) отын (көмiр, мазут, ағаш);
Тармақша 19
19) жер бетiндегі органикалық заттар;
Тармақша 20
20) көшіру-көбейту және ұйымдастыру техникасы, жинақтауыштар;
Тармақша 21
21) ұйымдастыру техникасына қосалқы бөлшектер (бағдарламалық қамтамасыз ету);
Тармақша 22
22) қой терiсi бұйымдары;
Тармақша 23
23) қаракөл, қаракөл терiсiнен жасалған бұйымдар;
Тармақша 24
24) киiзден жасалған бұйымдар;
Тармақша 25
25) әйнектен жасалған тұрмыстық бұйымдар;
Тармақша 26
26) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
Тармақша 27
27) қолөнершiлер бұйымдары;
Тармақша 28
28) көмекшi медициналық жабдықтар;
Тармақша 29
29) машина жасау және басқа да өнеркәсіп кәсіпорындарына арналған жинақтауыш бұйымдар мен материалдар;
Тармақша 30
30) бау-бақша, бақша құралдары;
Тармақша 31
31) былғарыдан жасалған бұйымдар.
Тармақ 3
3. Жұмыстар орындау және қызметтер көрсету:
Тармақша 1
1) жөндеу-құрылыс жұмыстары;
Тармақша 2
2) автомобиль техникасын жөндеу;
Тармақша 3
3) полиграфиялық;
Тармақша 4
4) көліктік-экспедициялық;
Тармақша 5
5) медициналық;
Тармақша 6
6) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу;
Тармақша 7
7) ғұрыптық;
Тармақша 8
8) заңдық және нотариалдық;
Тармақша 9
9) қоғамдық тамақтандыру қызметтерi;
Тармақша 10
10) делдалдық, оның iшiнде жанармай-жағармай материалдарын сақтау мен сату жөніндегі;
Тармақша 11
11) тұрғын үй-коммуналдық;
Тармақша 12
12) тұрмыстық, (монша-кiр жуу, химиялық тазалау);
Тармақша 13
13) ұйымдастыру техникасын, бақылау-касса машиналарын, дыбыстық және бейнелiк техникаларды жеткiзiп беру және қызмет көрсету жөніндегі қызметтер;
Тармақша 14
14) көшіру-көбейту техникасына қызмет көрсету;
Тармақша 15
15) шаштараз;
Тармақша 16
16) киiмдер мен арнаулы киiмдер тiгу және жөндеу;
Тармақша 17
17) суретке түсіру қызметтерi;
Тармақша 18
18) туризм;
Тармақша 19
19) жалға беру қызметтерi;
Тармақша 20
20) аяқ-киiм жөндеу;
Тармақша 21
21) былғары, пластмасса және металл галантереясын жөндеу;
Тармақша 22
22) балалар және мектеп мекемелерiне тамақ өнімдерiн жеткiзіп беру;
Тармақша 23
23) жарнамалық-ақпараттық, баспалық қызметтер көрсету;
Тармақша 24
24) аударма iсi қызметін көрсету;
Тармақша 25
25) мөртабан-мөр және жiбек жазба;
Тармақша 26
26) эстетикалық қызметтер көрсету (визаж, косметологтардың қызметтер көрсетуi мен кеңестер беруi);
Тармақша 27
27) оқу-білім беру қызметтерi.