О Правилах оказания единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан на 2003 год Қолданыста
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы материалдық көмек көрсетудің 2003 жылға арналған Ережесi туралы
Аудан бюджетiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлген азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы материалдық көмек көрсету туралы Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Басқа 3. Азаматтардың жекелеген санаттарына
бiр жолғы материалдық көмек көрсетудiң
2003 жылға арналған Ережесi
Федоров ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 17 наурыздағы
№ 59 қаулысына
қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына
бiр жолғы материалдық көмек көрсетудiң
2003 жылға арналған Ережесi
Осы Ереже мәслихаттың «Федоров ауданының 2003 жылға арналған бюджетiн бекiту туралы» 2002 жылғы 25 желтоқсандағы № 92 шешiмiне сәйкес әзiрлендi, мемлекеттiк реестрде 2003 жылғы 7 қаңтарда № 1956 болып тiркелген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы материалдық көмектi осы Ережеде белгiленген тәртiпте, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi ведомствоаралық аудандық консультативтiк-кеңесшi комиссияның шешiмi бойынша «Федоров аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» (бұдан әрi басқарма) мемлекеттiк мекеме iске асырады.
Тармақ 2
2. Бiр жолғы материалдық көмек азаматтардың келесi санаттарына берiледi:
Тармақша 1
1) 1, 2 және 3-топтағы мүгедектерге, Чернобыль атомдық электр станциясы апатын жою жөнiндегi жұмыстарға байланысты мүгедек болып қалғандарға 20 есеп көрсеткiштiң мөлшерiнде;
Тармақша 2
2) 16-жасқа дейiнгi мүгедек балаларға мүгедектер Күнiне арналып 500 теңге мөлшерiнде;
Тармақша 3
3) табысы аз, жан басына шаққандағы табысы кедейлiк шегiнен аспайтын және басқармада есепте тұрған емделуге мұқтажды отбасыларының азаматтарына;
Тармақша 4
4) туберкулезбен ауратындар, емделуге мұқтажды азаматтар.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 19.07.2003 № 143 қаулысымен.
Тарау 2. 2. Бiр жолғы материалдық
көмектi тағайындау тәртiбi
2. Бiр жолғы материалдық
көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 3
3. Өтiнушi басқармаға жазбаша өтiнiш ұсынады және оны алуға құқығын дәлелдейтiн құжаттарды ұсынады.
Өтiнушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтiнiш пен құжаттарда көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыс болуына жауап бередi.
Тармақ 4
4. Өтiнушiнiң барлық қажеттi құжаттарды және өтiнiштi бергеннен кейiнгi 10 күннiң iшiнде, әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi аудандық консультативтiк-кеңесшi ведомствоаралық комиссиясы, оны тағайындауға немесе бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Бас тарту жағдайында өтiнушiге оның себептерi көрсетiлген жазбаша түрде хабардар берiледi.
Тармақ 5
5. Бiр жолғы материалдық көмектi тағайындауға қажет құжаттардың жоқ болуы оны тағайындалуынан бас тартады.
Тарау 3. 3. Қажеттi құжаттар тiзбесi
3. Қажеттi құжаттар тiзбесi
Тармақ 6
6. Бiр жолғы материалдық көмек тағайындауға қажет құжаттар:
Тармақша 1
1) Өтiнушiнiң, мүгедек-баланы асыраушы ата-аналардың, (ұл) (қыз) қамқоршының (бұдан әрi өтiнушi) мекен жайы бойынша банктегi жеке шотының нөмiрi көрсетiлген, көмек көрсету туралы жазбаша өтiнiшi;
Тармақша 2
2) Өтiнушiнiң жеке басын куәландырылатын құжаттың көшiрмесi;
Тармақша 3
3) Өтiнушiнiң мәртебесiн куәландыратын (куәлiк, медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының анықтамасы, медициналық қорытындылар) құжаттың көшiрмесi;
Тармақша 4
4) Мүгедек баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
Тармақша 5
5) Емделу қажеттiгi туралы емдеу мекемелерiнiң анықтамасы;
Тармақша 6
6) Мекен жайы бойынша анықтама;
Құжаттар түпнұсқа және көшiрме түрiнде салыстыру үшiн басқармаға ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқасы тексеруден өткеннен кейiн өтiнушiге қайтарылады. Басқарманың қызметкерлерi құжаттардың көшiрмелерiне қол белгiлерiн қояды және оларды iске тiркейдi.
Тарау 4. 4. Бiр жолғы материалдық көмектi төлеу
4. Бiр жолғы материалдық көмектi төлеу
Тармақ 7
7. Бiр жолғы материалдық көмек аудандық бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
Тармақ 8
8. Басқарма бiр жолғы материалдық көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн қалыптастырады және аудандық қаржы басқармасына оларды қаржыландыру үшiн өтiнiм бередi.
Тармақ 9
9. Бiр жолғы материалдық көмек заңдарда белгiленген тәртiпте операциялардың барлық түрi бойынша конкурстан өткен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар ұйымдар басқарманың тiзiмi бойынша жеке есеп шотына аудару жолымен ақшалай түрде берiледi.
Тармақ 10
10. Қаражаттың жетiспеу жағдайында бiр жолғы материалдық көмек өтiнiштiң хронологиялық тiркеу тәртiпте төленедi.