О нормативах текущих расходов на одного государственного служащего государственных органов, финансируемых из областного бюджета, на 2003 год. Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң 2003 жылы бiр мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын ағымдағы шығыстар нормативтерi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы 02.12.2003 жылғы қорытындысымен. "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 2 тармағына сәйкес облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. 2003 жылы бір мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын ағымдағы шығысты анықтау үшiн топтар бойынша облыстық бюджетiнен қаржыландырылатын органдардың тiзбесi бекiтiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың 2003 жылы бiр мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын нормативке кiретiн ағымдағы шығыстардың тiзбесi бекiтiлсiн (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің 2003 жылы бiр мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын ағымдағы шығыстардың нормативi мен қалалық және аудандық мемлекеттiк органдар үшін шектi нормативi бекiтiлсiн (3, 4 қосымшалар).
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандық әкiмдерiне: белгiленген шектi нормативтердi ескере отырып, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелердiң мемлекеттiк бiр қызметшісіне жұмсалатын ағымдағы шығыс нормативтерiн бекiтсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (Ж.С.Сәрсенқұлов) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындарды бекiтiлген нормативтерге сәйкес анықтасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.С.Қасабековке жүктелсiн.
Басқа 7
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 223 қаулысына N 1 қосымша 2003 жылы бір мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын ағымдағы шығыстарды анықтау үшiн топтар бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың ТIЗБЕСI 1 топ Облыс әкiмiнiң аппараты 2 топ Облыстық бiлiм беру басқармасы Спорт және дене мәдениетi облыстық басқармасы Облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасы Облыстық қаржы басқармасы Облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлiмi 3 топ Облыстық мәдениет басқармасы Ішкі саясат Департаменті Табиғатты пайдалану жөніндегі басқармасы 4 топ Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментi Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы Облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдау басқармасы Облыстық сәулет,құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық және жол шаруашылығы Департаменті 5 топ Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы
Басқа 8
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 223 қаулысына N 2 қосымша Облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың 2003 жылы бiр қызметкерге жұмсалатын нормативке кiретiн ағымдағы шығыстардың тiзбесi __________________________________________________________________ Ерекшелiк | Шығыстар атауы __________________________________________________________________ 111 Негізге жалақы 113 Өтемақы төлемдерi 121 Әлеуметтік салық 125 Автокөлік құралдарының иелерін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке міндетті сақтандыруға арналған жарналар 136 Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар 138 Үй-жайға жалгерлік төлем 139 Басқа да тауарларды сатып алу 141 Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу 142 Байланыс қызметiне ақы төлеу 143 Көлiк қызметiне ақы төлеу 144 Электр энергиясына ақы төлеу 145 Жылу үшiн ақы төлеу 146 Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды қызмет көрсете қамту, жабдықтарды, ағымдағы жөндеу жөніндегі қызметке ақы төлеу 149 Өзге қызметтер мен жұмыстар 159 Өзге де ағымдағы шығыстар ________________________________________________________________
Басқа 9
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 223 қаулысына N 3 қосымша Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң 2003 жылы бiр мемлекеттiк қызметшіге жұмсалатын ағымдағы шығындарының нормативi _________________________________________________________________ |Мемлекеттiк облыстық органдар үшін |жылына 1 мемлекеттiк қызметшіге |жұмсалатын ағымдағы шығыстарының |нормативi, мың теңге _________________________________________________________________ 1 топ 950 Облыс әкiмiнiң аппараты сонымен бiрге ғимаратқа қызмет көрсету және көлiк қызметi 1100 2 топ 600 3 топ 480 _________________________________________________________________
Басқа 10
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 223 қаулысына N 4 қосымша Қала және аудан бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың 2003 жылы бiр мемлекеттiк қызметшісіне жұмсалатын ағымдағы шығыстар нормативi __________________________________________________________________ | Жылына бiр қызметкерге жұмсалатын | ағымдағы шығыс нормативi (мың теңге) |_______________________________________ |Қалалық мемлекеттiк|Аудандық мемлекеттiк | органдар үшiн | органдар үшiн ___________________________________________________________________ 1 топ 680 500 2 топ 480 390 3 топ 390 340 ___________________________________________________________________