Об утверждении ставок платы за загрязнение окружающей среды на 2003 год Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2003 жылға арналған ақы мөлшерлерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 14.12.2004 № 139 шешімімен. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462 бабына, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160-1 Заңының 10-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2003 жылға арналған ақы мөлшерлері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихат сессиясы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге және облыстық мәслихаттың экономика, басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2003 жылға арналған ақы мөлшерлері
Қостанай облыстық мәслихатының 2003 жылғы 19 ақпандағы № 260 шешімімен бекітілген Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2003 жылға арналған ақы мөлшерлері
Тармақ 1
1. Қоршаған табиғи ортаға ластағыш заттардың нормативтік шығарылуы (тасталу) мен өндіріс қалдықтарының орналастырылуы және тұтынуы үшін: 1) Ластағыш заттарды атмосфераға шығарғаны үшін 1 шартты тоннасына 220 теңге 2) Ластағыш заттарды су объектілеріне тастағаны үшін: балық шаруашылық мақсаттары үшін пайдаланылатын шаруашылық-ауыз суымен жабдықтаушы жер бетіндегі су айдындарына су жинағыштарға, сүзгіш танаптарына, жер бедеріне 1 шартты тоннасына 29500 теңге 1 шартты тоннасына 26818 теңге 1 шартты тоннасына 21455 теңге Тұрғындардан ағын суларды тастауды жүзеге асыратын табиғатты пайдаланушыларға төлемді төлеу кезінде К=0,5 төмендеткіш коэффициентін қолдану керек. Табиғатты пайдаланушыларға шартты тонналарды келтіру коэффициенттерін «Қоршаған ортаны қорғаудың облыстық аумақтық басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісуі керек. 3) Полигонның қалған қызмет ету мерзімі ескерілмей, жеке жайластырылған полигондар болғанда қоршаған ортада өнеркәсіп қалдықтарын орналастырғаны үшін: аршылған жыныстар және құрамында асбесі бар қалдықтар қауіпсіз уытты аз уытты самарқау уытты жоғары қауіпті төтенше қауіпті 5 сынып 4 сынып 3 сынып 2 сынып 1 сынып 1 текше м 0,3 теңге 1 текше м 0,6 теңге 1 текше м 1,2 теңге 1 текше м 4,8 теңге 1 текше м 9,6 теңге байыту қалдықтары қауіпсіз уытты аз уытты самарқау уытты жоғары қауіпті төтенше қауіпті 5 сынып 4 сынып 3 сынып 2 сынып 1 сынып 1 текше м 1,2 теңге 1 текше м 2,4 теңге 1 текше м 4,8 теңге 1 текше м 19,2 теңге 1 текше м 38,4 теңге күл және күлшлак қалдықтары қауіпсіз уытты аз уытты самарқау уытты жоғары қауіпті төтенше қауіпті 5 сынып 4 сынып 3 сынып 2 сынып 1 сынып 1 текше м 7,5 теңге 1 текше м 15,0 теңге 1 текше м 30,2 теңге 1 текше м 120,0 теңге 1 текше м 240,0 теңге 4) Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қатты тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын орналастырған үшін: қатты тұрмыстық қалдықтары және өндіріс қалдықтары қауіпсіз уытты аз уытты самарқау уытты жоғары қауіпті төтенше қауіпті 5 сынып 4 сынып 3 сынып 2 сынып 1 сынып 1 текше м 110 теңге 1 текше м 220 теңге 1 текше м 440 теңге 1 текше м 1760 теңге 1 текше м 3520 теңге Тұрғындардан тұрмыстық қалдықтарды, сондай-ақ елді мекендердің көшелерін жинаудан, тазартудан жинақталған қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын табиғатты пайдаланушыларға төлемдер есеп айырысу К=0,5 төмендеткіш коэффициентін қолдану. Жеке жайластырылған күл қалдықтарын тастайтын орын болмағанда: күл және күлшлак қалдықтары қауіпсіз уытты аз уытты самарқау уытты жоғары қауіпті төтенше қауіпті 5 сынып 4 сынып 3 сынып 2 сынып 1 сынып 1 тоннаға 50 теңге 1 тоннаға 100 теңге 1 тоннаға 200 теңге 1 тоннаға 800 теңге 1 тоннаға 1600 теңге 5) Радиоактивтік қалдықтарды нормативтен тысқары (6 айдан артық) сақтау үшін төлем ҚР Экология және биоресурстар министрінің бірінші орынбасары 1997 жылғы 12 наурызда бекіткен «Радиоактивтік заттарды табиғи ортаға шығарылу (тасталу) және орналастырғаны (сақтағаны және көмгені) үшін төлемдер төлеуді анықтаудың әдістемесіне» сәйкес төмендегі кесте бойынша жүзеге асырылады: № Өнім түрі Бірлігінің құны (теңге) 1 Радиоизотоптық жабдықтың гамма-басы 2891 2 Түтіннің  радиоизотоптық хабаршысы (ТРХ, ЖХ) 243 3 Статистік электрлендіруді бейтараптауыш (СЭБ-200,400) 243 4 Ампулдық көздер, оның ішінде:  0,0001 Ки белсенділігі артық гамма-сәулесі нейтрондық көздер 1849 6317 5 Гамма-терапевтік басы 29184 6) Қозғалғыш көздерінің жанармай жаққанда шығарылу  ластағыш заттары үшін: дизельдік отын этильденген бензин этильденбеген бензин сығымдалған табиғи газ 1 тоннасы үшін 450 теңге 1 тоннасы үшін 360 теңге 1 тоннасы үшін 300 теңге 1 тоннасы үшін 180 теңге
Тармақ 2
2. Кәсіпорындардан жинақталатын қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемінің нормасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16 ақпандағы № 31 «Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтердің шығындау нормаларын бекіту туралы» шешімінің 6 қосымшасына сәйкес белгіленеді. Мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, медициналық мекемелер, ұйымдар, әкімшілік ғимараттар үшін қалдықтарды белгілеу нормалары ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 «Бюджет қаражатынан және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» қаулысына сәйкес қабылданады.