Об утверждении Правил субсидирования производства оригинальных семян на 2003 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бiрегей тұқымдарды өндiрудi субсидиялаудың 2003 жылға арналған ережесiн бекiту туралы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына сәйкес және отандық ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiрушiлердi қолдау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Бiрегей тұқымдарды өндiрудi субсидиялаудың 2003 жылға арналған ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Бiрегей тұқымдарды өндiрудi субсидиялаудың 2003 жылға арналған ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 365 қаулысымен бекiтiлген Бiрегей тұқымдарды өндiрудi субсидиялаудың 2003 жылға арналған ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 058 "Бiрегей тұқымдарды өндiрудi субсидиялау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және соның шегінде ауыл шаруашылығы өсiмдіктерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiрудi субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Субсидиялар Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген және (немесе) перспективалы деп танылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерінiң сорттары бiрегей тұқымдарының нақты өндiрілген көлемi үшiн белгiленген тәртiппен аттестатталған бiрегей тұқымдарды өндiрушiлерге (бұдан әрi - оригинаторлар) төленедi.
Тармақ 3
3. Бiрегей тұқымдарды өндiрудi субсидиялау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) белгiлеген квоталар мен тұқымдардың әрбiр түрi бойынша шығыстар шеңберiнде ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттың есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырылады. Квота элиталық тұқымдарды алу үшiн оларды өндiрудің ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес бiрегей тұқымдардың әрбiр түрi бойынша әрбiр оригинаторға белгіленедi.
Тармақ 4
4. Бiрегей тұқымдықтың әрбiр түрiне арналған субсидиялар нормативтерi қосымшаға сәйкес белгіленедi. Бiрегей тұқымдарды көбейту жылдары мен сорттары бойынша субсидиялар мөлшерiн бiрегей тұқымдардың әрбiр түрi үшiн субсидиялардың белгiленген нормативi шегiнде Ауылшарминi белгілейдi.
Тарау 2. 2. Бiрегей тұқымдарды өндiруге субсидиялар төлеу тәртiбi
2. Бiрегей тұқымдарды өндiруге субсидиялар төлеу тәртiбi
Тармақ 5
5. Өндiрiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарына субсидия алу үшiн:
Тармақша 1
1) оригинаторлар 2003 жылғы 20 қарашаға дейiнгi мерзiмде белгiленген квоталар шегінде бiрегей тұқымдарды өндiру фактiсiн растайтын, Ауылшарминiнің облыстық аумақтық органы (бұдан әрi - облыстық аумақтық басқарма) бекiткен құжаттарды Ауылшарминiне тапсырады;
Тармақша 2
2) бекiту үшiн оригинаторлар облыстық аумақтық басқармаларға мына құжаттарды: бiрегей тұқымдардың нақты өндiрiлген көлемдерi жөнiндегi екi данадағы тiзiлiмдi: бipeуі - облыстық басқарма үшiн, екіншісі - Ауылшарминi үшiн; бiрегей тұқымдарды кiрiске алу актiсiн; бiрегей тұқымдардың егiстерiн сынақтан өткiзу актiлерiн; егістіктердi сынақтан өткізу туралы eкі данадағы есептi: бipeуi - облыстық аумақтық басқарма үшiн, екiншiсi - Ауылшарминi үшiн; тексерiлген бiрегей тұқымдардың саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен атестатталған тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың анықтамасын тапсырады;
Тармақша 3
3) облыстық аумақтық басқармалар тапсырылған құжаттарды тексередi, оригинатор нақты өндiрген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөніндегі тiзiлiмдi бекiтедi, облыс бойынша нақты өндiрiлген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөнiнде жиынтық тiзiлiм жасайды және көрсетiлген құжаттарды осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген құжаттардың түпнұсқаларымен қоса Ауылшарминiне жiбередi. Оригинатор нақты өндiрген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөніндегi бекiтiлген тiзiлiмнің, облыс бойынша өндірiлген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, бiрегей тұқымдар егiстiгiн сынақтан өткiзу актiлерiнің және егiстiктердi сынақтан өткiзу туралы есептің бiр данасы облыстық аумақтық басқармада сақтауға қалдырылады;
Тармақша 4
4) Ауылшарминi тапсырылған құжаттарды тексередi, республика бойынша бiрегей тұқымдардың нақты өндiрiлген көлемi жөнiнде жиынтық акт жасайды және белгiленген субсидиялар нормативтерi негізiнде оригинаторларға тиесілi бюджет ақшасының көлемiн айқындайды, субсидия төлеу үшiн ведомост жасайды және республикалық бюджеттен қаражат түсуiне қарай тиесiлi сомаларды оригинаторлардың есеп айырысу шоттарына аударады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің аумақтық органына Ауылшарминi мына құжаттарды: субсидияларды төлеуге арналған ведомостi; ақы төлеу шотын тапсырады;
Тармақша 5
5) оригинатор нақты өндiрген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөнiндегi тiзiлiм, облыс бойынша нақты өндiрiлген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, республика бойынша нақты өндiрiлген бiрегей тұқымдардың көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң нысандарын, тексерiлген бiрегей тұқымдардың саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен атестатталған тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың анықтамасын, бiрегей тұқымдарды кiрiске алу актiсiн, субсидия төлеуге арналған ведомостарды Ауылшарминi белгілейдi.
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi бiрегей тұқымдарының әрбiр түрiне арналған субсидиялар нормативтерi
Ережеге қосымша Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi бiрегей тұқымдарының әрбiр түрiне арналған субсидиялар нормативтерi ___________________________________________________________________                                 |    Бiрегей      | 1 тоннаға       Өнiмнiң түрi              | тұқымдардың бiр |  арналған                                 |тоннасын өндіруге|  субсидия                                 |    арналған     |нормативтері,                                 |шығындарды өтеу  |    теңге                                 |      %-ы        | ___________________________________________________________________               Өсіру питомниктерi мен аналық нысандар ___________________________________________________________________ Жүгері мен күріштен басқа, астық және дәндi бұршақ дақылдары                          40-қа дейiн       36219 Жүгері                             40-қа дейiн      222000 Күріш                              40-қа дейiн       50880 Күнбағыс                           40-қа дейiн      180000 Басқа майлы дақылдар               40-қа дейiн      108000 Кaртоп                             40-қа дейiн       82890 Жоңышқа                            40-қа дейiн      381600 Басқа көп жылдық шөптер            40-қа дейiн      146400 Бiр жылдық шөптер                  40-қа дейiн       38040 Қант қызылшасы                     40-қа дейiн     1405500 Мақта                              40-қа дейiн       69960 ___________________________________________________________________                             Суперэлита ___________________________________________________________________ Жүгерi мен күрiштен басқа, астық және дәндi бұршақ дақылдары                          40-қа дейiн       7819 Жүгерi                             40-қа дейiн      47915 Күрiш                              40-қа дейiн      10982 Күнбағыс                           40-қа дейiн      38850 Басқа майлы дақылдар               40-қа дейiн      23310 Картоп                             40-қа дейiн      17890 Жоңышқа                            40-қа дейiн      82362 Басқа көп жылдық шөптер            40-қа дейiн      31598 Бiр жылдық шөптер                  40-қа дейiн       8210 Қант қызылшасы                     40-қа дейiн     303354 ___________________________________________________________________