О поддержке сельхозтоваропроизводителей на период проведения весенне-полевых и уборочных работ 2003 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2003 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу кезеңінде қолдау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2004 № 120 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 70 «2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын орындау мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер 2003 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрілегіштер, ауылшаруашылық машиналарға қосалқы бөлшектер сатып алу және ауылшаруашылық техникасын жалдау немесе сатып алу үшін «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін несиелеу бағдарламасы бойынша Қостанай облысы бюджетінің қаражаты есебінен несиелеу ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 5 ақпандағы № 18 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2003 жылдың коктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу кезеңінде қолдау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркеу нөмірі № 2018, 2003 жылғы 12 наурыздағы № 28 «Қостанай таңы» газеті, 2003 жылғы 26 наурыздағы № 45-46 «Костанайские новости» газеті).
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімиятынын 2003 жылғы 17 ақпандағы № 28 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2003 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізуге арналған несиелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысының 1-тармағы алынып тасталсын (тіркеу № 2018, 2003 жылғы 12 наурыздағы № 28 «Қостанай таңы» газеті, 2003 жылғы 26 наурыздағы № 45-46 «Костанайские новости» газеті).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.
Басқа 5. Қостанай облысының бюджет қаражатынан «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша несиелеу ережелері
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 60 қаулысына қосымша Қостанай облысының бюджет қаражатынан «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша несиелеу ережелері Осы ережелер 2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрілегіштер, ауылшаруашылық техникасын жалдау немесе сатып алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Ережелер).
Тарау 1. 1. Негізгі түсініктер
1. Негізгі түсініктер Бағдарламаның әкімгері - қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен анықталатын, бюджеттік бағдарламаның негізделуі мен іске асырылуына жауапты және тиісті бюджет қаражатынан қаржыландыратын мемлекеттік орган. Қарызгер-банк - Екінші сатыдағы немесе банктық басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, соңғы қарызгерлерді одан әрі несиелеуге сәйкес бюджеттерден бюджеттік несие алатын банк. Соңғы қарызгер - іс-әрекеті ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты және өндірістің негізгі құралы жер болып табылатын, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысып жатқан заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ауылшаруашылық тауар өндірушілер. Несиегер - облыстық (аудандық, қалалық) әкімият. Жеткізуші - Соңғы қарызгерлерге өнімді жеткізуін қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлға. Өнім - жанар-жағар май материалдары, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрілегіштер, ауылшаруашылық машиналарға қосалқы бөлшектер және ауылшаруашылық техника.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Несие жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен қарастырылған сомалар шамасында облыстық (аудандық, қалалық) бюджет қаражатынан беріледі.
Тармақ 2
2. Бюджеттік несиелеудің шарттары: беру нысаны бойынша - қысқа мерзімді несиелер; сыйлықақы беру мөлшері - нөлдік; несиенің валютасы - теңге.
Тармақ 3
3. Мерзімі бойынша, Қарызгер-банк несиені қайтару тәртібінің шарттары Несиегер мен Қарызгер-банк арасында жасалған келісім-шартында анықталады.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдармен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жасалатын несиелік келісім-шарттар Қостанай облысының Қаржы департаментінде үш күндік мерзімде тіркелуі қажет.
Тарау 3. 3. Қарыз алушыларды несиелеу тетігі
3. Қарыз алушыларды несиелеу тетігі
Тармақ 5
5. Несиегер республикалық бюджеттен түскен және (немесе) өз қаржыларын бюджеттік бағдарлама Әкімгері арқылы Несиегер мен Қарызгер-банк арасындағы жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыштар, тұқым дәрілегіштер, ауылшаруашылық машиналарға қосалқы бөлшектер сатып алуға және ауылшаруашылық техниканы жалға алу немесе сатып алу үшін Соңғы қарызгерді нөлдік сыйақымен несилеу келісім шарты негізінде қаржы бөлу.
Тармақ 6
6. Қарызгер-банк ішкі несиелеу саясатына сәйкес Соңғы қарызгерді несиелеуді тікелей жүзеге асырады. Несиелеу Қарызгер-банк Өнім Жеткізушіге аударылатын соммадан Соңғы қарызгермен Жеткізушінің арасында жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Қарызгер-банкпен Өнім Жеткізушіге аударылған сома Соңғы қарызгердің Қарызгер-банк алдындағы несиелеу қарызы болып табылады.
Тарау 4. 4. Несиелеу шегін анықтау
4. Несиелеу шегін анықтау
Тармақ 7
7. Облыстың аудандары мен қалалары бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен берілетін несиелік қаражаттың шектік көлемін Несиегер белгілейді.
Тарау 5. 5. Қарызгер-банкті анықтау тәртібі
5. Қарызгер-банкті анықтау тәртібі
Тармақ 8
8. Қарызгер-банк екінші сатыдағы банктар арасында Соңғы қарызгерді несиелеу жөніндегі қаржы агентін анықтау конкурс нәтижесінде анықталады.
Тарау 6. 6. Жеткізушілерді анықтау тәртібі
6. Жеткізушілерді анықтау тәртібі
Тармақ 9
9. Өнім Жеткізуші Соңғы қарызгермен анықталады.
Тармақ 10
10. Егер Соңғы қарызгермен Өнім Жеткізуші өз бетінше анықталмаса, ол Өнімді конкурстық комиссиямен анықталған Жеткізушіден сатып алуға құқылы.
Тармақ 11
11. Конкурстық комиссияның құрамы облыс әкімиятымен бекітіледі. Жеткізушілерге, олар конкурста қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар қажетті материалды-техникалық база және жеткізу, сақтау мен өнім жіберу үшін инфрақұрылымы бар немесе мүмкіндігі бар (жалдау, лизинг, сақтау жауапкершілігі туралы келісім-шарт) болуы болып табылады. Сондай-ақ конкурстық құжаттармен анықталған басқа талаптар ұсынуға болады.
Тармақ 12
12. Конкурс жеңімпазын анықтаудағы негізгі критериялары Өнімнің бағасы мен оны жеткізу мерзімі болып табылады. Конкурстық комиссия қажет болған жағдайда жеңімпазды анықтаудың басқа критерияларын орнатуға құқығы бар.
Тармақ 13
13. Соңғы қарызгер мен Жеткізуші олардың арасындағы қатынасты реттейтін Келісім жасайды.
Тарау 7. 7. Қорытынды ережелер
7. Қорытынды ережелер
Тармақ 14
14. Бөлінетін несиелік қаражаттардың мақсатына қарай пайдалануына және оларды белгіленген мерзімде өтеуіне бақылау жасау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.