О противопаводковых мерах в весенний период 2003 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 31.12.2004 № а-1/332 қаулысымен. Еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауыл шаруашылық жерлерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы облыстық штаб облыс әкімінің орынбасары А.С.Сейітжановтың басшылық етуімен құрылсын (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Ақмола облысының аумағында 2003 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындалу бойынша шаралар жоспары бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдігі, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (Қанапьянов І.А.), Есіл бассейндік су шаруашылығы басқармасы (Ашенов Ғ.Ә.), облыстық ауыл шаруашылық басқармасы (Үйсінбаев А.С.), және барлық мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдар:
Тармақша 1
1) көктемгі тасқын суды қатерсіз өткізу, өзендердің арналарын, су ағызатын құрылыстарды тазалау жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 2
2) су қоймаларын, су толтырғыш жылғаларды, бөгеттерді және тоғандарды дайындасын, су тазартатын құрылыстардың, ағын суларды сүзгіден өткізетін канализация жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) облыстың барлық шаруашылық кешендері саласының бірқалыпты тіршілігіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар кешенін орындасын;
Тармақша 4
4) су тасқыны немесе су басып кету қаупі туындаған жағдайда сақтану туралы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін және тұрғындарды құлақтандыратын сызбаны жасайтын болсын;
Тармақша 5
5) кенеттен болатын апат салдарын жою үшін жұмылдыратын күшті және құралдарды үнемі дайындықта ұстасын және анықтасын, авариядан-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде олардың әрекет ету тәртібін белгілесін;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған техникалар үшін қажетті жанар-жағар май материалдарының қорын жасасын;
Тармақша 7
7) көктемде қауіп және төтенше жағдайларды туындаған жағдайда қимыл жасауды дайындау бойынша қызметтермен және құрамалармен сабақ, жаттығулар өткізсін.
Тармақ 4
4. Аудандар мен қалалардың әкімдігі өздерінің қаулылармымен ведомстволық қарасты аумақтарда тасқын суға қарсы штабтар құрсын, тасқын су кезіндегі төтенше жағдайларды жою мен оның алдын алу бойынша іс-әрекет жоспарын жасауды қарастырсын, құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күштер мен қаражатты анықтасын. Штаб мүшелері мен жауапты лауазымды адамдардан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырсын. Қолданған шаралардың барысы туралы 2003 жылғы 1 сәуірге дейін хабарласын.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.) үстіміздегі жылы тасқын суға қарсы шараларды, соның ішінде облыс аумағында мониторинг және гидрометеорологиялық жағдайды ұйымдастыруды қаржыландыруға қажетті қаражат бөлуді қарастырсын.
Тармақ 6
6. Дайындалу шараларының орындалуын 2003 жылғы 1 сәуірге дейін аяқтасын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары - тасқын суға қарсы облыстық штабтың бастығы А.С.Сейітжановқа жүктелсін.
Басқа 15
Ақмола облысы әкімдігінің «2003 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» 2003 жылғы 27.02. №а-2/61 қаулысына қосымша № 1 Облыстық су тасқынына қарсы штабтың құрамы Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы облыс әкімінің орынбасары - штабтың бастығы Қанапьянов Ілияс Ахметжанұлы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы - штаб бастығының орынбасары Штаб мүшелері: Авраменко Владимир Иванович «Көкшетаувзрывпром» мемлекеттік өндірістік басқармасының бастығы Ашенов Ғазиз Әбуұлы Есіл бассейндік су шаруашылық басқармасының бастығы Байғожин Арон Серікұлы облыстық суда құтқару қызметінің бастығы Даниленко Николай Иванович облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасы бастығынын орынбасары Бегишев Роберт Гумарович «Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша орталықтың» директоры Үйсінбаев Асқарбек Съезбекұлы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Жолдаспаев Болат Жұмағұлұлы облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы Қажкенов Акан Саттыбаевич облыстық ішкі істер бас басқармасы бастығының орынбасары Қуанышбеков Ермек Болатұлы облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Қалабаев Құрманхан Бұхарбайұлы қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасының бастығы Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинович облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Құлышов Бегәлі Шорманұлы «Қазақавтодор» РМК Ақмола облыстық филиалының директоры Шамиғанов Бақыт Сабитұлы ЖАҚ «НК КТЖ» филиалының Ақмола теміржол тасымалы бөлімшесінің бастығы Нұрманов Абай Жорабекұлы облыстық әскери комиссар Новиков Олег Анатольевич «АРЭК» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Петрищев Валерий Николаевич «Астана-Су» РМК-ның директоры Савицкий Дмитрий Емельянович облыстық қаржы басқармасының бастығы Ташметов Қасымжан Қалымжанұлы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның бас мемлекеттік санитар дәрігері
Басқа 16
Ақмола облысы әкімдігінің «2003 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» 2003 жылғы 27.02. №а-2/61 қаулысына қосымша № 2 Ақмола облысының аумағында 2003 жылдың көктем кезеңінде су тасқынын апатсыз өткізу және дайындау бойынша шаралар жоспары Рет саны Шаралар атауы Орындау мерзімі Орындаушылар 1. Қалаларда, аудандарда су тасқынына қарсы штабтар құрылсын, тұрғын үйлерді, шаруашылық объектілерін су басып кету, су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолдансын, облыс халқының және объектілерінің қалыпты тіршілігіне қолайлы жадай қамтамасыз етілсін. 01.04.03 ж. дейін Қалалар мен аудандардың әкімдері 2. Төтенше жағдайлардың алдын-алу, халықты, аумақты және шаруашылық объектілерін көктемгі су тасқыны кезеңінде су басып кету және су астында қалудан қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспары әзірленсін. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар құрамалары, авариядан қорғау қызметтері және күштері, облыстық, қалалық және аудандық жедел әрекет отрядтары дайындыққа келтірілсін. Оларды жеке құраммен, керекті техникамен, құрал-сайманмен және мүлікпен жабдықтау қамтамасыз етілсін. 01.04.03 ж. дейін Қалалар мен аудандардың әкімдері, АҚ және ТЖ қызметінің, шаруашылық объектілерінің басшылары, облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы 3. Көктемгі кезеңде жолдың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, су өткізетін құрылыстарды (құбырлар және көпірлер) тазалау бойынша қажетті жұмыстар жүргізілсін. Жанар-жағар май материалдарының, қажетті материалдық-техникалық құралдарының (құрылыс материалдары, ағаш, тас, қиыршық тас, құм, қапшық ыдысы) қоры жасалсын. Су тасқыны кезеңінде жол техникаларының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленсін. Жолдың жамылғы түрлеріне байланысты облыстық автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының барлық түрлерінің үдемелі және жылдам қозғалысы шектелсін. Жолдардағы жағдайды анықтап және бағалап отырсын, төтенше жағдайлар туындап, қауіп туғызғын кезде уақытша автокөлік құралдарының қозғалысын шектеу немесе тоқтату, автожолдардың ең қауіпті участоктарына қосымша жол ескертпе белгілерін қою туралы шешім қабылдасын және ол жөнінде облыстық су тасқынына қарсы штаб басшылығына білдіретін болсын. Су тасқынының барлық кезеңіне Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Қазақавтодор» РМК-ның Ақмола облыстық филиалы, облыстық ішкі істер басқармасы, жол ұйымдарының басшылары 4. Тұрғындарды, ауыл шаруашылық малдарын және бағалы материалдарды қауіпті және ТЖ аумағынан көшіру мүмкіндігі үшін автокөлік техникаларының, жүзу құралдарының дайындығы қамтамасыз етілсін, оларды көшіретін жерлер дайындалсын. 20.03.03 ж. дейін Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Жолаушыларды көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру бойына орталық», облыстық судан құтқару қызметінің басшылары 5. Жарылғыш материалдардың қоры жасалсын, жарғыштардың мобильді топтары дайындалсын. Жарылыс жұмыстары жүргізілетін жерлердегі шаруашылық басшыларымен шарт жасалсын. Облыс кәсіпорындарының, ұйымдарының және шаруашылықтарының өтінімдері бойынша мұз ағыны кезеңінде өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін. 20.03.03 ж. дейін «Кокшетаувзрывпром» мемлекеттік өнеркәсіп басқармасы 6. Теміржол құрылыстарының, дренаж құрылғысының жайы тексерілсін. Теміржолдардағы, көлік жолдарындағы қарды, мұзды тазалау, су өткізетін тетіктерді тазарту (көпір және жүріп өту көпірлері, ирригациялық құрылыстар) жүргізілсін. Қажетті салғырт материалдар қоры жасалсын. Су тасқыны кезеңінде қауіпті участоктарда кезекшілік ұйымдастырылсын. 01.04.03 ж. дейін «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола теміржолы тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша) 7. Ауыл шаруашылық малдары үшін жем-шөп қоры жасалсын. Алдын алу шаралары өткізілсін және астық қоймаларындағы астықты көктемгі су тасқынынан және суда қалудан сақтау қамтамасыз етілсін. Мал қораларында және қоймаларда, астық сақталатын орындарда қар тазалау жұмысын жүргізу дер кезінде қамтамасыз етілсін. 01.04.03 ж. дейін Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, астық қабылдау кәсіпорындарының иелері және басшылары 8. Вячеслав, Сілеті, Шағалалы су қоймаларының, Преображенск гидроузелінің, бөгеттердің және тоғандардың техникалық жағдайлары мұқият тексеруден өткізілсін. Олардың су өткізу тетіктерінің даярлығы мен дайындық дәрежесі анықталсын. Тоғандардың беріктігін күшейту үшін жөндеу-қалпына келтіру, көтергіш механизмдерін жұмыс жағдайына келтіру жұмыстары жүргізілсін. Су тасқыны кезеңінде су қоймаларында авария бригадаларының автокөлікпен тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылсын. Су қоймаларын күзету маманданған күзетшілер бөлімшелері мен қамтамасыз етілсін. Су жүйелерін тәулік бойы күзету ұйымдастырылсын. Су қоймаларында су көтерілуін, су түсуін тәулік сайын тіркеу жүргізілсін және облыстық су тасқынына қарсы штаб басшылығына күн сайын ақпарат тапсырып отырсын. 20.03.03 ж. дейін Қалалар мен аудандардың тасқын суға қарсы штабтары, «Астана-Су» РМК-сы, «Көкшетау горводоканал» МК 9. Елді мекендермен, аса маңызды гидротехникалық құрылыстармен және шаруашылық объектілермен тұрақты және үзіліссіз радиотелефон байланысы қамтамасыз етілсін. Қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттерді қорғау қамтамасыз етілсін. Су тасқынында қалатын шаруашылықтармен, облыстың негізгі гидрожүйелерімен (Вячеслав, Сілеті, Шағалалы) байланыс жасайтын резерв көздері көзделсін. Су тасқынының барлық кезеңінде Ақмола облыстық телекоммуникация (келісім бойынша) 10. Облыстың қалалары мен аудандарына сенімді электр қуатын үзіліссіз және сенімді беріп тұру қамтамасыз етілсін, электр қуатын беретін жүйелерді қорғау бойынша қажетті шараларды, судан сақтандыру және жерде орналасқан подстанциялардың энергетикалық құралдарын қорғауды жүргізетін болсын. Су тасқынының барлық кезеңінде «АРЭК» ЖАҚ (келісім бойынша) 11. Су тасқынына қарсы шаралардың орындалуына бақылау және жалпы үйлестіру қамтамасыз етілсін. Төтенше жағдайларды заңға сәйкес жою үшін олардың қай меншік түріне жататындығына қарамастан материалдық-техникалық ресурстар жұмылдырылсын. Облыс тұрғындарын облыстық теледидар, радио және баспасөз бойынша су тасқыны кезеңінде мүмкін болатын төтенше жағдайлар және бола қалған жағдайда қимыл жасау тәртібі туралы мерзімді хабарлап отыратын болсын. Су тасқынының барлық кезеңінде ТЖ жөніндегі облыстық басқармасы 12. Су тасқыны басталғанға дейін өзендердің су режіміне бақылау жасайтын гидрологиялық постарды қимылға келтірсін. Су қоймаларында, тоғандарда, өзендерде судың көтерілуін, түсуін тәулік сайын тіркеу жүргізілсін және облыстық су тасқанына қарсы штаб басшылығына ақпарат беріп отырсын. Су тасқынының барлық кезеңінде Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Астана-Су» РМК-сы, «Кокшетау горводоканал» МК, Есіл бассейндік су шаруашылығы басқармасы 13. Су тасқыны өткен кезде су астында қалған, суға шайылған елді мекендердегі емдеу мекемелерінде дәрілердің, медицина мүліктерінің қорын жасау қамтамасыз етілсін. Су тасқыны кезеңінде облыс аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау күшейтілсін. Су тасқынының барлық кезеңінде Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 14. Су тасқыны басталғанға дейін өзендердін су режіміне бақылау жасайтын гидрологиялық постар қимылға келтірісін. Елді мекендерді су басу, су астында қалдыру қаупі туралы жедел хабар берілсін. Облыстық су тасқынына қарсы штаб басшылығына қардың қоры, өзендердің гидрологиялық режимі және басқа су объектілерінің жайы туралы күн сайын ақпарат беріп тұрсын. 20.03.03 ж. дейін Гидрометеорология және мониторинг бойынша Ақмола орталығы 15. Су тасқыны кезеңінде құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық ресурстардың, автокөлік және инженерлік техникалардың резерві анықталсың. Су тасқынының барлық кезеңінде Қалалар мен аудандардың әкімдері, шаруашылық объектілерінің, кәсіпорындарының, ұйымдардың басшылары